Арифметикалы? амалдарды? ?асиеттері ж?не оларды? ?ріптік жазылуы саба? жоспары
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту; Есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту, өзін – өзі бағалай білуге үйрету; Санды көбейтіндіге бөлу тәртібін, есеп шығару, көп таңбалы сандармен есептеу қабілетін нығайту, ауызша есептеу дағдысын жетілдіру, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін және есептерді шығару дағдыларын тексеру
Дамытушылық: Бөлу және көбейту амалдарына арналан есептерді шығару арқылы білімдерің кеңейту.
Тәрбиелік: балаларды ақыл - ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Амандасу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар!
- Қазір қай сабақ?
- Сабақ құралдарымыз дайын ба?
- Олай болса оқушыға ұқсап отырамыз!
б) Психологиялық дайындық:
- Балалар, кімнің көңіл күйі өте жақсы? (орнынан тұрып үш рет шапалақтау)
- Ал, кімнің көңіл күйі нашар? (орнынан тұрып екі рет шапалақтау)
- Кім сабаққа дайын? (орнынан тұрып бір рет шапалақтау)
-Жарайсыңдар! Бүгінгі сабаққа барлықтарың дайындалып келіпсіңдер.
Бүгінгі сабақта көңіл күй тамаша,
Алайық бәріміз бағаны асыға.
керегі жоқ, 2-керегі жоқ.
3-нашар, 4-жақсы, 5-керемет.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
-Ал балалар бүгінгі сабақты бастамас бұрын үй жұмысын бір тексеріп өтейік. (дәптерлерін қарап өту).
№6
1500 3300 1000 800
250*6+550*6=4800 (125+875)*24=24000 (356+444)*8=6400
7200 1610 1104 496 200
3600*2+805*2=8810 552*2+248*2=1600 (176+24)*450=90000
№10
(498+4578)+422=5076+422=5498 25*160=4000
399968+ (4524+32) =399968+4556=404524 800*125=100000
7896 +(2100+4) =7896+2104=10000 8*14*25=112*25=2800
-Менің көруім бойынша барлықтарың сабаққа жақсы дайындалып келіпсіңдер.
-Жарайсыңдар! (дәптерлерін жинау)
III. Жаңа сабақ
-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы. Тақтаға күнді жазу.
Санды өрнектердің және әріпті өрнектердің мәндерін табу үшін алдымен оларды ықшамдап алған тиімді.
a∙b=b∙a-көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті-Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
(a+b)∙c=a∙c + b∙c-көбейтудің үлестірімділік қасиеті
(a∙b)∙c=a∙ (b∙c)-көбейтудің терімділік қасиеті-Екі санның көбейтіндісінін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші және үшінші санның көбейтіндісіне көбейтуге болады
№7 (а)
Тауық -17612, бұл 28 есе артық
Үйректер-?
Қаздар -? 16 есе артық
Шешуі: 1)17612:28=629 үйрек
2)629*16=10064 қаз
Жауабы: құс фермасында 10064 қаз бар
(ә)
Бір тауыққа -100 г жем
300 тауыққа-? Жем
Шешуі: 1) 300*100=30000 грамм жем
30000 гр=30 кг
2)30*30=900 кг жем=900000 грамм жем
Жауабы: 900 кг жем дайындау қажет
(б)
Бидай ұны -16 т 500 кг=16500 кг
Қарабидай ұны -7 т 500кг=7500кг
1 рет қатынағанда -1500 кг ұн апарды
Қатынады -? Рет
Шешуі: 1)16500+7500=24000 кг –ұндар
2)24000:1500=16 рет
Жауабы: 16 рет қатынады.
ІV.Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық. Оңға-оңға түзу тұр
Алақанды ұрайық Солға-солға түзу тұр
Оңға қарай иiлiп Жоғары-төмен қарайық
Солға қарай иiлiп Қолымызды созайық
Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызға күш жинап,
Бойымызды созайық Бір шынығып алайық
Белiмiздi жазайық.
№8 (а)
х*12+12354=27870 х*100=1600+24000 х-30985:15=12000-9731
х*12=27870-12354 х*100=25600 х-30985:15=2269
х*12=15516 х=25600:100 х-30985=2269*15
х=15516:12 х=256 х-30985=34035
х=1293 256*100=25600 х=65020
1293*12+12354=27870 25600=25600 65020-30985:15=2269
27870=27870 2269=2269
№11
138635:45=3080 (35 қалд) 374699:82=4569 (41 қалд)
273712:34=8050 (12 қалд) 927561:203=4569 (54 қалд)
VІ. Қорытынды.
-Балалар біз бүгін сабақта не істедік?
-Есептер қиын болды ма?
-Қай есептен қателестік?
VІІ. Үйге тапсырма.77 бет №9 тапсырма
VІІІ. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.