ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? КОММУНИКАТИВТІК ??ЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ


ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
ХАЛЕЛОВА Ш.Д.
№25 жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Павлодар қ.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта ойынның маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Ойын технологиясы оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Оқушы сабақта ойын арқылы диалогқа түседі, соның нәтижесінде білім алады. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Выготский: «Кіші жастағы балаларды танымдық даму әрекеттері әлеуметтік қарым–қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым–қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті» ретінде суреттейді. Оқушы өз бетімен істей алмаған тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады. Барнстың пайымдауынша оқушылар мұғалімді селқос тыңдағаннан, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлеу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсеткен. Осы ретте мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысында ойын технологиясын қолдануға болады. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория болып саналады. Ойын технологиясын сабақта қолданудың негізгі міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Сабақта ойын технологиясын оқытудың жаңа тәсілдері арқылы жүзеге асыруға болады. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы сабақ нәтижелі болу үшін, мұғалім оқушылар не біледі, оларда қандай қате пайымдаулар бар және оны қалай түзету керек екенін білу үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Жаңа тәсілдер оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын талап етеді, олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателік болған жағдайда оған түсіністікпен қарауға дағдыланады. Осыған орай, ұлттық оқу зертханалары оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызын көрсетті: дәріс 0%, оқу 10%, аудио-визуалды қабылдау 20%, көретілім 30%, талқылау 50%, практика 70%, білім беру 90%. Осы нәтижеге сүйене отырып, ойын технологиясын балалардың жас ерекшелігіне және өтілетін сабақтың тақырыптарының мазмұнына сай етіліп таңдалып алынуы қажет. Мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау қажет. Бала ойын іс- әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үдерісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Ойынды жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырамыз. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді.
Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуниктативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ойын технологиясының рөлі ерекше. Бүгінгі күні өзекті мәселенің бірі оқушылардың өзін-өзі дамыту құзырлығы. Заман талабына сай оқушылардың коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы, сезімі жоғары, ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез келген ортаға бейімделетін, өзін-өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функциоларының атқаратын орны ерекше. Сол себепті әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізуі тиіс. Ойында қолданылатын әдіс-тәсілдер жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үдеріс болып табылады. Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісі барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оларға қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді береді. Оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеуріне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл осылардың жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі алған білім мен біліктілігін іс жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір тәжірибелік және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі болып саналады. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. А. Байтұрсынұлы айтқандай: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады». Мұғалім оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгеруге көңіл бөлу қажет. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын коммуникативтік құзыреттілік арқылы іске асыруға болады. Коммутикативтік құзыреттілік қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әртүрлі әлеуметтік рөлдерді меңгерумен қамтиды.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім мен жақсы тәрбие алғын шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
ӘДЕБИЕТТЕР
Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы, 2005 ж.
Қ.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі» (ғылыми практикалық кқнференция материалдары) Алматы, 2008 ж.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
ТІРКЕУ ПАРАҒЫ
Тегі: Халелова
Аты: Шынар
Әкесінің аты: Дауленқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы: Қазақ филология магистрі
Ұйым, қызмет: №25 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Үй мекен – жайы: Майра 49/1
Телефон: 655595
Е-mail: shynar696@mail.ruСекция: Қазақ филологиясы
Баяндаманың аты (толық аты): Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту
Қосымша баяндамашы туралы мәлімет ---
Серия:
 ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар
Мен:
□Сырттай қатысамын.