?жымдастыру ?арса?ында?ы ?аза? ауылыны? жа?дайы, ?аза?станда?ы ауыл шаруашылы?ын ?жымдастыру ?ыс?а мерзімді жоспар
Пәні: Қазақстан тарихы
11-сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: § 26-27 Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылының жағдайы, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Мақсаты: Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясатының мәні, «Кіші қазан» курсы, іс-шаралардың жаппай және күш қолдану сипаты белең алғандығы, көшпелі қазақтарды күштеп отырықшыландыру (седентаризация) арқылы қазақ байларын тәркілеу, жалпыұлттық мәселелерді көтеруге тосқауылдардың қойылуы, қазақ ұлтшылдарының қазақ байларымен күресті төтенше революциялық шаралар арқылы емес, бейбіт әдіс-тәсілдер арқылы жүргізуді ұсынуы, «Қазақ ұлтшылдарын» жазалау әрекеттерін талдау.
Күтілетін нәтиже:
Алған білімін орынды қолдана алады.
Шығармашылық дағдылары қалыптасады.
Жетістік критерийі (оқушы):
Сызба-кестелер құра аламын
Тақырыпқа сәйкес қосымша әдебиеттердегі мәліметтерді талдай аламын.
Тест үлгілерін құра аламын.
Сілтеме:
1.С.Смағұлов «Қазақстан тарихы»
2.Ғ.Базарбеков «Қазақстан тарихы» Талапкерге-2008 жыл.
3.Х.Ермұханова «Қазақстан тарихы» Шың-кітап А.2009-2010 жылы
Дереккөздер: Ғаламтор материалдары
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ қою (миға шабуыл), оқушы пікірлерін тыңдау, кестелерді толтыру, қосымша деректерді талдау.
Көрнекілігі:
1.Х.Ермұханова «Қазақстан тарихы» Шың-кітап А.2009-2010 жыл
2.Слайд, семантикалық карта
Кейінгі оқу: Ұжымдастыру зардаптары тақырыбында қосымша мәліметтер жинақтау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ
4. Сабақты бекіту
Үй тапсырмасын сұрау
Миға шабуыл әдісі
1.Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктерін атаңдар?
2.Қазақстан экономикасындағы кеңестік саясат ықпалы қандай болды?
Индустрияландырудың қиыншылықтары
Қазба байлықтар толық Халықтың 90%-ның шаруалар болуы
зерттелмеді
Темір жолдың жетіспеушілігі Жергілікті мамандардың жетіспеуі
ЖЭС тоқтатылып, әскери коммунизм Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы
кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы
Әміршілдік-төрешілдік басшылық әдістің енгізілуі
Индустрияландыру
Кемшіліктері Қателіктері
1 2 3 4 Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясатының мәні
2. «Кіші қазан» курсы
3. Отырықшыландыру, қазақ байларын тәркілеу.
4.«Қазақ ұлтшылдарын» жазалау.
Жаңа ақпарат.
АуыртпалықтарБірінші дүниежүзілік соғыс
Революциялық өзгерістер
Азамат соғысы
1916-1921 жылдар арасында аштықтан қырылғандар мен оққа ұшқан қазақтар саны- 800 мыңға, атамекенінен көшіп кеткендер саны-200 мың адамға жетті. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып жіберді. Жаңа ғана орнаған кеңестік билік күйзеліске ұшыраған қоғамның әл-ауқатын жөндеу және жақсарту қамына кірісудің орнына, ең алдымен, саяси мәселелерді шешуге басымдылық берді. Қоғамдық құрылыстың мұндай сипат алуы 1923 жылы 17-22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия ұйымының III конференциясында анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің өкілі Е.Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының орынбасары А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап етті. Бұл іс жүзінде қазақ елінің өзін-өзі басқару, мемлекеттің басқару ісінде жергілікті ерекшеліктерді ескеру, мемлекеттік аппаратты қазақтандыру және басқа осы сияқты жалпыұлттық мәселелерді тым көп көтеруді тоқтату жөнінде орталықтан берілген нұсқау еді.Смағұл Сәдуақасов қазақ қоғамындағы таптық қайшылықтармен тым әуестенушіліктің жағымды нәтиже бермейтіндігін, қазақ шаруаларының сол тарихи кезеңде таптық қанаудан емес, жұмыссыздықтан, шаруашылығын жандандыруға қажет қаржының жоқтығынан азап шегіп отырғандықтарына, яғни ендігі уақытта елдің революциялық сілкіністерге емес, бейбіт еңбекке мұқтаж екенін түрлі дәрежеде-деңгейде дәлелдеуге тырысты. Сондай-ақ қазақ байларымен күресті төтенше революциялық шаралар арқылы емес, бейбіт әдіс-тәсілдер арқылы жүргізуді ұсынды.
Бекіту
Сызбаны толтырыңдар
Голощекин геноциді Голощекиннің ұстанған бағытының зиянды жақтары
Топтастыру
Кеңес кезеңіндегі отырықшыландырудың мәні мен барысын сипаттаңдар
Қосымша мәліметтерді оқып шығып өз ойымен дәлелдеу.
Ұжымдастыру барысы Кемшіліктер мен қателіктер Қазақ зиялыларының наразылықтары Ұжымдастыру саясатына наразылық Шаруашылықтағы түбірлі өзгерістер Ерекшелігі Зардаптары
Тақырып бойынша ментал карта сызу.
Бағалау: Формативті, суммативті баға қою
Рефлексия «Сабақтың сәтті кезеңдері ........»