?дебиеттік о?у Интернат наны Ш М?ртазаев (3 сынып)


Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы: Интернат наны Шерхан МұртазаСабақтың мақсаты:
1. Мәтіннің идеялық мазмұнын ашып көрсетіп, ұғындыру.
2.Оқушының мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын, сын тұрғысынан
қисынды ойлау білігін дамыту.
3.Жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызбалар, Шерхан Мұртаза суреті,
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс.
 Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпты топқа бөлу
— Оқушылар, бүгінгі әдебиеттік оқу сабағымызды топпен жұмыс түрінде өткіземіз.
2.Психологиялық дайындықМұғалім: — Екі көзің не үшін керек ?Оқушы:   — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек ?Оқушы:   — Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қолың не үшін керек ?Оқушы:   — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяғың не үшін керек ?Оқушы:   — Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
-Олай болса, мен сіздердің дендеріңізге саулық тілеймін!(тілек)
 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім»маз.айту
Топпен жұмыс. Әр топтан бір оқушыдан түсінік айтып шығады. Топтар бір- біріне сұрақ қояды.
Сұрақтар:
1Ж. Жабаев кім?(ақын, жазушы.)
2.Жамбыл өз туған жерін қалай сипаттады?
3.Жамбылдың басқа балалардан ерекшелігі неде?
ІІІ.Өткенді қорыту.Топтастыру.
Оның атақты ақын болуына әсер еткен оқиғаны әңгімеле?(оқушылар айтады)
 
 ІY.Жаңа сабақ.
1) Қызығушылықты ояту.
-Оқып отырған тарауымыз қалай аталады?
-«Жақсы ай мен күндей»
-Ай мен күн бүкіл әлемге ортақ, жылуын шашып тұр. Сол сияқты дана, ұлы адамдарды бүкіл әлем біледі. Мысалы, батырлар, ұлы ақындар, жазушылар, халқын ойлаған жақсылықты жақындатқан халық сүйіктілері.
-Ендеше, бүгінгі сабақта осы жақсы адамдардың бірінің балалық шағының көрінісінен сыр шертеміз.
 2) Болжау.
-Ол кім ? Бұл сұраққа жауап беру үшін мына бір сөйлемдерге назар аударайық, еске түсірейік.
Тақтада: «Иван Владимирович» «Аспара. Қызыл жебе. Көке»
«Жоқ, шынтақ жеңінен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды»
Бұл шығарма кім туралы еді?
Тұрар Рысқұлов.
Шығарма қалай аталады?
Шығарма «Бала Тұрар» деп аталады.
Бүгінгі сабағымызда Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы» әңгімесімен танысамыз.
 Жамбыл обл.                                             жазушы, драматург,
     Жуалы ауд.              Шерхан Мұртаза     журналист
Мыңбұлақ                                  Шығармалары                  «Қызыл жебе» «Қара маржан»
 
5) Мағынаны тану.
а) Сөздік жұмыс. Интернат деген не?
ә) Мұғалімнің оқуыб) Түртіп алу жүйесів) Алғашқы сұрақтар— Мәтін ұнады ма?
— Қандай кейіпкерлер естеріңде қалды?— Олар қандай іс-әрекеттерімен қызықтырды?
г)Оқыту жұмыстары 
6) Ойын «Бәйге»
Шарты: Мына сандар үстінде әр топ нөмірі тұр. Сол топтар сан бірін қалайды. Қаланған сан сұрақтарына жауап беріледі. Соңында ұпай есептеліп, нәтиже айтылады.
 
І                                                ІІ                                                ІІІ
10                                             10                                               10
20                                             20                                               20
30                                             30                                               30
 
10- Әңгіме кім туралы?
10- Атамырза мен Серік не істегілері келді?
10- Балалардың қайсысы қолға түсті?
 
20- Серік Тұрарға не айтты?
20- Тұрар мен Қабылбек Серікті неге аяды?
20- Балалар қандай шешім қабылдады?
 
30- Әңгімеден Серіктің сөзін тауып оқы.
30- Мәтінен ең соңғы үш сөйлемді оқып, мәнін түсіндір.
30- Мәтенді екі бөлікке бөл. Әр бөлікке ат қой.
 7) Сергіту.
 Дәптермен жұмыс
8) Шығармашылық тапсырма.
Әр топ әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме береді.
І    топ – Тұрарға мінездемеІІ   топ – Атамырзаға мінездемеІІІ  топ – Серікке мінездеме V.Сабақты қорытындылауVІ.  Бағалау.
VII  Үйге тапсырма.
Әңгімені түсініп оқып, түсінгенін айтуға дайындалу.