?аза?станда?ы ауыл шаруашылы?ын к?штеп ?жымдастыру.
Начало формы
18.12.2014ж. 11е сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Ашаршылықтың себептері мен зардаптарына тоқталу, қазақ еліне ашарлықтың қалай келгенін анықтау.Дамытушылық: Өтілетін тақырыпқа сай материалдарды іздестіріп, іріктеп сабақ үрдісінде қолдана білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.Тәрбиелілік: Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы.Көрнекілігі: Тірек - сызба, карта, қоғам қайраткерлерінің портреттері, нақыл сөздер плакаттары, түсіндірме сөздік.Пәнаралық байланыс: Әдебиет, қазақ тілі, қазіргі өмір, география.Қолданылған әдіс – тәсілдер, технологиялар: Шаталов тірек - сызбасы, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.1) Оқушылардың қатысуы туралы ақпарат;2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;3) Психологиялық жағдаят «Ашаршылық» сөзінің мәнін ашу. (түсіндірме сөздікпен жұмыс)Жоспары:1. Қазақтарды күштеп ұжымдастырудың зардабы.2. Отырықшыландыру саясатының зардаптары.3. Кәмпескелеу қалай жүргізілді.4. Біздің өлкедегі аштық жайлы құжаттардан.Қызылдар саясаты: Ұжымдастыру, Отырықшыландыру, Байларды тәркілеу, Байларды тәркілеу, ашаршылық 1931 - 1933ж.Ұжымдастыру:1927ж.КП ХV съезі жариялады;1929ж. ІІ жартысынан бастап жедел дамыды;күштеп, жаппай;1932ж. Көктемде аяқтау көзделді;1931 ж. 65%Жоспарланған үш жылдыңорнына үш күн ішіндеОтырықшыландыру1933 ж. аяқтауШу ауданында 400 киіз поселке болып тігілдіТәркілеу:1928ж. 27 тамыз;“Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылайфеодалдарды кәмпескелеу және жер аудару” декреті;1 мыңнан астам жертылай феодал жер аударылды;145 мың мал алынады;1931 ж. 5500 отбасы жер аударылды.Ашаршылық• 1931 - 1933ж.• Қырылу Адам – 2 млн. 100 мың, 40% Сәбилер - 72% 7 жасқа дейінгілер - 60% Мал – 40, 5 млн болды, 4, 5 млн қалды.• Ауру, індет• Қырғынға ұшырау 51 аудан• Қоныс аудару 1 млн. астам адам 414 мыңы оралды, 616 мыңы келмеді.• 1930ж. – 313 мыңнан астам• 1931ж. – 755 мыңнан астам• 1932ж. – 769 мыңнан астам қаза болды.1930ж. 1 қаңтар – 1931ж. маусымға дейін 1 млн 70 мың адам басқа аумақтаға көшіп кетті. РСФСР – дағы қазақ ат саны 2, 5 есе, Өзбекстанда – 1, 7 есе, Түрікменстанда 6 есе, Тәжікстанда 7 есе, Қырғызстанда 10 есе өсті. Халық саны күрт төмендеп, керісінше Қазақстанда тек қазақтар емес, басқа ұлт өкілдері де азайды. Аштық пен аурулардан 1 млн 860 мың қазақ немесе ауыл халқының 40% құрады. Республиканың 6, 2 млн халқының 2, 1 млн адамы 1931 - 33ж. ж. ашылықта қаза болды. Қазақтар саны тек 40 жылдан соң ғана қалпына келді.Торғай: Асыра сілтеу болмасын. 1 млн малдан 98 мың қалдыШұбартау ауданы малдың 80% - ын өткізді.Балқаш ауданы 297 мың малға салық салынды.Сөздікті пайдаланып түсінік бер:• Ұжымдастыру - қоғамдастыру• Кулактарды қудалау - мал - мүлкінен айырып, Республикадан тыс жерлерге аудару.• Тәркілеу - қандай да бір дүние - мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз - пұлсыз тартып алу.• Бай - кулак - дәулетті шаруалар, 1 - 2 бас ірі қара, 5 - 6 қойы бар шаруалар.• Геноцид - Халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою.• Трагедия - Апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға.ТЕСТПЕН ЖҰМЫС1. Қазақ байлары қашан тәркіленді?а) 1937ж.; б) 1917ж.; в) 1940ж.; г) 1928ж.2. Қазақстанда ұжымдастыру қалай жүргізілді?а) күшпен; б) ерікті түрде; в) жоспарлы түрде; г) сатылы түрде.3. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда қанша мал басы болды?а) 40, 5млн.; б) 20млн.; в) 15млн.; г) 10млн.4. Ұжымдастыруға қарсы көтеріліске қатысқандар саны қанша болды?а) 50мың; б) 40мың; в) 80мың; г) 60мың;5. Аштықтан, түрлі аурулардан және басқа жоқшылықтан болған адам шығыны?а) ауыл халқының 20%; б) ауыл халқының 40%;в) ауыл халқының 60 %; г) ауыл халқының 50%;г) 1928а) күшпена) 40, 5млн.в) 80мыңб) ауыл халқының 40%;Оқиғалармен даталарды сәйкестендіру1929ж. Рысқұловтың соңғы хаты1932ж. Аштық1930 - 32ж. Ұжымдастырудың аяқталуы1932ж. 17 қыркүйек Шаруалар көтерілісі1929 - 31ж.“ Қазақстан ауылшаруашылығы және соның ішінде мал шаруашылығы туралы” қаулы1933ж. наурыз Колхоз құрылысын қалыптастыру“Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті”Үй тапсырмасы: §10 - 11. «Ашаршылық – қазақ елінің қасіреті» тақырыбы бойынша «Мен не білдім?» атты ой - толғау жазып келу.