Зайырлылы? ж?не дінтарну негіздері саба? жоспары 9 сынып
Сабақ №2
Тақырып: Зайырлылық және зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні, сипаты.
Мақсаты: Зайырлылық және зайырлы мемлекет ұңымына түсінік беру, діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: постер, стикерлер, қима-қағаздар, трек-сызба, тақта т.б.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.
Сабақ барысы:
Уақыт Сабақ кезеңдері Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті Ұйымдастыру формалары Бағалау Сабақта қамтылатын модульдер
5 мин Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға дін құбылысын, діндер тарихын, діни ағымдар мен секталар және діни конфессия ұғымдары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
Қазақстан Республикасының Конституциямен жұмыс
1- бап
1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Зайырлылық ұғымы “лаицизм – грек тіліндегі “лаикос”- халықтық, бұқаралық деген мағынаны білдірсе, француз тілінде “лаиците”- діни емес, яғни,”лаику”- зайырлы дегенді білдіреді .
Бүгінгі қазақ тіліндегі “зайырлы”,”зайырлылық” сөзі- “заһир”, яғни, анық, ашық деген мағыналарды білдіретін араб тілінен енген сөз. Бұл сөзді алғаш рет өткен ғасырда Алаш қайраткерлері “Алаш мемлекетін” құруда өз заңнамаларында қолданды. Олар бұл сөзді
1) Ашық, нақтылық;2) адами, адамдық, өркениеттік;3) азаматтық деген мағыналарда қабылдады. Сабақтың мақсаттарын ашады. Өз пікірлерін айтады. Жеке жұмыс Формативтік бағалау: Мақтау ОүБ
25 мин Жаңа материалды түсіндіру.
Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Топқа бөліну: геометриялық фигуралар арқылы, кампит әдісі, ПАЗЛ, домино, тақырыппен байланысты сүреттер т.б.
Оқушылар арасында міндеттерді тарату: спикер, қошбасшы, хронолог, редактор.
Оқушыларға тапсырма береліледі
КЛАСТЕР жасау стикермен бір бірін бағалау
Оқушылар топтарға бөлініп, рөлдер мен міндеттерді бөліп береді. Жұмысқа кіріседі. ПОСТЕР жасайды.
Уақыт өткен соң постерді қорғайды, бағалайды. Топтық жұмыс Формативтік бағалау: Стикер, мақтау СТО, ОүБ, Жаңа тәсілдер.
10 мин Жаңа материалды бекіту.
Алған білімдерін бекіту
Зайырлылық ұғымымен СИНКВЕЙН жасау
Синквейн «cing» – бес деген француз сөзінен шығады. Ол бес жолдан тұратын өлең. Материалды синтездеу тәсілі ретінде қолданылады. Форманың ықшамдығы ақпаратты түйіндеу, ойды бірнеше маңызды сөздермен, кең және қысқа сөйлемдермен жеткізу қабілетін дамытады. Синквейн жеке өзіндік жұмыс ретінде, жұппен жұмыс үшін, сирек топтық шығармашылық ретінде ұсынылуы мүмкін. Пәндік саласының шекарасы ұстаздың ойының икемділігіне тәуелді. Әдетте синквейн рефлексия сатысында қолданылады, бірақ шақыру сатысында қалыпсыз түр ретінде де берілуі мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, синквейндер:1) күрделі ақпаратты синтездеу құралы ретінде; 2) оқушылардың түсініктік қорын бағалау тәсілі ретінде; 3) шығармашылық мәнерді дамыту құралы ретінде пайдалы болуы мүмкін. СИНКВЕЙН жасайды
Синквейнді жазу ережесі: 1. (бірінші жол – БІР сөзбен, әдетте зат есіммен көрсетілген өлеңнің тақырыбы); 2. (екінші жол – ЕКІ сөзбен, әдетте сын есімдермен берілген тақырыптың сипаты); 3. (үшінші жол – ҮШ сөзбен, әдетте етістіктермен берілген осы тақырып көлеміндегі іс-әрекеттің сипаты); 4. (төртінші жол – автордың берілген тақырыпқа қатысын көрсететін, ТӨРТ сөзден тұратын сөз орамы); 5. (бесінші жол – БІР сөз – тақырыптың негізін қайталайтын жалынды-көркем немесе философиялық-жалпыланған деңгейдегі бірінші сөздің синонимі). Жүптік немесе топтық жұмыс Формативтік бағалау: мақтау СТО, ОүБ
5 мин Үй жұмысы § 2 оқу, талдау. Сабақ №3
Тақырып: Зайырлы мемлекет және дін. Зайырлы этика негіздері.
Мақсаты: Зайырлылық мемлекет пен дін арасындағы қатынастар. Зайырлы этика ұғымын ашу, талдау. Діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: постер, қима-қағаздар, стикерлер жетондар, трек-сызба, тақта т.б.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.
Сабақ барысы:
Уақыт Сабақ кезеңдері Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті Ұйымдастыру формалары Бағалау Сабақта қамтылатын модульдер
5 мин Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық атмосфераны қалыптастыру. Тақырыпқа шығу үшін бейнеролик қарау, тақырыптын мақсттарын ашу.
Оқушыларға зайырлылық мемлекет және дін арасындағы қатынастарды аша отырып негізгі мәселерді талқылау. Түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.
Психологиялық атмосфераны қалыптастыру мақстаныда «Мен барлаушы» әдісімен:
Мұғалім сөздері: Мен сабақ басталар алдында, «Мен барлаушы» атты әдіс арқылы психологиялык көніл-күйлеріңізді қалыптасу мақсатында пайдалынамын. Мен жүздерінізді, сіздің күлкі көруге қуаныштымын, мен осы күні бір-бірімен сізге қуаныш пен қарым-қатынас әкеледі деп ойлаймын.
Жайлы отырыңыздар көздереңізді жабыңыз, менен кейін қайталаңыз: «Мен мектепте жүрмін, мен сыныпта отырмын. Мен осыған қуанамын. Менің сабаққа назарым артты. Мен барлаушы сияқты бәрін сеземін. Менің жадым мықты. Менің ойым ашық. Мен оқығым келеді. Мен жұмысқа дайынмын. Мен жұмыс істеймін!
Тақырыпқа шығу үшін бейнеролик қарау, тақырыптын мақсттарын ашу.
Мұғалім айтқан сөздерді қайталайды. Сабақтың тақырыбын мен мақсаттарын ашады. Өз пікірлерін айтады. Жеке жұмыс Формативтік бағалау: Мақтау ОүБ
25 мин Жаңа материалды түсіндіру.
Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Топқа бөліну: геометриялық фигуралар арқылы, кампит әдісі, ПАЗЛ, домино, тақырыппен байланысты сүреттер т.б.
Оқушылар арасында міндеттерді тарату: спикер, қошбасшы, хронолог, редактор.
Оқушыларға тапсырма береліледі
КОНЦЕПТУАЛДЫҚ КАРТАНЫ ЖАСАУ жасау стикермен бір бірін бағалау Оқушылар топтарға бөлініп, рөлдер мен міндеттерді бөліп береді. Жұмысқа кіріседі. КОНЦЕПТУАЛДЫҚ КАРТАНЫ
жасайды.
Уақыт өткен соң постерді қорғайды, бағалайды. Топтық жұмыс Формативтік бағалау: Стикер, мақтау СТО, ОүБ, Жаңа тәсілдер.
10 мин Жаңа материалды бекіту.
Алған білімдерін бекіту
Зайырлылық ұғымымен ДИАМАНТ жасау
ДИАМАНТ жасайды
«Диаманта» 1, 7 тармақтар –антоним зат есімдер;
2 – бірінші зат есімге екі сын есім;
3 – бірінші зат есімге үш етістік;
4 – екі зат есіммен екі сөз тіркесі;
5 – екінші зат есімге үш етістік;
6 – екінші зат есімге екі сын есім.
Жүптік немесе топтық жұмыс Формативтік бағалау: мақтау СТО, ОүБ
5 мин Үй жұмысы Берілмейді Берілмейді Берілмейді ПИШИТЕ В ВАТСАП ПО НИЖЕ УКАЗАННОМУ НОМЕРУ
ЕСЛИ ВЫ ХОТИТЕ ПОЛУЧИТЬ ПОЛНУЮ ВЕРСИЮ КСП ПО КУРСУ СВЕТСКОСТЬ И ОСНОВЫ РЕЛИГИОВЕДЕНИЯ ЗА 9 КЛАСС ПОПОЛНИТЕ КИВИ КОШЕЛЕК ПО НОМЕРУ 87779349871 НА 2000 ТЕНГЕ (С ПОМОЩЬЮ ТЕРМИНАЛА)
И ОТПРАВЬТЕ СВОЙ АДРЕС ЭЛЕКТРОННОЙ ПОЧТЫ С ПОМОЩЬЮ СМС
(ПОЛНУЮ ВЕРСИЮ КСП ВЫ ПОЛУЧИТЕ НА СВОЙ АДРЕС В ТЕЧЕНИЕ 1 ЧАСА)
ВОЗМОЖНА ОПЛАТА ЧЕРЕЗ БАНКОВСКУЮ КАРТОЧКУ (ЧЕРЕЗ ИНТЕРНЕТ БАНКИНГ)