?аза? тілі саба?тарында коммуникативтік о?ытуды? элементтерін ?олдану


Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану

Мақсаты: оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді əр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту.
Міндеті: қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты, базистік оқу жоспары, тілді оқыту тұжырымдамасы жəне мемлекеттік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Өзге тілді мектептердегі қазақ тілі мемлекеттік білім стандарттарына сай жалпы білім беретін мектептің үш сатысында да міндетті пəн деп саналады. Əр саты бойынша даярланған оқу бағдарламаларында ұстанымдар негізінде құрастырылған.
1. Тақырыптық ұстаным.
Бұл жерде казақ тілін практикалық бағытта оқыту көзделеді. Барлық грамматикалық формалар сөйлеу моделі арқылы диалогтік, монологтік сөйлеу түрінде лексикалық тақырыптар арқылы практикалық жолмен меңгеріледі.
2. Жүйелік ұстаным.
Дидактикалық ұстаным бойынша тілдік материалдар жүйелілік ұстанымға негізделе құрылып, жеңілден ауырға қарай күнделікті қарым-қатынас мақсатында сөйлеу тіліне қарай іріктеліп беріледі.
3. Оқушының ана тілін негізге алу.
Бұл ұстанымда коммуникативтік қарым-қатынаста баланың ана тіліндегі білім мен сөйлеу дəрежесі негізге алынады.
4. Функционалдық ұстаным.
Бұл ұстаным бойынша қазақ тілін функционалдық дəрежеде меңгеруде қандай грамматикалық формаларды меңгеруге болады деген мəселе ескеріледі. Осы ұстанымдарды тірек ете отырып бағдарламада оқушы сөйлеп үйрену үшін қандай грамматикалық формаларды меңгеруге, білуге тиіс жəне оған қажетті лексикалық, грамматикалық минимумдар жүйесін жасау, сөйлеу модельдерін беру, т.б. мəселелер ескеріліп, əр сыныпта оқылатын материалдар оқушының сөйлеу, ойлау қабілеті мен тілін дамытуға бағытталады.
Коммуникативтік əдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі-бір тілде сөйлеу мəнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен əдістемелік категорияларға тəн басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын əдістің түрі.
Коммуникативтік стратегияға кіретін сəттер
• Əңгімелесушінің зейін қойып тыңдауын қадағалау.
• «Бəрі түсінікті» деген сигнал арқылы толық түсінуді қамтамасыз ету.
сөйлеу мəнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен əдістемелік категорияларына тəн бастыбелгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыракеліп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын əдістің түрі».Осылайша мұғалімнің оқудағы құзыреттілікке бағыт-бағдар беруі оқушылардың ой-қорытынды жасауына, өз ойын айта білуіне, оны күнделікті өмірде пайдалана білуіне көмегін тигізеді.Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру– заман талабы.