Дарынды ж?не талантты балаларды о?ыту (коучинг жоспары)


Коучинг сабақ жоспары №2
26.03.2014 Коучинг сабақ
Сабақ тақырыбы: Дарынды және талантты балаларды оқыту
Жалпы мақсат: Дарынды және талантты балалармен жұмыстың өзектілігін айқындау.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (50-57бет)
Мұғалімнің көшбсшылығын дамыту жұмысы(МКДЖ)
Оқудағы көшбасшылықты дамыту стратегиялары
Интернеттен қосымша мәліметтер алынды.
Ресурстар Интернет беттерінен бейнежазбалар,мағлұматтар,слайд, А3 форматты қағаздары, маркер, қайшы, желім, магнит.
Оқу нәтижелері: Оқу процесінде дарынды және талантты балаларды бақылау арқылы балалардың дарындылықтарын анықтайды.Дарынды және талантты балалармен ұтымды жұмыс ұйымдастыру.
Негізгі идеялар: Дарынды және талантты балалар ұғымдарын ажырату және жұмыс жасау ерекшеліктерін айқындау.
Сабақта қолданылатын материалдар: Слайд, стикер, сурет салуға арналған құрал-жабдықтар, таратпа материалдары.
Оқыту әдістері: Жаңа әдістері.
1. Топтық жұмыс
2. Дарынды және талантты балалармен жұмыс
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру, постер салу және қорғау, рефлексия жасау,тапсырмаларды орындау.
Сабақ бойынша коучпен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.психологиялық ахуал туғызу Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Сергіту сәті
«Сатамын және сатып аламын» тренингі «Макарена» биін билейді.
Шеңберде тұрған қатысушы өзінің жағымсыз қасиетін сатып,оның жақсы қасиетін сатып алады.
ІІ. Топтық жұмыс Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Конфеттер арқылы топқа бөлу. 1)Қатысушыларға сұрақ қояды:
-Дарындылық пен таланттылық дегенімізді қалай түсінесіз?
-Екеуінің айырмашылығы бар ма?
-Бар болса қандай?
2)Дарынды балалар туралы бейнежазбалар көрсетіледі.
3) Дарындылық және таланттылық тақырыбына постер құрауын сұрайды.
4)Мектебіміздегі дарынды оқушылар көрсетіледі.

5) Интерактивті тақтадан таланттылық пен дарындылық туралы слайд көрсетіледі.
1)Коучтың сұрағына жауап береді.
2) Бейнежазба арқылы ой түйеді.
3) Қатысушылар постерларын дәлелдейді және қорғайды.
4)Олардың жеке қасиеттері мен қабілеттерін атайды,өз ойларымен бөліседі.
5) Дарындылық пен таланттылықтың нақты белгілерімен танысады.

Қорытындылау Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
1) Бейнежазба көрсетіледі (диалог құру)
2)Сұрақ қояды:
Балаларға қандай жылы сөздерді қолданасыз? (77 жылы сөзбен таныстыру)
1)Мұғалімдер диалог құрады.
2) 77 жылы сөзді үйренеді, біледі.
ёVII. Рефлексия Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Өткізілген коучинг сабақтан бағалау парағы арқылы қандай әсер алғандарын сұраймын. Бағалау парақтары арқылы коучингтан алған әсерлерін жеткізеді.