Балы?тарды? к?сіптік ма?ызы 7 сынып биология ашы? саба?


Сабақ 42
Тақырыбы: Мектеп:
«Социалистік Еңбек Ері Қ.Әбсеметов атындағы МДШО бар орта мектеп»КММ
Күні: 09.02
Мұғалім есімі: Нұрымбетова Қ.Ж
Сыныбы: 7АӘсынып Қатысқандар саны - Қ-пағандар саны -

Сабақтың негізделген оқу мақсаты: оқушылардың балықтар класы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, балықтарға тән белгілерді оқып үйренуге жағдай жасау.
Сабақтан күтілетін нәтиже: Алдыңғы оқу: Жоспар: СТО, оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер,топтық жұмыс.
Жоспарланған уақыт ( 45 мин) Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы
(15минут) I.Жағымды психикалық ахуал орнату
І. Ұйымдастыру.
«Өзіңе тілегінді өзгеге тіле» әдісі арқылы, ал топқа түрлі түсті жетондарды таңдау арқылы топқа бөлінеді
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«миға шабуыл» әдісі (сұрақ-жауап)
I - топқа1. Желілі жануарлардың омыртқалылар тип тармағы қалай аталады.2. Омыртқалылардың неше класы бар.3. Балықтардың өзі қандай класқа жіктеледі.4. Балықтардың тыныс алу мүшесі не.5. Балықтар қайда тіршілік етеді.II - топқа1. Акула қай кластың өкілі.2. Балықтың денесі қалай бөлінеді.3. Омыртқалылар дене температурасына қарай қалай бөлінеді.4. Акуланың зәр шығаруы неден тұрады.5. Сүйекті балықтардағы ерекше мүшеIII - топқа.1. Желілердің қан айналым жүйесі.2. Желбезек саңылаулары орналасқан мүше.3. Жақ сүйексіздер омыртқалылар класы.4. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы.5. Қазақстандағы «Қызыл кітапқа» алынған балық.
V. Қызығушылықты ояту
Видеоролик көрсету Интернет көздері Оқулық анықтамалығы
Ортасы
(20 минут) Мағынаны тану
Оқушыларға тапсырмалар беріледі.(постер мен қорғайды)
I топ Балықтардың пайдасы мен зияны
II топ Балықтардың кәсіптік маңызы
III топ Балықтардың адам өміріндегі маңызы жайлы мәліметтер береді
топтық жұмыс жасайды
Аяқталуы
(10 минут) Ой толғау
Тест сұрақтары.1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.А) Мамология ә) Герпентология б) Ихтиология в) Гельментология2. Желбезек саңылаулары 5 - 7 болатын балықтар.А) Сүйекті балық ә) Шеміршекті балық б) Шортан в) Сазан3. Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған.А) Акула ә) Скат б) Аратұмсық в) Аққайран4. Қызыл кітапқа енгізілген сүйекті балық.А) Іле шармайы ә) Балхаш алабұғасы. б) Бекіре в) Еділ майшабағы.5. Балықтың бүйір сызығы қандай қызмет атқарады.А) Судың жылылығы ә) Судың тұздылығы. б) Су ағысының күші, бағыты, тербелісів) Судың қышқылдығы.6. Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады.А) Жауыннан қорғау ә) Дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуб) Жауыннан жасырыну в) Судың ағысына өту.7. Балық қайда көбейеді.А) Құрылықта ә) Суда, құрылықта б) Тек сулы ортада в) Екеуі де емес8. Сүйекті балықтардың қанша түрі бар.А) 20мыңнан астам ә) 10мыңнан астам б) 30мыңнан астам в) 40мың.9. Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі.А) Бүйрек ә) Несепағар б) Қуық в) Клоака10. Балықтардың көбеюі қандай сатылардан тұрады.А) Уылдырық - балақ ә) уылдырық - дернәсіл б) дернәсіл - балық в) уылдырық - дернәсіл - шабақ.11. Тұқы тәріздестер отрядының өкілі.А) Акула, сауытбалық ә) Қаракөз, ақмарқа, табан б) Бекіре. албырт, қортпа в) Құнысбалық, майшабақ, килька.12. Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды.А) Жүрегі, қан тамырлары ә) торсылдағы б) Өкпе, желбезек в) Жұтқыншақ, өңеш13. Қара уылдырық алынатын балықтар.А) албырт тәріздестер ә) бекіре тәріздестер б) майшабақтарв) саусақ қанатты14. Дене температурасы тұрақты жануарлар тобының атауыа) қаны бар жануар ә) салқынқанды жануар б) жылықанды жануарв) жылусүйгіш жануар15. Ұрығының дамуында арнайы қабықтар түзелмейтін омыртқалар тобы.а) қағанақсыз ә) қағанақтылар б) құстар в) сүтқоректілерРефлексия
«Шығу парағы»
Тапсырмалар ұнады ма?
Бүгінгі сабақтан өзіме қажетті не алдым?
Нені білгім келеді?
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазады
Уйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндау
Бағалау: бинго ойыны, сұрақтар арқылы және формативті бағаланады
Оқушының аты-жөні Кубизм Топ пен жұмыс Венн диаграммасы Синквейн Қорытынды баға
Сабақтан алған әсерлерін жеткізуТексерілді: Макимова А.Н