Тестовые задания по биологии на тему Омырт?асыз ж?ндіктер мен омырт?алы жануарларды? ?анайналым ж?йелеріні? ??рылысы (7 класс)


Омыртқасыз жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың қанайналым
жүйелерінің құрылысы .
1. Дене қуысына тікелей құйылмай, қантамырлары арқылы таралатын қанайналым жүйесі:
а)ашық қанайналым жүйесі ә)тұйық қанайналым жүйесі
2. Қанның жүректен, ұшы тұйық емес қантамырларына, одан дене қуысына құйылатын қанайналым жүйесі:
а)ашық қанайналым жүйесі ә)тұйық қанайналым жүйесі
3. Ұлудың жүрегінің бөлімдері:
а)қарынша және екі құлақша ә)екі қарынша және екі құлақша
б)құлақша және қарынша
4. Түсі қызыл - қоңыр, көмірқышқыл газына қаныққан қан:
а)вена қаны ә)артерия қаны
5. Түсі алқызыл, оттегіне қаныққан қан:
а)вена қаны ә)артерия қаны
6. Балықтың жүрегінің бөлімдері:
а)1 ә)2 б)3 в)4
7. Қосмекенділердің жүрегінің бөлімдері:
а) 4 ә) 3 б) 2 в) 1
8. Қанның өкпе мен теріге баратын, одан жүрекке қайта келетін тармағы:
а)кіші қанайналым шеңбері ә)үлкен қанайналым шеңбері
9. Қанды жүректен бүкіл денеге тарататын артерия қантамырлары мен денеден жүрекке оралатын вена қантамырлар тармағы:
а)кіші қанайналым шеңбері ә)үлкен қанайналым шеңбері
10. Жорғалаушылар жүрегінің бөлімдері:
а)қарынша мен құлақша ә)екі қарынша мен екі құлақша б)қарынша мен екі құлақша
11. Жүрек қарыншасы жартылай пердемен бөлінген омыртқалы жануарлар:
а)құстар ә)қосмекенділер б)сүтқоректілер в)жорғалаушылар
12. Дене температуралары тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына тәуелді жануарлар:
а)жылықанды жануарлар ә)салқынқанды жануарлар
13. Дене температурасы тұрақты, қоршаған орта температурасына тәуелді емес жануарлар:
а)салқынқанды жануарлар ә)жылықанды жануарлар
14. Құстар жүрегінің бөлімдері:
а) 1 ә)3 б)2 в)4
15. Сүтқоректілер жүрегінің бөлімдері:
а)қарынша мен екі құлақша ә)қарынша мен құлақша б)екі қарынша мен екі құлақша
16. Жылықанды омыртқалы жануарлар:
а)жорғалаушылар ә)құстар б)қосмекенділер в)сүтқоректілер г)балықтар
Омыртқасыз жануарлар мен омыртқалы жануарлардың қозғалуы.