Wysiwyg Web Builder ж?йесінде «Визуалды коммуникация ж?не ?олданбалы дизайнны? ??рал-саймандары» п?нінен электронды? о?у ??ралын жаса?тау
Wysiwyg Web Builder жүйесінде «Визуалды коммуникация және қолданбалы дизайнның құрал-саймандары» пәнінен электрондық оқу құралын жасақтау
Жубандыков Н. - Ж.Досмұхамедов атындағы
педагогикалық колледждің
1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының
3 курс студенті
Қазіргі кезде көптеген Wysiwyg Web Builder бағдарламасының түрлі нұсқалары дайындалып, ұсынылуда. Wysiwyg Web Builder - бұл атауы бойынша пікір айтуға болатын бағдарламалардың бірі. Бұл веб-редактор толыққанды беттерді, сондай-ақ үлкен сайттарды да HTML, PHP кодтарын білмей-ақ жасауға мүмкіндік береді. Бағдарлама қолдануда өте қарапайым: сайтқа қатысты әр түрлі элементтер қоюға арналған жұмыс аумағы бар.
Кез келген жұмыс этапында проектыны тез көруге болады. Проект броузер бетінде ашылады, «F5» батырмасын басу арқылы броузермен аша аламыз. Ыңғайлы болуы үшін компьютерде орнатылған кез келген броузермен ашуға болады. Ол үшін қажетті броузерді таңдап аламыз.
Тіпті көзбен редакторлеу кезінде де веб-беттерді басынан құу айтарлықтай қиын, әсіресе бұл сіздің алғашқы сайт құруыңыз болса. Wysiwyg Web Builder бағдарламасында әр түрлі тараптарға арналған көптеген дайын шаблондар бар. Шаблондарды үш негізде пайдалануға болады: бірігей дизайндар үшін, редактірлеу үшін, және өз қалауыңыз бойынша. Сонымен қатар сайтқа кірістіруге болатын дайын кодтар да бар. Мысалы javascript, ағымдағы уақыт пен күні, сілтемелер енгізуге арналған бет белгілер, секірмелі әріптер, контекстік менюді алып тастап, оның орнына тышқанның оң жағын басқанда жанып - сөнетін текст және тағы да басқа көптеген кодтар.
Осы бағдарламаның көмегімен сайт құруды жоспарлап жүргендер үшін веб – беттерді басқаратын ыңғайлы сайт бар. Жылдам қосу, жаңа жұмыс орындарын құруға, олардың негізінде сайтты басқаруға болады. Жаңа қойылған ресурс іздеу жүйелерімен жақсы байланысу үшін, карта сайтын құратын автоматты құралдарды пайдалану керек, Және ол XML файл түрінде сақталады.
Қиын форматты құжаттарды дайындауға арналған WYSIWYG бағдарламасы пайда болғанға дейін белгілеу тілі қолданылды. Бұл бағдарламада құжат пішімдеу үшін жұмыс соңында көрінбейтін арнайы кодтар қажет болды. Бұл кодтар мәтіннің стилін(қиғаш, қалың және тағы сол сияқты), шрифт өзгеруін, тексттің орналасуын, иллюстрацияларын және тағы сол сияқты қасиеттерін анықтады.
WYSIWYG бағдарламасының мәтіндік редакторы Bravo болып саналады. Bravo Xerox PARC –та Alto компьютерлері үшін әзірленді. Бағдарлама 1974 жылы Батлером Лемпсом (Butler Lampson), Чарльзом Симони (Charles Simonyi) және тағы басқалардың көмегімен құрылды. Бірақ ол нарыққа шыққан жоқ.
WYSIWYG (ағылшын тілінде What You See Is What You Get, «нені көрсең, соны аласың») – қолданбалы бағдарламалар мен веб-интерфейстер сипаты болып саналады, онда контент өңдеу кезінде құжат веб-бет немесе тұсаукесер ретінде соңғы шыққан контент көрінісіне өте ұқсас болып келеді.
WYSIWYG технологиясы пайда болғанша күрделі форматтағы құжаттарды құру үшін белгілеу тілдерінің қызметін атқаратын бағдарламалар қолданылып келген. Бұл бағдарламаларда құжаттарды форматтау үшін соңғы шыққан суретте көрінбейтін арнайы тегтер қолдану керек еді.
Тегтер мəтіндердің стилін (қою, курсив), шрифтің өзгеруін, мəтін орналасуын жəне сол сияқты істерді атқара алатын еді. WYSIWYG қолданған алғашқы бағдарлама Bravo мəтіндік редактор болып есептеледі. Bravo Xerox PARC компаниясында Alto компьютерлері үшін жасақталған. 1974 жылы бағдарламаны жасаған Батлер Лемпсон (Butler Lampson), Чарльз Симони (Charles Simonyi) жəне т.б.
Демек, Wysiwyg Web Builder бағдарламасы көмегімен электрондық құралдар даярлау түрлі саладағы мамандардың бірігіп жұмыс істеуімен қатар, көп зерттеулерді, талдауларды кажет ететін өте күрделі іс, яғни, Wysiwyg Web Builder бағдарламасы көмегімен электрондық құрал даярлайтын мамандардың әрқайсысы өз саласында жан-жақты терең білім мен іскерлікті көрсетуі тиіс.
Қазіргі кезде, Wysiwyg Web Builder бағдарламасы көмегімен электрондық құрал даярлау үшін кем дегенде төрт түрлі базалық категориялы маман керек:
- оқу материалының авторлары;
- компьютерлік әдіскерлер;
- жүйелік программалаушы;
- пайдаланушылар.
Wysiwyg Web Builder бағдарламасы көмегімен жасалған электрондық әдістемелік құрал -компьютерлік оқу құралы деп аталынып, білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарына жатады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Компьтермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсіддерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:
- компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;
- оқу процесін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
- компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
- әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу құралын жасау. Wysiwyg Web Builder бағдарламасын дербес компьютерге орнатамыз. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) – Программалар (Программы) - Wysiwyg Web Builder 11 командалары арқылы iске қосамыз.
Жоба браузер бетінде ашылады. Бұл өзімнің жобамның алғашқы беті. Бұл бетте Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің атауы орналасқан. Және де аңдатпа, пайдаланушыға нұсқау, авторлар, әдебиеттер батырмалары орналасқан.
1 сурет Электронды оқу құралының негігі беті
Электрондық оқу құралы келесі бөлімдерден тұрады: лекция, зертханалық жұмыстар, әдебиеттер, нұсқау, автор.
Электрондық оқу құралы дәрісіне көшу үшін «Дәрістер» гиперсілтемесін шерту керек. Қажет бөлімге көшу үшін сәйкес бөлімнің аты жазылған жазудың үстіне шерту керек. Мысалы Лекция бөлімінде 9 дәріс қарастырылған. Сәйкес дәріс мазмұнын оқу үшін, дәрістің номері көрсетілген батырманы басу керек.
сурет. Дәрістер бөлімінің беті
Зертханалық жұмыс бөлімінде 6 практикалық жұмыс қарастырылған.
3 сурет. Зертханалық жұмыс бөлімі
4 сурет. Бейне сабақтар бөлімі
Электронды оқу құралын қолданушыға нұсқау. Программалық бөлім мен аппаратураға қойылатын талаптар: Pentium 4 және жоғары процессорлы дербес компьютер; Оперативтік сақтау құрылғысы 512 MB, Windows XР\Vista, 32 разрядты видеоадаптер, процессор жылдамдығы 1,73 GHz;
Курс бумасын қатты дискіге көшіру керек. Программа 6,69 Мбайт жадыдан, 6,85 Мбайт дискіден орын алады. Бұл бумада мәлімет сақталатын сызба, анықтама беттері, қосымша орналасады. Қосымшаны іске қосу үшін index0.htm файлын жүктеу керек.
Берілген комплекс ашық түрдегі программалық өнім болып табылады, яғни программаға өзгертулерді енгізуге және пайда болған сұрақтарға байланысты адаптациялауға мүмкіндік береді.