Поурочный план по казахскому языку на тему Махамбет ?теміс?лы «?ыз?ыш ??с» ?ле?і
Қазақ әдебиеті. 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңіСабақтың мақсаты: М.Өтемісұлының ақындық шеберлігін таныту,оқушылардың танымдық біліктілігін арттыру.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.Махамбет бойындағы ерлікті,ақындықты оқушы санасына ұялату.Сабақтың әдісі: RWST
Сабақтың барысы: І. ҰйымдастыруІІ. Жаңа сабақМахамбет Өтемісұлы туралы білетіндерін жеке қағазға түсіруге 3-4 минут.Жұпта талқылау.Топта бөлісу.Ортақ пікірді тақтаға жазуЖоспары:1. «Қызғыш құс» өлеңін мәнерлеп оқу2. Өлеңнің идеясына тоқталу3. «Қызғыш құс» өлеңінің шығу тарихы (үнтаспадан тыңдау)4. Сөздікпен жұмыс5. Топтық жұмыс (Құстар галереясы)6. Өлең құрылысына талдау
Өлеңді мәнелеп оқу,өлеңнің идеясына тоқталу.- Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде ақынның еліне,халқына деген сүйіспеншілігі, Отанына деген сезімі тамаша өрнектелген.Ақын адамның көңіл күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеуді шебер қолдана отырып,қызғыш пен өз тағдырын салыстырады.Қызғыш құстың көлсіз тіршілігі болмаса,ақынның туған елінсіз,туған топырағынсыз тіршілігі жоқ.Махамбет көл қорыған қызғыштай елі үшін отқа түседі.Қызғыш құстың жауы – лашын, ал Махамбеттің жауы – Жәңгір.Елінен айырып,қуғынға ұшыратқан да – Жәңгір.Сөздікпен жұмысҚұсалық – құса болғандық (уайым, шер), қасіретке батушылық.Құстар галереясыҚызғыш – желкесінде қара қауырсынды айдары бар, кішкентай қоңыр ала құс.Лашын – тепкіні қатты тегеурінді құс.- Махамбеттің тағы да басқа қандай өлеңдерінен құстар бейнесін көре аламыз?- Махамбет поэзиясында самғай ұшқан , шүйілген, еріксіз егіліп , мұңғабатқан, шырқай көтерілген құстар бейнесі – аса жиі бейнеленетін көркем образ.Өлеңге композициялық талдау жасау. Шумағы:ТармағыБуыны:Ұйқасы:
Үйге: Өлеңді жаттау, көркемдік тәсілдерді табу.
Бағалау.