АРИФМЕТИКАЛЫ? АМАЛДАРДЫ? ?АСИЕТТЕРІ (4 СЫНЫП)
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік және терімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту,тапқырлыққа, ізденімпаздыққа,шпашаңдыққа баулу.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, татулыққа, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, тест
Сабақтың көрнекілігі: тест, плакат, тірек-сызба, сурет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру - Амандасу- Оқушыларды және құрал - жабдықтарын түгендеу- Оқушылардың назарын сабаққа аудару- Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру- Психологиялық дайындықМен бәрін жасай аламын!Бүгінгі күн тамаша!Мен өзімді жақсы сезінудемін!Менің көңіл күйім керемет!Мен сабақ оқуға дайынмын!Мен өзіме сенімдімін!ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
№ 6 60 бет
ІІІ Жаңа сабаққа крісіпе. Математикалық диктант
1. Балалар алаңының ұзындығы 60 м, ені 30 м. Осы алаңның сыртындағы қошаудың ұзындығын тап. (1800м2)
2. 3100 бен 28 сандарының айырмасынан 8 есе кем санды жаз. (384)
3. 93 пен 3-тің бөліндісін 6 есе арттыр.(186)
4. 850 саны 170-тен неше есе артық (5)
5. 30000 саны шығу үшін 1-ді нешеге қосу қажет? (29999)
ІV Жаңа сабақ
№1 тапсырма.
a*b=b*a – көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
(көбейткіштердің орындарын ауыстырғанмен көбейтінді өзгермейді.)
b
a
(а+b)*с = a*с + b*с – көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
c
a b
(a*b)*с=а*( b*с) – көбейтудің терімділік қасиеті. (өрнекте қатар орналасқан екі көбейткішті әрқашан көбейтіндімен ауыстыруға болады.)
с
b
a
№2 тапсырма. Терімділік қасиетін пайдалану.
190* (5*2)=190*10=1900332*(4*5)=332*20=6640
5*(630*4)=5*2520=12600200*(96*5)=200*480=96000
7250*(2*5)=7250*10=72500 625*(200*5)=625*1000=625000
639*(4*5)=639*20=12780 103*(50*4)=103*200=20600
№3 тапсырма.
а) 1 тартпаға
2 қатарға – 6 батон
14 тартпаға - ? батон
Шешуі: (6*2)*14=12*14=168б 6*(2*14)=6*28=168 б
Ж/бы: 14 тартпа қойылатын сүйретпеге 168 батон сыяды.
ә) (12*10)*16=120*16=1920 12*(10*16)=12*160=1920
Ж/бы: Көкөніс қоймасының әр бөлігінде 1920 кг көкөніс сақталған.
№5 тапсырма. Тиімді тәсілмен шығару (2 қасиет ауыстырымдылық)
(250+550)*6=800*6=4800 (125+875)*24=1000*24=24000
(3600+805)*2=4405*2=8810 (356+444)*8=800*8=6400
(552+248)*2=800*2=1600 (176+24)*450=200*450=90000
Сергіту сәті:
Бір, екі, тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Саңырауқұлақтай отырып,
Емендерше тұрайық.
Тұрайық, отырайық,
Тұрайық, отырайық,
Партамызға жайғасайық.
№ 6 тапсырма.
а) тауық – 17612
үйректер - ? 28 есе артық
қаздар – ? 16 есе артық
Шешуі: (17612/28)х16= 10064 қаз
Ж/бы: Құс фермасында 10064 қаз бар
ә) 1 тауыққа – 100 г
300 тауыққа - ? г
Шешуі: 100х300х365=10 950000 г = 10 т 950 кг
Ж/бы: 300 тауығы бар фермер бір жылға 10 т 950 кг жем даярлау керек.
б) (16500+7500)/1500= 16 рет
Ж/бы: 16 рет
№7 тапсырма
а) Нұргүл бір сан ойлады. Ол санды 12 есе арттырып, шыққан нәтижеге 12354-ті қосқанда 27870 шықты. Нұргүл ойлаған санды тап.
Шешуі: Х*12+12354=27870 Х=1293
ә) Нұржан бір сан ойлады. Ол санды 100 есе арттырғанда, 1600 бен 24000-ның қосындысына тең болатын сан шықты. Нұржан қандай сан ойлады?
Шешуі: Х*100 =1600 +24000 Х=256
б) Әлия ойлаған санын 30985-ке кемітіп, шыққан нәтижені 15 есе кеміткенде, 12000 мен 9731- дің айырмасына тең болатын сан шықты. Әлия қандай сан ойлады?
Шешуі: (Х-30985) /5= 12000-9731 Х=65020
V Сабақты бекіту.
Тест
1. Амалдарды орында, дұрыс жауабын тап: (45:15+75):3
а) 23 ә)26 б)29 в)25
2. Дұрыс жауапты тап: 1000- (321+569)
а) 120 ә)100 б)210 в)110
3. Қай теңдеудің шешімі 340-қа тең:
а) 300+х=400 ә)х+60=400 б)х*3=620 в)1254:х=6
4. 3 санының кубы нешеге тең?
а) 9 ә)6 б)27 в)270
5. 3 дм қанша мм бар?
а) 30мм ә)300мм б)3000мм в)3мм
6. Автомобиль 160 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Автомобильдің жылдамдығы нешеге тең?
а) 60км/сағ ә)70км/сағ б)80км/сағ в)90км/сағ
7. Көбейтуді орында 3020*4
а) 1280 ә)12080 б)11080 в)1180
VІ Қорытындылау.
Арифметикалық амалдар
+
:
*
-
Қасиеттері
Ауыстырымдылық
Терімділік
Үлестірімділік
Рефлекция
Білемін Білдім Білгім келеді
VІІ Бағалау.
VІІІ Үйге тапсырма: № 4 тапсырма 61 бет