Урок на тему Махамбет ?теміс?лы


Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» Мақсаты:
1.Бүгінгі өскелең ұрпаққа ақынның кім екендігін, оның өлеңдерінің тақырыбын, тарихын аша отырып, ақынды тағыда жаңа қырынан таныту, өлеңдеріне талдау жасату. 2.Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап, ақын поэзиясын насихаттап, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру. 3.Ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Түрі: жаңа сабақ Әдісі: СТО стратегиялары Көрнекілігі: Ақынның портреті, тақырыпқа арналған слайдтар. Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, музыка Барысы: 1.Ұйымдастыру  2. Үй жүмысын тексеру Мұғалім: балалар қазір сендер бір – біріңе «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сұрақтар дайындай қойыңдар. 3.Қызығішылықты ояту. Ой шақыру стратегиясы. Мұғалім: -Қазақ халқының бас бостанығы үшін күрескен кімдерді білесіңдер? Ол ақынның «Тарланым» деген өлеңі бар. Ол осы өлеңін Исатайға арнаған. Оқушылар:.......... Мұғалім: Ия, балалар! Туып өскен жерін, қарыс қадам жері үшін басын бәйгеге тіккен М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына және оның «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдеріне тоқталамыз. 4. Мағынаны тану. ЖИГСО стратегиясы. (10 минут) Білімгерлерді үй тобына бөлу, содан соң жұмыс тобына жіберіп өмірі мен шығармашылын оқуға беру, әр оқушы өз бөлігін оқиды. Алдын ала мәтін төрт бөлікке бөлінген. Үй тобы Жұмыс тобы Тексеруге арналған сұрақтар. №1 1.Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың? №2 1.1828-1831ж. Не болды? 2.Хан жасағын кім бастаған? 3.Исатай жасағы кімнің ауылын шауып алып, кімнің ауылын ойрандайды? 4.Исатай қашан қайтыс болады? №3 1.1840ж. Махамбетті кімдер ұстап алғысы келеді? 2.1841ж Махамбетті тез ұстауға кім бұйрық шығарады? 3.1941ж не болды? 4.Кіші жүздің сұлтаны Арыслан Жанториннің бақылауына неге жіберді? №4 1. Генерал – губернатор не деп жар салды? 2. Махамбетті кім өлтірді? 3. Қай жылы, неше жасында қайтыс болды? (Слайд Махамбет Өтемісұлы) 2.Мұғалім:Ақын өлеңдері бойыңа жігер, рух, күш, жалынды қайрат береді, алға қойған мақсат үшін күресе білуге шақырады. (Слайд Махамбет кім болған?) Оның көптеген күйлері бар.(слайд көрсету) Мұғалім: Балар қазір сендер Махамбет Өтемісұлының күйін тыңдай отырып мынадай тапсырмалар орындайсыңдар. (слайдтан көрсету) 1- топқа тапсырма. 1) «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт. 2) Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап. Жауабы. 1.Мәнерлеп оқиды. Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп,намысын қайрап, күреске шақырады. 2. Сөз тіркестері:ереуіл ат,егеулі найза,алты малта ас,тебінгі жер,түн қатып 2- топқа тапсырма. 1) «Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы айтқан? 2) Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерді тап. Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен өкінішке толы элегиясы 2.Жиі кездесетін сөздер:мырза,ер,оқ,қылыш,дұшпан т.б Мұғалім: Әр топтан бір оқушыдан шығып өз тапсырмаларын тақтада орыдайды. Ә) Тіл дамыту үшін. Мұғалім: М.Өтемісұлы елін, жерін қорғаған, батыр болған екен. Қазір біз сіздермен сергіту мақсатында батырлық, туған жер туралы мақал – мәтелдер жазылған семантикалық картамен жұмыс істейміз. Ішінен ұнаған біреуінің мағынасын ашып беру. (Күй жіберіп қою) Ол үшін арнайы дайындалған семан-тикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын. Мақалдар Көлінен безген қаз оңбас. Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар. Өз жеріңдей қайда бар. Сайының тасы болайын. Пәлен жерде пайда бар, + Өз елімнің басы болмасам да, + Елінен безген ер оңбас, + Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар. + Семантикалық карта №1 Семантикалық карта №2 Мақалдар Би басына дау келсе, билігі кетер басынан. Құс жаңылып торға түсер. Ер жарасыз болмас. Шешен тар жерде сөз бастайды. Ел шарасыз болмас, + Батыр мың қол бастайды, + Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан. + Ер жаңылып қолға түсер, + Мұғалім: Балалар Махамбет: «Өтемістен туған он едік Онымыз атқа қонғанда, Жер қайысқан қол едік» - деп жырлаған екін. Қазір слайдқа көңіл аударып Өтемістің он ағайынының есімдерін көрулеріңе болады. (слайд көрсету) Өтемістен туған он: Бекмағанбет,Махамбет,Тоқтамыс,Қожахмет,Ыбырайым,Әйіп,Хасен, Ысмайыл, Сүлеймен,Досмайыл. 5. Ой толғаныс РАФТ стратегиясы Роль –Махамбет Автор – оқушылар Факт – жолдау Тақырып – Еліміздің өркендеуіне Махамбет сияқты қандай үлес қосар едің «Желтоқсан желі» өлеңін тыңдату. Мұғалім:Тарих беттерін парақтасақ сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама тер төгілді, қаншама адам құрбан болды. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батырлар мерт болды. Бұл арпалыс бір жыл, бір мезет емес талай ғасырларға созылған. Балалар алдымызда келе жатқан Тәуелсіздігіздің 20 жылдығы мен барлықтарыңызды құттықтаймын. Осы Тәуелсіздікке жету үшін қаншама қиындықтардан өттік. 20 жыл бұрын желтоқсан оқиғасына арналған өлеңге назар аударыңыздар. Осы жастар сияқты сендерде елімізге қандай үлес қосар едіңдер. Енді сендер қазір бірге отырып шағын жолдау жаза қойыңдар. 6. Автор орындығы стартегиясы Мұғалім:Топтарыңнан ең ұнағанын таңдап алып , тақтаға шығып оқи қойыңдар. Мұғалім: Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді. Махамбет Махамбет... Білмеймін жел ме,сел ме Жырда онымен бір тұлға теңесер ме? Әділетсіз дүниенің қабырғасын Махамбетше сөгер жан кездесер ме? 7.Бағалау: Білімгерлерді бағалау