Саба? жоспары Алгоритм негіздері, алгоритмдеу, программалау жолдары


..\Алгоритм.ppt Сабақ жоспары
Пән: Информатика Пән мұғалімі:, Бергали М
Сабақтың тақырыбы Алгоритм негіздері, алгоритмдеу, программалау жолдары
Сілтеме Информатика 8-сынып
Жалпы мақсаты Оқушыларға алгоритм негіздері, программалау жолдары туралы бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Оқыту нәтижелері - Берілген тапсырмаларды жұпта, топта орындауға үйрету;
-Оқушылардың өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыландыру;
-Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы
информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері;
Түйінді идеялар Күтілетін нәтиже Оқушылар алгоритмдеу, программалау жолдарымен танысып, оларды ажырата алатын болады, тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады, информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері; Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут Смайликтер бойынша 3 топқа бөлу
Бағалау критерийлері
• Өз бетімен білім алуы
• Дербес жұмыс жасауы
• Жұпта жұмыс жасауы
• Практиклық білімі
• Информатикалық терминді пайдалану
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу - 3 минут
Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету. Өздеріне мысал келтірту.
. А) Жаңа сабақ бойынша не білетінін айту.
Ә) Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша жұмыс жасайды.
Мысал 1. Студент болу үшін мынадай  алгоритм қадамдарын орындау керек:
1.     Мектепті тәмамдау.
2.     Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.
3.     Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.
4.     Конкурстан өту.
5.     Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.
 Мысал 2  Ағаш отырғызу алгоритмі
Жерге шұңқыр қазу
Шұңқырға көшет отырғызу
Шұңқырды өміп тастау
Көшетті суару.
Мысал 3 у = (ах+b)(сх -d) функциясын есесптеу үшін келесі қарапайым әрекеттерді орындау керек:
1) а- ны х-ке көбейтіп, оны У деп белгілеп аламыз;
2) У – ті  b –ға қосып, оны У1 деп белгілейміз;
3) с – ны  х – ке  көбейтіп, оны У2 деп белгілейміз;
4) У2 –ден d – ны алып тастаймыз, оны У3 деп белгілейміз;
5) У1 –ді У3 –ке  көбейтіп, нәтижені У4 деп белгілейміз.
ТҮСІНУ - 5 мин
Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру. А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады. Түйінді сөздерді (анықтамаларды) дәптерге жазу.
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.Алгоритм – орындаушының белгілі бір мақсатқа жетуі үшін орындалатын әрекеттер тізбегін айтады.  Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.Алгоритм біздің өміріміздің әрбір тұсында кездеседі.Алгоритм күнделікті әрбір пәнде кездеседі.Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:
Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.
22860-826770 Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген
1-ші серия
2-ші серия
Шарт?
иә
жоқ
логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.
Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.
ҚОЛДАНУ – 15 мин
Практикалық тапсырмалар
 1.Қарапайым үй тапсырмасына алгоритм құру
алг үй тапсырмасын орындау
басы
күнделікті алу,тиісті бетін ашу
үй тапсырмасын анықтау
үй тапсырмасын орындау
күнделікті орнына қою
соңы
2. Z = ax2 + b+сos (ax2+b) –tg(ax2+b)
aлг Z функциясын есептеу
нақ а,b,х, z
aрг а,b,х
нәт z
басы
а,b,х енгізу
t := ax 2 +b
z : = t+cos-tgt
x, z шығару
соңы
ТАЛДАУ – 11 мин
Сыни ойлауын дамыту.
Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: (95-бет) Алгоритм дегеніміз не? Алгоритм тіл дегеніміз не? Программа дегеніміз не?
1. Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.
2. Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.
ЖИНАҚТАУ- 8 мин
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
Алгоритм тілі дегеніміз не?
Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.
Алгоритм тілі – бұл
алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.
Алгоритмнің орындалуы.  Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
БББ кестесін тарату
білемін білдім Білгім келеді
2 минут
Оқушылар кестені толтырады
Бағалау 2 минут
Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Қорытынды баға шығару Бағалау парағы бойынша бағалау.
Үйге тапсырма беру / 2 минут .
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Апта күндеріне алгоритм құру Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу.
Рефлекция / 1 минут Бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандарын , – Нені үйренгендерін жазады.) 
Оқытушы: Балалар бүгінгі тақырыбымыз алгоритмді түсінсек сабақ басындағы айтылған эпиграфке қайтып келейік
Адам кемелдігі неде?
Бақытта.
Бақытқа қалай қол жеткіземіз?
Білім мен мінез құлық арқылы.
Ол білімнің мәні қандай?
Ол – бәрінің және бар болмыстың мәні
Бақытқа апаратын мінез құлық қандай?
Ол- ізгілікті мінез – құлық.
Мұндай білімге қалай қол жеткізуге болады?
Оған ізденіс, тәрбиелеу өнері және оқу арқылы жетуге болады. 
Яғни бұл арқылы не айтқым келді. Адам баласы өмірге келген соң бақытты болу үшін әрекет жасайды. Бақытты болу үшін құрылған алгоритмдеріңіз нәтиже берсін демекпін!
 Соңғы тыныштық сәтi.
(Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл әлемде)
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуаныш әкелсін!