Бірлескен ж?мыс ар?ылы о?ушыларды? сыни т?р?ыдан ойлау да?дыларын ?алыптастыру
Талдықорған қаласындағы
М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп –лицейі
математика пән мұғалімі Нугербекова Алия ИсаиновнаБірлескен жұмыс арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын нәтижесін сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория болып табылады. Білім беру сапасы білім беру білім беру мазмұнын, оқу формасы мен әдістерін, материалдық техникалық базалары тағы да басқа әртүрлі көрсеткіштер жиынтығы бойынша анықталады. Сол себепті орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, қоғамды құрып дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл мақсатқа мұғалім шеберлігін үнемі арттырып, қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ғана жете алады. Оқушының өзі еңбектеніп алған білімі есте жақсы сақталатындығы, тақырып оңай және игерілетіндігі белгілі. Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту - баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін. Дәстүрлі емес сабақтарда оқушылардың дәстүрлі сабақтарға қарағанда психологиялық жағдайы басқаша, күндегіден басқаша қарым-қатынас, жауапкершілігі жоғары болады, сонымен бірге мұндай сабақта оқушы өзінің шығармашылық қабілетін, адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуға, өз білімін бағалауға, әр ғылыммен байланысын сезінуге, өз еркімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруда топтық жұмыс арқылы сыныптағы барлық оқушының ынтымақтастықта болуы, үлгерімі жақсы оқушылардың дайындық деңгейі төмен оқушыларға көмектесіп, өз қатарластарымен білімді бірге игеруге мүмкіншілік жасалады. Әсіресе, ұяң, өз пікірін топ алдында баяндай алмайтын оқушыларды қатарға қосудың тиімді жолдарының бірі - жұмыстар. Сондай-ақ оқушылар бір-бірінің пікірін тындауға және олардын пікірін құрметтеуге, айтылған өз пікірін еш кедергісіз жеткізуге, өзінің жалғыз қалатынына деген қорқынышты жоюға, яғни, оқушының өзіне деген сенімінің нығаюына, күрделі мәселелерді бірлесіп шешуге топтық жұмыстардың берері көп. Осындай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде бар жауапкершілікті оқушылардың өздеріне беріп, олардың өздерін жеке тұлға ретінде сезінуге мүмкіндік жасайды.
Бұл тапсырмаларды орындауда балалар өзінше бір «жаңалық»ашуға ұмтылады,ізденеді, ойланады, жауабын табу үшін еңбектенеді. Ең бастысы, оқушылардың білімге деген ынтасы артады,еңбек етуге деген ықыласы күшейеді.Олар өткізілгелі отырған сабаққа деген материалдарды іздеу үшін әр түрлі әдебиеттерді,басылымдарды қалай ақтарып кеткендерін өздері де байқамай қалады.Сабаққа күнделікті тыңғылықты даярланып,білімге деген ынта-ықыластары,белсенділіктері мен құлшыныстары арта бастайды. Яғни,оқушы тұлғасының танымдық қабілеттері дамиды, оқуға деген жағымды қызығушылығы қалыптасады дамиды.Тұлғаның қиындықтарды жеңе білу,өз қажеттіліктерін қанағаттандыру , интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Топтық жұмысқа тарту мақсаты: Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Ерекшелігі:
Таланттылар өздерінің қабілеттілігі мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады;
Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;
Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Өз тәжірибемнен сабақ жоспарының үлгісін көрсете кетейін.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу мен азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектер, оларды қосу және азайту, тақырыптары бойынша алынған білімдерін тиянақтау, жүйелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Осы талаптарды жүзеге асыру барысында ойын түрлерiн пайдалану
Сабақтың түрі: білімді бекіту сабағы.
Көрнекіліктері: сабаққа қатысты сызбалар
Күтілетін нәтиже: оқушылардың логарифмдік функция туралы түсінігі қалыптасады, графигін сызу біледі, логарифмнің қасиеттерін қолданып есептер шығара алады, сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстарды орындайды, сабақ барысында өздерін бағалайды.
Сілтеме: Мемлекеттік білім стандарты, математика – 5 оқулығы, дидактикалық материалдар
Қолданылған әдіс-тәсілдер: бірлескен оқу, диалогтық оқыту,сын тұрғысынан ойлау , оқыту мен оқуды бағалау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
Эмоциялық жағымды ахуал қалыптастыру, әр оқушының сабаққа деген өзіндік қатынасын анықтау.Оқушыларды сабаққа бейімдеп, психологиялық тұрғыдан дайындау үшін «Ақ тілек» тренингін өткізу:
Оқушылар қағазға жақсы тілек жазады. Сосын оны қорапқа салады. Сонан соң мұғалім оларды араластырып ұсынады. Алған хатты топ алдында оқып, өзіне бүгінгі күннің естелігі ретінде қалдырады.Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Топқа бөлінеді. Сабақтың мақсатын қояды.
Сынып оқушылары 4 оқушыдан 6 топқа бөлінеді.
2. (Топтың әр оқушысына жеке тапсырмалар беріледі) Тақтаға 4 тапсырма жазылады.
А) 1 тапсырманы әр оқушы өздері орындайды.
Б) 2 тапсырманы сағат тілімен дәптерді ауыстырып орындайды.
В) Оқушылар алдына келген тапсырманы тексеріп, бағалап, бағалау парағына жазады.
Тапсырмалар:
Ондық таңбаларының саны әр түрлі ондық бөлшектерді қалай қосып, азайтады?
Ондық бөлшектерді қосудың, азайтудың тұжырымдамасы.
Ондық бөлшектерді қосу мен азайтудың ұқсастығы мен айырмасы.
Ойынды қорытындылау:
Оқушылардың білімін фишкалар арқылы бағалау.
Математикалық лото:
Сынып оқушылары 4 оқушыдан 6 топқа бөлінеді.
Әр топқа құрастырмалы лото карточкалары таратылады. Әр топ дұрыс жауаптарын тауып, лото құрастыру барысында «Математикалық дәлелдеусіз ешбір ұйғарымды қабылдай алмайды». (Омар Хайям) сөйлемін құрастырады.
Сабақ соңында кері байланыс орнату арқылы сабақтың оқушылар қай деңгейде өткенін бағамдауға болады. Оқушылар сабақта алған әсерін нақты көрсетіп отырады, әр сабақ сайын кері байланыс орнатуды жүйелі жолға қою арқылы оқушылардың топтық жұмыстары арқылы өздеріне сенімділіктері нығайғанын және сабақтарды топтық деңгейде өткізу ұнайтынын айтты.
Қорытындылай келе, оқушылардың сыни ойлауын жүзеге асыруда топтық жұмыстың тиімділігі нәтижеге бағытталуында деп айтуға болады.