Арнаулы курс «Абайтану» 7 сынып


«Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп»
мемлекеттік мекемсі
Арнаулы курс
«Абайтану»
7 сынып
2014-2015 оқу жылы
Бағдарламаны құрастырушылар: Май ауданы , Көктөбе ауылы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зілкенов Саниял Оразбайұлы
Түсінік хат
Абайтану курсының өзге оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік оқу міндеттері бар. Бағдарламада 7 сыныптағы қазақ әдебиеті пәніндегі тақырыптардан тыс, өз мүмкіндіктеріне қарай ұлы ақынның шығармашылығы бойынша тақырыптар алынды. Абай заманында ақын қолдауымен ел аузында қалған тарихи тұлғалардың шешендік сөздері, ақын шәкірттерінің өлеңдерін іздеп тауып, өзіне берілген шешен, ақын туралы деректерді жинастырумен, зерттеумен шұғылданып, соңынан реферат жазып қорғайды. Абай өлеңдерін жатқа орындаушылар сайысы, Абай шығармалары бойынша шығарма жаздыру сияқты жұмыс түрлері сабақ кездерінде ұйымдастырылып отырады.
Бағдарлама қарастырылатын білім, білік-дағдаларды жетілдіре дамыта түсу мақсатында әр тоқсан соңына қарай өткізілетін қайталаудың өзіндік жүйесі мен әдістемесін анықтайды. Бұл материалдарды салыстыруға, қорытынды жасауға, ұғымдар арасындағы жаңа байланыстар орнатуға, олардың логикалық желісін жүйелеуге мүмкіндік туғызады. Жоспарда ауызша және жазбаша жұмыс түрлерінің үйлесімді қатынасы анықталады.
Мақсаты:
Оқушыларға «Абайтану» курсы жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі рөлін түсіндіру;
Өлеңнің стильдік тармақтары туралы түсініктерін кеңейту;
Көркем сөз нормаларын меңгерту;
Көпшілік алдында сөйлей білу дағдыларын жетілдіру;
Сөйлеу мәдениеті талаптарына лайық сөйлеу шеберліктерін шыңдау.
Міндеттері:
Оқушылардың «Абайтану» курсына деген қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін дамыту;
Оқушылардың рухани-адамгершілік қасиетін байыту және эстетикалық танымын кеңейту, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;
Жазылған мәтінді, ақпаратты түсіне алуын және өз ойын жазбаша жеткізе алу қабілетін дамыту;
Әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Білімі:
- Абайдың эстетикалық жоғары ақын екендігін танып білу;
- Қарапайым, күнделікті пайдаланып жүрген сөздерді әрлендіріп, әдемі айшықтар, рең беріп, образды, бай поэтикалық тіл жасау жолдарын білу;
- Өз ойын барлық нормаға сай, ауызша айтып, жазбаша жаза білу;
- Ойын әр стильде айта білу;
Біліктілігі:
- Белгілі тақырыпқа мәтін құра алу;
- Өз ойын нақты, дәлелмен жаза алу;
- Әр стильдегісөздерді қолдана алу;
- Лирикалық өлеңді ой жүйесіне қарай бөле отырып, цитатпен тақырыпша қою, цитаттың жоспарын құрастыра алу;
7 сынып. Апталық сағат саны 1, жылдық сағаты-34
Р/с Тақырыптар Сағат саны Сабақтың көрнекілігі Пайдаланылатын әдебиеттер
І тоқсан (9 сағат)
1 Абайдың дүниетанымы 2 Әдебиетпен байланыстыру Абай энциклопедиясы
2 Абай. «Қартайды, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу 1 Әдебиетпен байланыстыру Абайдың өлеңдер жинағы
3 Абай. «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» 1 Әдебиетпен байланыстыру Абайдың өлеңдер жинағы
4 Абай. «Адасқанның алды-жөн, арты-соқпақ» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу, мәтіннен үзінді жаттау 1 Әдебиетпен байланыстыру Абайдың өлеңдер жинағы
5 Абай. «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу, мәтіннен үзінді жаттау 1 Әдебиетпен байланыстыру, Халық ауыз әдебиетінің түрлері (мақал-мәтел айтқызу) І.Жансүгіров. «Абайдың сөз өрнегі».1934ж
6 Абай. «Бір дәурен кемді күнге-бозбалалық» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу, мәтін мәнерлеп оқу. 1 Әдебиетпен байланыстыру Ш.Ахметов. «Абайдың сөз қолдану ерекшелігі». 1954 ж.
7 Тіл дамыту. «Абайды оқып таңырқа» 2 Әдебиетпен байланыстыру Абайдың шығармалар жинағы
ІІ тоқсан (7 сағат)
1 Абайтанудың негізін салушы академик жазушы М.Әуезов 2 Жазушы өмірінен ауызша альбом әзірлеу М.Әуезов «Абай жолы»
2 Абайдың мінез-машағы туралы естеліктер 2 Әдебиетпен байланыстыру Абай энциклопедиясы
3 Әбдірахман өліміне («Жиырма жеті жасында») 1 Әдебиетпен байланыстыру Абай энциклопедиясы
4 Абай. «Ғақылия» қара сөзінен 10 сөз, 25 сөзінің тақырыбы мен идеясын ашу, үзінді жаттау 2 Карточкалар, плакат-суреттер Б.Кенжебаев «Абайдың қара сөздері»
ІІІ тоқсан (10 сағат)
1 Ақынның әдеби ортасы мен ақын шәкірттері 2 Ақынның өмірінен альбом әзірлету Абайдың ақын шәкірттері
2 Абай өлеңдеріндегі ақындық өлең өрнектері, сатиралық өлеңдері 1 Әдебиетпен байланыстыру, карточкалар Т.Қожакеев «Абай және сатира» 1970 ж
3 Абай. «Мәз болады болысың» өлеңінің тақырыб мен идеясын ашу, мәтіннен үзінді жаттау 1 Әдебиетпен байланыстыру, карточкалар Абайдың шығармалар жинағы
4 Абай. Күлембайға («Уағалай күмүссәләм»). 1 Әдебиетпен байланыстыру Абайдың шығармалары. 72 бет
5 М.Әуезовтың «Абай жолынан» үзінді оқыту. «Өмірге көзімді ашқан...» Абайдың орыс досы Михайлов бейнесі. 2 Әдебиетпен байланыстыру М.Ақынжанов. «Орыс-қазақ халықтарының тарихи тамырлары» 1951 ж. М.Әуезов «Абай жолы» романы.
6 Абай. «Мен боламын демеңгер» өлеңін мәнерлеп оқу, жаттау 1 Әдебиетпен байланыстыру Абайдың шығармалар жинағы І-том.
7 Абай. «Ойға түстім, толғандым» өлеңінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру, үзінді жаттау. 1 Әдебиетпен байланыстыру Абайдың шығармалар жинағы. «Абай» журналы
8 «Абай шығармалары ұрпақ аузында» 1 Ән сабағымен байланыстыру, домбыра, плакат-сурет Абайдың шығармалар жинағы І-ІІ том
ІV тоқсан (7 сағат)
1 Абай шығармаларын, өлең мәтіндерін талдау жұмыстарын жүргізу. (Троптың түрлерінен алған білім деңгейін кеңейту) 2 Әдебиет пәнімен байланыстыру, карточкалар «Абай тағылымы» (зерттеу еңбектері жинағы) 1986ж. З.Қабдолов. «Сөз өнері»
2 «Атаның емес, адамның ұлымын» (шығарма жазғызу) 2 Әдебиет пәнімен байланыстыру, карточкалар М.Әуезов «Абай жолы» романы
3 Шығарманы тадау 1 4 Абай шығармаларын, әндерін қайталау, мәнерлеп оқуға дағдыландыру 1 Әдебиетпен байланыстыру Абайдың шығармалар жинағы І-ІІ том
Пайдаланылған әдебиеттер:
М.Мырзахметов. «М.Әуезов және Абайтану проблемалары». 1982ж.
«Абай» журналы №1,2,3,4,5.
Абайдың шығармалар жинағы І-ІІ том.
Б.Кенжебаев. «Абайдың қара сөздері».
Х. Сүйіншәлиев. «Абайдың қара сөздері, өнер, тәлім-тәрбие мәселелері».1954ж.
Қазақ тілі мен әдебиет журналдары №10,11,,12,1992ж.
«Абай» журналы №5 1993ж
М.Әуезов. «Абай өмірбаяны». 1940ж.
М.Әуезов. «Абай жолы» романы.