Компьютерді? логикалы? негіздері саба? жоспары 8 сынып
Пәні:ИнформатикаСыныбы:8Күні:27.10.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің логикалық негіздері.Сабақтың типі: араласСабақтың мақсаты: Білімділік: Логикалық пікірлермен таныстыру және ол жайындағы түсініктерін қалыптастыру.Дамытушылық: оқушылардың логикалық пікірлер жайындағы ой-өрісін дамыту және жылдам есептеуге үйретуТәрбиелік: Оқушыларды пәнге қызықтыру, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеуСабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, оқулық
Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару2. Үй тапсырмасын тексеру: карточкалар арқылы тексеру3. Білімді тексеру кезеңі:
Екілік сандарды қосу барысындағы сүйенетін ережені ата?
Екілік сандармен қандай амалдар орындай аламыз?
Сегіздік санау жүйесінің сандарын ата?
Он алтылық санау жүйесінде қандай сандар бар?
Екілік сандарды қалай бөлеміз?
4. Мақсат қою кезеңі: Логикалық пайымдаулардың, логикалық операциялардың негізгі ұғымдарымен таныстыру. Логикалық көбейту операциясын қарастыру.
5. Материалды түсіндіру кезеңі:
ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің арасында дәстүр бойынша логикалық деп аталатын мұндай есептер аз емес.
Логика – пікірлер және олардың байланыстары туралы ғылым.Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады: формалды логика, математикалық, логика, ықтималды логика, диалектикалық логика және т.б.Әр түрлі кестелерді жасау, қарама-қайшы түйіндерді шешу және басқа да көптеген жағдайларда адамдар логиканың көмегіне жүгінеді.Формалды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізге талдау жасаумен байланысты.Математикалық логика формалды логиканың бір бөлігі болып табылады және ол кесіп – пішіп, айқындалған объектілермен пікірлердің ақиқаттығын немесе жалғандығын бір жақты шешуге болатын дәйектемелерді ғана үйретеді.
Математикалық логика саласы,алгебралық қисын секілді, информатикада да жақсы меңгеріледі. Қазіргі уақытта алгебралық қисынның негізгі операцияларына қосылмаған бір де бір программалау тілі жоқ.
Есеп. Өзеннің жағасында қайығы бар шаруа, ал оның жанында қасқыр, ешкі және қырыққабат тұр. Шаруа өзі екінші жағалауға жүзіп өтуі және қасқырды,ешкіні, қырыққабатты сонда алып баруы қажет. Алайда қайыққа шаруадан басқа, не тек қасқыр, не тек қана ешкі, не тек қана қырыққабат сияды. Мұндай жағдайда шаруа не істеуі керек?
Талқылап көрейік:1.Егер қасқырды алып кетсе, онда ешкі қырыққабатты жеп қояды.2.Егер қырыққабатты алып кетсе, онда қасқыр ешкіні жеп қояды.3.Ендеше ең алдымен ешкіні алып өту керек, өйткені қасқыр қырыққабатты жемейді, ал содан кейін қайтып келіп…4.Өз бетіңізбен логикалық талқылауды ақырына дейін жеткізіңіз.Компьютерде бұл есепті шешу кезінде программада шартты қолдану жолымен логикалық операциялар пайдалануы қажет.Пікірлер дегеніміз – жалған немесе ақиқат болатын кейбір пайымдаулар.
Мысалы, «ақ қар» , «2*2=4» пікірлері ақиқат, ал «жер тегіс» , «2*2=5» пікірлері жалған. Әдетте, біз бақылайтын фактілер ақиқатқа қабылданады. Жалған пайымдаулар көбіне жиі талқлаулардағы немесе сөйлемдердегі қателерден немесе қалауды шындықтың орнына беруге ұмтылудан пайда болады.
Пікірлер жалпы және жеке болып бөлінеді. Қиын жағдайларда сұрақтардың жауабы және немесе емес жалғаулары арқылы құрамды пікірлермен көрсеттілерді. Мысалы, «Мына оқушы ақылды және зерек» пікірі екі қарапайым: «Мына оқушы ақлыды» және «Мына оқушы зерек» пікірлерне тұратын пікір болып табылады.
6. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:Тапсырма орындату арқылы тексеру.7. Бекіту кезеңі: ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің арасында дәстүр бойынша логикалық деп аталатын мұндай есептер аз емес екен. Бекіту сұрақтарымен сабақты қорытындылайық.
1) Логика дегеніміз не? Қандай түрлерін білесін?2) Пікір дегеніміз не?
8. Үйге тапсырма беру кезеңі: <Тақырыпты оқып келу және 19 беттегі «Практикум» 1-тапсырмасы