9 сынып?а арнал?ан ?аза?стан тарихынан саба? жоспары ?л азатты? ?оз?алыстар


Сабақ тақырыбы:"Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалысы"
Мақсаты:Білімділік мәні:“Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің”- демекші, туған жердің тарихын, соның ішінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің себептері, сипаты, қозғаушы күштерімен таныстыру.Дамытушылық мәні:Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, іздемпаздық қасиетін арттыру.Тәрбиелік мәні:“Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз” – дегендей, өз отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, “Бабалар ерлігі - ұрпаққа үлгі”, - деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: АраласСабақтың типі:Жаңа білім беруҚолданатын әдістер:Тірек-схема, таблица, тест, баяндау, карта, сұрақ-жауап.Жоспар:1. 1. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ( 1914-1918 жж).2. Көтерілістің себептері және басталуы.3. Қазақ демократтарының саяси көзқарастары.4. Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері.5. Жетісудағы, Торғайдағы көтеріліс6. Қозғалыстың қорытындылары жеңілу себептері және тарихи маңызы16-шы жылында,26-ші маусымда,Даланы қара түн басты,Найзағай ойнап от шашты.Жарлығы шығып патшаныңЕл сандалды, ер састы.Ежелгі кек оянып,Көтеріліп жұрт дуласты –осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Баяндау және тақтадағыны жылжытуБірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).Антанта (Англия, Франция, Россия).Соғыстың сипаты - басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті.1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда - 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа ұшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда - үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сондай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.Көтерілістің негізгі себептері:1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);2. Салықтар мен алымдардың көбеюі;3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;6. Орыстандыру саясаты.Кесте толтыруЖалпы ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуіне әсер еткен жағдайларКөтерілістің алғышарттарыЖер салығы Қоныстандыру саясаты Соғыс салығыКөтерілістің себептері1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды. Бұл жағдай қазақ даласына үлкен қобалжу туғызды. М. Дулатұлы айтқандай: " жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды".1916 жылғы 23 тамызда генерал - губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары; жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер; имамдар, молдалар мен мүдәрістер; ұсақ несие мекемелеріндегі жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар; дворян және ата – бабасынан бастап, сондай –ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті ұлт өкілдері.Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым салық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.Өлкені талан-таражға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді(негізінен, азықты)теміржол станциясына тасуға мәжбүр болды.Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері:Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.Олардың мақсаттары:- Қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт ұту.- Қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу.- Ұлттық автономия құру.Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды. Олар қазақтарды "Ресей мемлекетінің бодандары, Оттанның перзенті" деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: "Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді. қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз", - деп жазды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты:"Бірі - барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі -"бармаймын"деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді.. . "Олар:"қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады", - деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында. Қазақ халқының либералдық-демократиялық ойшыл өкілдері отаршыл империямен парасаты ымырластық тәсілін жүргізуді, халықтың амандығын ж/е оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дәлелдеді.Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды:1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә. Жангелдин, Ә. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ж. Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т. Рұсқылов, Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин, С. Мендешев, Ә. Жангелдин, Б. Алманов сияқты өкілдері де қатысты. Күрес барысында әлеуметтік жанжалдарды шешуде әр түрлі топтардың белгілі бір көзқарастары сынақтан өтті.Картамен жұмысКөтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері:1. Жетісуда – Т. Рысқулов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ұ. Саурықов, К. Мәмбетов, А. Қосаков.2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А. Иманов.3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С. Мендешев, Ә. Әйтиев.4. Маңғыстауда – Ж. Мыңбаев.5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.15-флипчарт Кестені сәйкестендіру, қалам арқылы жылжытып орнына апару."Жылдар сөйлейді" ізденушілік тапсырма.Жыл Болған оқиға1916 жылғы 25 маусым Патша Жарлығы бойынша, қара жұмысқа 19-43 жасқа еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болды.1916ж. Патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды.1913 ж. "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды" - деп жазған А. Байтұрсынұлы1907-1912жж. Қазақстанға Ресейден 2 млн 400 мың адам қоныстандырылды1916ж. Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны жарты миллионға жуық кеміді16-флипчарт Сөздерді бір-біріне бағыттауҚозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері. 1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанда, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Ол стихиялы түрде басталды ж/е әлеуметтік құрамы жағынан біртекті болған жоқ. Оған көмір кеніштерінің, мұнай кәсіпшіліктерінің, Ертіс кемшіліктерінің, Омбы, Орынбор-Ташкент теміржолының қазақ жұмысшылары қатысты. Олардың ауылмен ж/е шаруа қожалықтарымен байланысты қозғалысқа стихиялы шаруалар қозғалысы сипатын берді.Қозғалыстың басты күші тұтастай халық бұқарасы болатын.Кесте толтыру Оқушылар болған көтерілісті әңгімелеу барысында толтырадыҚозғалыстың Жетісудағы орталығы Қозғалыстың Торғайдағы орталығыТ. Бокин Қозғалыстыңбасшылары1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.Негізгі оқиғалар 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады.Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолдандыПатша өкіметініңқозғалысты басу үшінқолданған шаралары Ұлт-азаттық қозғалысты басып – жаныштау барысында патша өкіметі өзінің дала стратегиясын жүзеге асырды.1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.Нәтижесі 1917 жылы Торғай көтерілісі талқандалдыЖетісудағы көтеріліс.1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады.3. көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды.Осыған қарамастан көтеріліс үдей түсіп, Шу өзені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды.Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазалаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.Торғайдағы көтеріліс.Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Торғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.Торғай облысының әскери губернаторы М. М. Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер поштаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында туған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Торғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А. Д. Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батыс қара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Торғай даласында А. Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетаны мен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж. ) болды.Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л. Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді.. . Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Торғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Торғай көтерілісі талқандалды.Салдары:-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді.-161-і каторгаға айналды.- Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:1. Көтеріліс бытыраңқы болды.2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.5. Күні бұрын белгіленген жоспардың болмады.6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.Салдары: қазақтардың саны:- Қазақ өлкесінде – 446 мыңға;- Орта Азияда – 121, 7 мыңға;- Астрахань губерниясында – 51, 8 мыңға;- Россия империясында – 617, 5 мыңға азайды.Көтерілістің тарихи маңызы1. Қазақ халқының революциялық таптық санасы өсті.2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.3. Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды.Бекіту: Тест1. 1916 көтерілісшілерді қарумен, оқ-дәрімен жабдықтау мәселелерімен айналысқан Әскери Кеңес қайда құрылды?А) Торғай облысындаВ) ОрынбордаС) ЖетісудаД) ҚарақұмдаЕ) Сырдария облысында2. 1916 жылғы көтерілістің негізгі қозғаушы күші:А) Қазақ байларыВ) Қазақ интнллигенциясыС) Қазақ болыстарыД) Қазақ шаруалары мен қолөнершілеріЕ) Қазақ сұлтандары3. 1916 жылғы көтеріліске байланысты орыс патшасы қай генералды Түркістан өлкесіне генерал – губернатор етіп сайланды:А) КировтыВ) КуропаткиндіС) КурносовтыД) КонстантиновтыЕ) Кирюхинді4. 1916жылғы көтерілістің сипатыА) БуржуазиялықВ) Ұлт-азаттықС) ДемократиялықД) ЛибералдықЕ) Социалистік5. 1916 ж. Қарқарадағы көтеріліс жетекшілерінің бірі, би, болыс, әділ, ержүрек батырА) АмангелдіВ) ӘлібиС) БекболатД) КейкіЕ) Ұзақ6. «Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы?А) А. БайтұрсыновВ) Ш. ҚұдайбердиевС) Ә. БөкейхановД) Ж. АймауытовЕ) М. Дулатов7. 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыстың қамтыған жерлері:А) Бүкіл Қазақстан.В)Торғай облысы.С) Ақмола облысы.Д) Семей облысы.Е)Жетісу.8. 1916 ж. тамызда 5000 астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрменке?А) ТоқмақВ) БішкекС) ЫстықкөлД) ҚарқараЕ) Ұзынағаш9 Торғайдағы көтеріліс сардарбегі, Амангелдінің серігі, мерген. . . .А) МұнайВ) Ә. ЖанбосыновС) Е. КуревД) Кейкі батырЕ) Ұ. Саурықов10. 1916ж. ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді.А) 200 мыңғаВ)2 миллионға жуықС) 0, 5 млн жуықД) 1 млнЕ) 800 адамҚорытындылау.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жеңіске ұшыраса да, оның аса зор тарихи маңызы болды. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, елін жерін сүйген Амангелді, Бекболат тәрізді қаһарман, ержүрек батырларды шығарды. Қазақ халқының кім екенін дүние жүзі таныта білді."Ел үшін еңбек етсең, халқын сүймек,Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.Ер өлсе де ерлігін ел өлтірмес,Неше мың жыл өтсе де тарих білмек".Халық үміті орындалды - Қазақстан тәуелсіздік алды, егемендікке қолы жеткіздік.