МЕНДЕЛЬДІ? АЖЫРАУ ЗА?Ы


Сыныбы: 9 «а», «ә», «г». Күні: 28 .11. 2016жТақырыбы: Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы. Ажырау заңы.Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға доминанттылық заңы мен ажырау заңын түсіндіру. Гомозигота және гетерозигота терминдерін түсіндіру.
Сабақтың міндеті: Мендельдің тәжірибелерін оқып үйрену.
Сабақтың типі: жаңа білім қалыптастыру.
Құрал жабдықтар: оқулық, сурет бетшелері.
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу
Сыныптың кезекшілігін анықтау
Оқушыларды түгендеу
Сабаққа дайындықтарын тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру
1.Генетика ғылымы нені зерттейді?
2. Генетиканың негізін салушы кім?
3. Басымдық теориясын қалай түсіндіңдер?
4. Сынақтәжірибелерде айқын қорытынды жасауға мүмкіндік беретін нәтижелерге Мендельдің дегеніне жету сәті қалай тұсті.
III. Жаңа материялды оқыту.
Мендель асбұршақ өсімдігін екі жыл бақылаудан бастады. Ол асбұршақ өсімдігінің түстері бойынша тек екі баламасы: сары және жасыл түсі болатынына көз жеткізді. Сондай-ақ олардың өздігінен тозаңданатынын анықтады. Бірақ Мендель айқас тозаңдандырды, яғни «сары» өсімдіктің тозаңымен «жасыл» гүлді тозаңдандырды. Ол алынған ұрпақты бірінші ұрпақ «будандары» деп атады. Сары және жасыл өсімдіктердің барлық ұрпақтары –бірінші ұрпақ будандары-қайта тозаңдандыру жиынтығы бойынша сары тұқымды болып шықты. Сол кезде Мендель сары түсті басым түс-доминантты түс деп атап , оны А әрпімен белгіледі. Жасыл түс басылыңқы- рецессивті түс деп аталып а әрпімен белгіленді.
Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі немесе заңы деп аталған генетикалық негізгі заңдылықтардың бірі міне осылай ашылды. Кейінірек ол Мендельдің бірінші заңы немесе Басымдық заңы деп аталды.
Сол жазда Мендель тәжірибелерінің екінші кезеңіне кірісті. Ол сары тұқымды будандарды жинап, олардан өздігінен тозаңданатын өсімдіктер өсірді. Мендель сөйтіп екінші ұрпақ будандарын, яғни бірінші ұрпақ будандарының ұрпақтарын алды. Бұл дарақтардың ата-енелері сары түсті болды. Алайда әрбір ата-ене ата-тектерінің біреуінен «әжесі» немесе «бабасы» жасыл түсті болып шықты. Екінші ұрпақта сары және жасыл дарақтар арақатынасы: ұрпақтардың үш бөлігі –сары және бір бөлігі жасыл түсте пайда болды. Жойылып кеткен жасыл рең «немерелерінде» қайтадан пайда болған. Мендель мұны ажырау деп атады . Бұл құбылысты Мендельдің екінші заңы немесе Ажырау заңы деп аталды.
Генотипінде тек бір іріктеме аллелі ғана болатын тіршілік иелері гомозиготалар деп аталады. Ал Аа генотипі гаметалардың екі іріктемесін береді.Олардың біреуі А сары реңді гендерін жеткізеді, қалғандарын а жасылреңді гендер жеткізеді. Мұндай ағзалар гетерозиготалар деп аталады.
IV. Бекіту сұрақтары.
Мендельдің пікірі бойынша «будандар» және «таза тармақ» деген не?
Сары түсті ата-енелерде жасыл үрпақтар неге және неше пайыз пайда болады?
Пэннет торкөзі нені білдіреді?
V. Қорытынды. Генетиканың маңызы өте зор. Оның зерттеу нәтижелері білімнің көптеген саласында қолданылады.
VI. Үйге тапсырма: 22-23, есептер