А?ылшын тілі саба?ында о?ытуды? тиімділігін арттыру ??ралы ретінде дидактикалы? ойындарды ?олдану.


Айнур Капсаметова
Өскемен қаласы, «Лада балабақшасы» ЖШС
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы.
Ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімділігін арттыру құралы ретінде дидактикалық ойындарды қолдану.
«Ойын – бала үшін ойын емес, шындық»
К. Д. Ушинский
Бұл баяндамада балабақшада ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімділігін арттыру құралы ретінде дидактикалық ойындардың қажеттілігі, яғни зор екендігі  қарастырылған. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Баланың шет тіліндегі сөздерді қабылдауының оң ыңғайын жасау керек. Сол оң жағдай жасаудың бірден - бір тәсілі ойын болып табылады. Ойын - баланың білім - білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы.
Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Бұл кезеңде балалардың сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ, олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі.Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен.
Дидактикалық ойындар балаларды оқытудың түрі ретінде екі: оқулық (танымдық) және ойындық (қызық) негізден тұрады. Тәрбиеші бір мезгілде оқытушы және қатысушы болып табылады. Ол үйретеді және оқытады, ал балалар ойнап жүріп, үйренеді. Дидактикалық ойындар: сөздікті толықтырады және белсендіреді, дыбысты дұрыс айтуды қалыптастырады, байланыстырып сөйлеуді дамытады, өз ойын дұрыс айта білуді, балалар тілін дамытады.
Мен өз сабағымда көп қолданатын дидактикалық ойын түрлері:
What is the season?
Мақсаты: жыл мезгілі туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жыл мезгілі аттарын ағылшын тілінде есте сақтау.
Ойын барысы: Жыл мезгілдері суреттерін көрсетіп, суретте қай мезгіл бейнеленгенін сұрау. Ойынды бірнеше рет қайталап ойнату. Season, summer, spring, autumn, winter. Look at the picture. What is the picture?
What is this?
Мақсаты: Табиғат туралы түсініктерін одан әрі қеңейту. Сөздік қорларын дамыту.
Ойын барысы: Көкөністер мен жемістер суреттерін көрсетіп, олардың не зат екенін сұрау. What is this?
My family
Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тиянақтау. Ағылшын тілінде отбасы мүшелері туралы сөздерді есте сақтауға үйрету.
Ойын мақсаты балалар саусақтарына қуыршақтарды киіп (саусақ театрын пайдаланып) отбасы мүшелерін атайды: This is my mother. This is my father. This is my grandmother. This is my grandfather. This is my brother. How I love them all.
What is missing?
Мақсаты: Балалардың аңғарымпаздық қасиетін дамыту, тез ойланып шешім қабылдауға үйрету.
Қажетті құралдардар: суретті карточкалар.
Ойын мақсаты: Кілем үстіне суретті карточкалар жайып қойылады. Педагог «Close your eyes!» деген нұсқау береді да 1-2 карточканы алып қояды. Содан соң балаларға «Open your eyes!» нұсқау беріп, «What is missing?» деп сұрақ қояды. Балалар жоғалған карточкаларды еске түсіріп, айтады.
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындар: сөздікті толықтырады және белсендіреді, дыбысты дұрыс айтуды қалыптастырады, байланыстырып сөйлеуді дамытады, өз ойын дұрыс айта білуді, балалар тілін дамытады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырады.
Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін, ал ойын үрдісінде баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден мүмкін.
Мұғалімдер мен тәрбиешілерге кеңес.
Дидактикалық ойындар балардың таным белсендігін жандандыратын,  өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың сабақ  мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.
Ата-аналарға кеңес.
Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті. Мысалы, бала ойнап отырғанда ересектердің баламен қоса ойнап ойыншықтарды ағылшын тілінде атап айтса болады. Сол сияқты ойыншықтарды жинау барысында жемістерді себеттерге ағылшын тілінде атап салайық, жануарларды бөлек жинайық деп ойын түрінде жүргізсе болады.