?з білімін жетілдіру та?ырыбы: «Сыни т?р?ыдан ойлау ар?ылы о?ушыларды? сауатты с?йлеу, жазу?а ?йрету»


Рудный қаласы әкімдігінің «№ 18 орта мектебі» КММ
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
МАЙРА САТЫБАЛДИНОВНА ШАРИПОВАНЫҢ
2016-2017оқу жылына арналған
өз білімін жетілдіру жоспары
Өз білімін жетілдіру тақырыбы: «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың сауатты сөйлеу, жазуға үйрету»
Мақсаты: 1) оқу процесінің сапасын арттыру;
2) оқушылардың танымдық және тұлғалық аясын дамытуды
қамтамасыз ету.
Міндеттері: 1) оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту және
оқушылардың танымдық және сөйлеу қызметін
белсендендіру үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жаңа технологияларды енгізу негізінде оқу сабақтарының өту сапасын арттыру.
Негізгі бағыттар Іс-әрекеттер мен іс-шаралар Есеп түрі Іске асыру мерзімдері
Кәсіптік 1. Пәндік басылымдар және ғаламтор арқылы жаңа педагогикалық технологиялармен танысу
2. «Учитель+» газетіне және «Орыс мектебіндегі қазақ тілі және әдебиеті» журналына жүйелі түрде жазылып тұру
3. Осы газеттер мен журналдардан мақалалар тізбесін жинақтау
4. Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған курстарда біліктілігін арттыру 2016-2017 о.ж.
Үнемі
Үнемі
Үнемі
Психологиялық-педагогикалық 1. Классикалық және заманауи психология мен педагогика саласында өз білімін жетілдіру Үнемі
Әдістемелік 1. Қазақ тілі пәні бойынша оқушылар білімін заманауи білім мазмұнымен жетілдіру
2. Қазақ тілі пәнін оқытудың жаңа үлгілерімен, әдістерімен және тәсілдерімен танысу
3. Ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға қатысу
4. Әріптестердің сабақтарына қатысу
5. Кәсіби қызметіне кезең-кезеңмен өзіндік талдау жасау
6. Ең үздік ашық сабақтар, қызықты тәсілдер мен табыстар туралы өзіндік қорын жасау
7. Әріптестерге арнап ашық сабақтар өткізу, қазақ тілі апталығына белсенді қатысу
8. Өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша педагогикалық кеңестерде баяндамамен сөз сөйлеу Педагогикалық кеңесте сөз сөлйеу
Қазақ тілі кафедрасының отырысында сөз сөйлеу
Қазақ тілі кафедрасының отырысында сөз сөйлеу
Педагогикалық кеңесте сөз сөлйеу
Үнемі
Үнемі
Үнемі
Үнемі
Үнемі
Үнемі
Үнемі
Үнемі
Ақпараттық-технологиялық технологиялар 1. АКТ зерделеу және оны оқу процесіне енгізу Үнемі
Денсаулықты қорғау 1. Оқу процесіне денсаулық сақтау технологияларын енгізу Үнемі
Шәкірт жүрегіне шындық пен адалдықтың таңбасын таққаны – ұстаздың мақсатына жеткені...
Мен таңдаған мұғалімдік кәсібі - қызығы мен шыжығы мол кәсіптердің бірі. Бұл маған қуаныш пен шаттық әкеледі, әсіресе, балалардың мейірімге, шексіз махаббат пен құрметке толы көздерін көргенде жүрегім бір елжіреп, оларға бәрін үйреткім, бәрін бергім келіп тұрады...
Тәрбие көрмей, тәлімгер бола алмайсың, бола қалғанда да жарытып іс бітірмейсің. «Егер сен өзіңді тәрбиелемесең, онда жаман мұғалімсің, егер тек өзіңді тәрбиелесең, онда тіпті мұғалім емессің»-деп айтылған мұғалімнің кәсіптік өисеттерінің бірінде. Мен оқуды, өзімнің педагогикалық шеберлігімді арттыруға ұмтылғанды ұнатамын.
Менің жұмыс істейтін тақырыбым: «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушыларды сауатты сойлеу,жазуға үйрету»
Алдыма қойған мақсатым:
Оқушының қабілеттерін дасмыту үшін жағдай жасау
Оқу процесінде ой-пікір жаңалықтарын жетілдіру
Міндеттері: оқу процесінде оқушыларды мыналарды:
бастыны (ерекшелеуге);
қорытынды жасауды;
қорытынды шығаруды;
қиын мәселелерді шешуді;
пікір таластыра білуді таңдауға үйрету.
Өзімнің педагогикалық қызметімде мынадай технологияларды:
оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
жеке-бағдарлау;
әр түрлі оқыту деңгейін;
күрделі оқытуды;
тестілеу технологиясын;
заманауи компьютерлік технологияларды пайдаланамын.