Саба?ты? та?ырыбы: ?айнау. Меншікті булану жылуы. Саба?ты? ма?саты: Бу т?зілуді? бізге к?нделікті тіршіліктен белгілі екінші ?дісін т?жірибе ар?ылы т?сіндіру. 1. Білімділік: Бу т?зілуді? екінші ?дісі – ?айнауды бу т?зілуді? бірінші т?рімен салыстыру, ?а


Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы.
Сабақтың мақсаты: Бу түзілудің бізге күнделікті тіршіліктен белгілі екінші әдісін тәжірибе арқылы түсіндіру.
Білімділік: Бу түзілудің екінші әдісі – қайнауды бу түзілудің бірінші түрімен салыстыру, қайнауға анықтама беру, меншікті булану жылуы шамасы мен танысу, ерекшелігін нақтылау.
Дамытушылық: Қайнау процесінің өтуін тәжірибе арқылы бақылау, көз жеткізу, ойлау қабілетін дамыту, техникалық құралдарды пайдалану арқылы қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды физикалық мәдениетке тәрбиелеу, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету.
Әдіс-тәсілі: түсіндірме- иллюстрация, тәжірибе, есеп шығару, сұрақ-жауап.
Түрі: БЛУМ таксономиясы, СТО элементтері.
Қажетті құралдар: шыны колба, спирт шамы, штатив, термометр, суы бар стакан.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, информатика, математика. Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
1.Заттың агрегаттық күйі. Қатты, сұйық, газ. 2.Жылу мөлшері. 3.Балқу, меншікті балқу жылуы. 4.Кристалдану. 5.Конденсация. 6.Қаныққан, қанықпаған булар. 7.Ауаның ылғалдылығы. 8.Булану. 9.Кебу. 10.Шық нүктесі.
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
Қайнау дегенді қалай түсінесің?
Меншікті булану жылуы деген не?
Оның өрнегін жазыңдар.
БЛУМ таксономиясы.
1.Білу. Үй тапсырмасын сұрау. «Миға шабуыл» арқылы сұрақ-жауап.
2.Түсіну. Жаңа сабақты түсіндіру. «Мағынаны тану» кезеңі. Біз сұйықтың буға айналуының бір түрін-булануды қарастырдық.Бу түзілудің бізге күнделікті тіршіліктен белгілі екінші әдісін қарастырайық. Тәжірбие жасау: Штативке колбаны қыстырып су құйып, спирт шамы арқылы қыздырайық.Температурасын өлшеп отырамыз . Қыздырған кезде колба үстінде (не пайда болады?) тұман пайда болады.Яғни колбадағы сұйық бетінде (ненің артқанын көреміз?) буланудың артқанын көреміз.Судың температурасын одан әрі арттырсақ, колбаның қаттырақ қызған қабырғаларының кейбір тұстарында жыбырлаған көпіршіктер көреміз.Бұл ауа көпіршіктері, судың (қандай дыбысын) шулы дыбысын естиміз, яғни су қайнайды. Міне,балалар біз бүгін бу түзілудің бізге таныс екінші әдісі қайнауды қарастырамыз. 1). Тақтаға: Қайнау.Меншікті булану жылуы деп жазамын. Графигін экраннан көрсетемін, анықтама беремін
Сұйықтың бетіне бу түйіршіктерін бөле отырып ішінде қарқынды булануын қайнау деп атаймыз.
Сұйықтың қайнауы өтетін температура қайнау температурасы деп аталады.
Балқу температурасы да, қайнау температурасы да атмосфералық қысымға тәуелді екенін есте сақтайық. 2). Оқулық бойынша 77-бет, IV,V абзацтарды 5 минут өздері оқып шығады. r-меншікті жылу булану. Q=rm (1) 3.Қолдану. Оқушылар оқулықтан 5 минут өз беттерінше окиды. Бір оқушы қолдануын айтып береді, қалған оқушылар толықтырады. 4. Талдау. Есеп шығару. Физика негіздері, тест жинақтары. № 1 5кг суды қайнау температурасында буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері шығындалады?
Берілгені: Формуласы m=5кг Q=rm r=2.3*106 Дж/кг Q-? Шешуі: Q= 2.3*106 Дж/кг*5кг=11.5*106 Дж Жауабы: 11,5*106Дж энергиясы шығындалады. 5. Жинақтау.Жаңа сабақты пысықтау. 3- оқушыға бір мәтінде кеспе қағаз беріледі. Бұл жерде проблемалық сұрақ туындайды.(2-ші ыдыстағы су қайнай ма, қайнамай ма?) 1. Қайнау деген не? 2. Меншікті булану жылуы деген не? 3. Формуласы неге тең? Сабақты қорытындылай келе мына кестені оқушылар толтырады. Білемін. Білгім келеді. Жаңадан білдім 6. Бағалау: Үйге тапсырма. 18. 11ж(7). 80бет Осымен сабағымды мына нақыл сөзбен аяқтаймын.
«Біле бер қанша білсең-тағы тіле, жетерсің мақсатыңа біле-біле.»
Ж. Баласағұн.