Тарих саба?тарында жа?а технологиялар элементтерін пайдалану ар?ылы о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту
Тарих сабақтарында жаңа технологиялар элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуҚР білім беру мемлкеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, оқу бағдармаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді. Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептердегі білім беру жаңашылдандырылып отыр. Қазіргі қоғам талабына сай оқушыларды білімге қызығушылығын арттыру үшін оқытудың жаңа технологиялары жасалып, мектеп тәжірбиесіне енгізілуде. Мұғалім оқушылардың білім деңгейін жоғарлату үшін жаңа педагогикалық технологияларды дұрыс пайдалана білсе, белгілі бір көрсеткіштерге жетеді.Жаңа педагогикалық технологияларды пән мұғалімі әр тарих сабағында тиімді пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті, білімді, пәнді терең меңгерген жеке тұлға қалыптастырып, өз пәнінің қоғам талабына сай дамуы мен бағалануына қол жеткізеді. Адам баласының ғылыми дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының мәні зор.Тарих-үнемі даму үстінде. Қазіргі танда тарих пәнінен сапалы білім мен тәрбие беруде қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер: суреттеп әңгімелеу, түсіндіру,мәтіндегі негізгі мәселені табу, тақырыпты мазмұндау, терминдердің мәнін ашу, тест тапсырмасы, картамен жұмыс, тарихи диктант, сұрақ-жауап және оқулықпен жұмыс жасау, себебі, білімнің негізгі қайнар көзі-мектеп оқулығы. Жаңа оқыту үрдістерін пайдалану, оның тиімді жолдарын іздеп табу мұғалімді көп ізденіске жетелейді.Әрбір ұстаз өзінің 45 минуттық сабағына жауапкершілікпен қарап, белгілі бір мақсат қойып, міндеттенсе, сабақ өз нәтижесін берері сөзсіз. Әрбір тарих сабағында күнделікті ақпарат жаңалықтарына уақыт бөліп отырам, бұл да оқушылардың жан-жақты білімдерін дамытуға үлкен үлес қосады. Әр сабақта тарихи даталарды есте сақтау, тарихи оқиғаның маңызын, себеп-салдарын, әр оқиғаның немен аяқталғаның оның білімділік, тәрбиелік жағын тең қарастырған жөн. Оқушыларды тарих сабағында дағдылаймын: -тақырыпты терең түсініп, салыстыра білуге, тарихи оқиғалардың тарихтағы орнын бағалай білуге; - Оқулықпен өздік жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Материалды жеткізе білуге, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға үйрету - Суреттеп-сипаттауға, әңгімелеуге, деректер мен өзіндік жұмыстар ұйымдастыруға, пікір айтуға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға, ең ұтымды жауап іздеуге, тарихи терминмен сөйлеуге жаттықтыру - Тарихи фактілер мен құбылыстарды салыстыру, ұқсастықтарын анықтауға оқушыларды қатыстыра отырып, ойлау қабілетін дамытыға.Осыдан мынадай нәтижеге жетемін деп ойлаймын: «өркениетті елдің білікті де, білімді жас ұрпағын қалыптастыру». Тарих сабақтарында оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру мақсатында өз іс-тәжірбиемде қолданып жүрген жаңа технология әдістері мен элементтері, олар: -Ойын арқылы оқыту -Ұжымдық оқыту-оқушылардың арасындағы қарым қатынасты нығайтады, бірлесіп жұмыс істейді, бір-бірінің ойын толықтырып отырады.Сөз қорын молайтады. -Тірек сигналдар арқылы оқыту-оқушының тақырыпты жүйелеуге, ең маңыздыларды теріп алуға дағдылайды. -Ақпараттық оқыту технологиясы-оқушылардың бұқаралық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге дағдылайды. -Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы -Сатылай кешенді оқыту технологиясы-тарихи оқиғаны ретімен жүйелеуге,қарапайымнан күрделі ойлауға, тарихи даталар мен оқиғаларды сатылай зертеп оқуға үйретеді. Өз тәжірбиемде кеңінен қолданып жүрген әдістердің бірі-интерактивті әдіс.Интерактивті әдісті пайдаланудың тиімділігі сол оқушының өз ойын еркін, жүйелі айтуына, еркін ойлауға мүмкіндік береді, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Интерактивті тақта сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Тарих-сөз сабағы, көбінесе сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Жаңа технологияның тиімділігі берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжырымды түрде, көрнекті түрде ғана жып-жинақы етіп бере білуінде. Жаңа технология мен оның элементтерін сабақтарымда пайдаланудың көрсеткіші: -Жаңа технология әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы, барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. -Әр оқушы пәнге деген қызуғушылығы артып, белсенділігі оянады. -Шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. -Өз бетімен дербес ізденуге, белсенді іс-әрекеттенуге ұмтылады, ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданады. Өз ойын ашық айтуға, пікір алмасуға үйретеді. -Уақытты тиімді пайдалануға болады.ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылық пен белсенділігін арттыруға болады. Неміс педагогі А. Дистерверг өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді», дегендей әр сабағымда тапсырмаларды алдын-ала беру арқылы оқушыларға материалдарды алудың, табудың жолын көрсетемін. Жаңа сабақ барысында оқушылардың әкелген, оқыған, меңгерген материалдары негізінде оқушылардың ақпараттық құзіреттіліктері дамиды, пәнге деген қызығушылықтары артады, ақпаратпен жұмыс істеуге дағдыланады, нақты мәліметтер мен деректерге сүйеніп, материалды талдауға үйренеді.Оқушы мұғалім берген тапсырманы реферет, баяндама немесе презентация ретінде дайындап , саралап тапсырады. Ол үшін оқушы өзіне қажетті ақпаратты мектеп, селолық кітапхана, мектеп мұражайынан , ғаламтордан іздейді. Осының негізінде оқушының жан-жақты білімі кеңейіп, пәнге деген қызығушылығы артады. Сонымен қатар оқушылармен бірлесіп сабақтан тыс тарихи кештер ұйымдастырылады. Олар: 1-желтоқсан «Президент күні», 16-желтоқсан «Тәуелсіздік күні», 12-сәуір «Ғарышкерлер күні», 9-мамыр «Ұлы Жеңіс күні» және 31 мамыр «Қуғын сүргін құрбандарды еске алу» Мектеп оқушылары белсене қатысып, тарихи қойылымдар қойып, тұлғалардын рөлін ойнап, тарихта алған таңбасын терең түсінеді.Ұйымдастырылған тарихи кештер баспасөз бетіне жарияланады. «Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы» деген қанатты сөз бар.Жас маман ретінде аудандық білім беру орталығы мен мектеп ұжымының ұлағатты ұстаздары кәсіптік білімі мен біліктілігімнің қалыптасуына зор үлестерін қосуда. Осыған орай аудандық білім беру орталығы Ленинград №1 мектепте «Жас ұстазға өнеге» атты ұлағатты ұстаздардың сабақтары өткізілді. Қорытындылай келе, тарих сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану-оқушылардың оқу материалдарын дайын күйде алуға емес, өз бетімен ізденуге үйретеді. Оқулықпен шектеліп қоймай, қажетті әдебиеттермен баспасөз, телехабар тыңдау, ақпаратпен жұмыс істеп, материалды толық меңгеруге дағдыланады.Бүгінгі білім беру сапасы- қоғамымыздың ертеңі екенінің есімізден шығармайық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанған ғасыры болатынына сенемін», деген. Ендеше, сол жұлдызды жанған ғасырдың білімді азаматтарын тәрбелеуге үлес қосайық.