Саба? жоспары: Ас ?орыту ж?йесі: ас ?орыту жолы, ауыз ?уысы. ж?т?ынша?, ??еш, ас?азан, ішек: ас ?орыту бездері(сілекей бездері,ас?азан бездері,?й?ыбезі,бауыр,ішек бездері) (8 сынып)




Исмагулова Дина МировнаБатыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№44 мектеп-гимназия
Пән: Биология Сынып: 8 «а» Күні: 16. 02. 2017
Сабақтың тақырыбы Ас қорыту жүйесі: ас қорыту жолы, ауыз қуысы. жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек: ас қорыту бездері(сілекей бездері,асқазан бездері,ұйқыбезі,бауыр,ішек бездері)
Сабақтың мақсаттары Асқорыту мүшелерінің құрылысы және қызметімен танысты, адам ағзасы үшін маңызына және зат алмасуда алатын орнына тоқталды. Оқушыларға ас қорыту мүшелері туралы танысты, білімдерін жетілдірді, білімдерін шыңдандырды. Модуль: АКТ Диологты оқыту
Табыс критерийлері Оқушылар ас қорыту мүшелерінің құрлысы, олардың қызметімен танысып біледі.
Түйінді идеялар «Ас қорыту жүйесі» «Мәтін» Флипчарт «Биологиялық есеп» «Сандар сөлейді»
Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеттері Оқушының іс-әрекеттері
7 мин Оқушыларды 3 топқа бөлу. Флипчартта адам бейнесі беріледі. Бейненің үстінен номерлеген 3 карточка қойылған. 3 топқа бөлінді. Карточкада берілген сұрақтарға жауап берді.
3 мин «Ас қорыту жүйесі» Видеоролик көрсету. Видеороликті мұқият қарады.
15 мин «Мәтін» Кітаппен жұмыс. 1 топқа – Жұтқыншақ,өнеш, асқазан. 2 топқа – аш ішек, тоқ ішек. 3 топқа – ұйқыбез, бауыр. Өз топтарына берілген ас қорыту мүшелеріне анықтама берді.
2 мин «Сергіту сәт» Жұмбақтар шешейік. 5 мин «Биологиялық есеп» Әр топқа карточка таратылды. Барлық топтарға бірдей 2 есеп берілді. Тапсырма үстінде оқушылар топпен белсене қатысты. Тапсырманы өз уақытында орындады.
3 мин «Сандар сөлейді» Әр топқа бауыр таратылды. Бауырдағы сандар мағынасын анықтау. Берілген сандарды қатесіз мағынасын аңықтады.
7 мин «Бинго» ойыны. Берілген сұрақтарға, суреттерге жауап береді Бинго ойыныңда берілген сұрақтарға жауап берді.
2 мин Сабаққа белсенді араласып отырған оқушыларды және сабақ айтқан оқушыларды бағалау. Топ басшы өз тобыңдағы оқушыларды бағалайды.
1 мин Үйге кесте толтыру, тест сұрақтарына жауап беру. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы. Үй жұмысын күнделікке жазап алды.