?аза?стан тарихы. 1916 жыл?ы ?лт азатты? ?оз?алысы


Сабақтың тақырыбы:1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс.
Сабақтың мақсаты:1) Оқушыларға 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысты түсіндіре отырып, олардың жаңа тақырыптағы білімді игеруіне жол ашу.2) мемлекеттердің қалыптасуының алғы-шартын, оның белгілерін анықтай білуге дағдыландыру;3) тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ірі саяси тұлғаны үлгі ету.Сабақтың түрі:араласСабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау,іздену, топпен жұмыс,ой-қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық , карта, кеспе қағаз, А. Иманов портреті т.бСабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңіа) Оқушыларды түгелдеу.
ә) Сабаққа зейнін аудару.
б) Оқушыларды топқа бөлу.
І – топ Жетісу жүйріктері ІІ – топ Торғай тапқырлары.
Өткен тақырып материалдарын қайталау барысында «Брейн - ринг»ойыны.
Бұл ойында үш деңгейлі сұрақтар қойылады.
ІІІ – деңгейлі сұрақтар.
Қазақ хандығының негізін қалаған хандарды ата? (Керей мен Жәнібек)
Қ. Р тұңғыш конституциясы қай жылы қабылданды? (1993 ж 28 қаңтар)
Ел басқаруда Абылай ханның басты ұстанған саясаты. (Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалады)
Қазақ ханы Тәуке ханның алғашқы заңдар жинағы. (Жеті жарғы)
ІІ –деңгейлі сұрақтар.
Отан соғысы қай жылы, қай мемлекет арасында болды? (1812 жылы Ресей - Франция)
1836 - 1838 жылдары ұлт азаттық көтерілісті кімдер басқарды және қай аймақты қамтыды? (Батыс Оңтүстік Қазақстан өңірі)
Патшалы Ресейде мемлекеттік думаға қазақ зиялы қауым арасынан кімдер мүше болды? (М. Тынышбаев. Ә. Бөкейханов, Ш. Қосшығұлов т.б)
І – дүние жүзілік соғыс кезінде Ресейге қазақ жерінен жеткізілетін материалдық өнімдермен заттар. (Киіз үй, мал өнімдері, астық өнімдері т.б).
І – деңгейлі сұрақтар.
Монархиялық билік – қандай мемлекеттік басқару жүйесі? (өкімет билігі жеке – дара мұрагерлік жолмен билеушінің қолындағы басқару түрі ).
Айқап журналы қай жылдары кімнің басшылығымен жарық көрді? (1911 – 1915 жж Мұхаммед Сералин)
Патша үкіметі қазақтардан 1893 -1905 жж 4 млн десятина жер тартып алды, 1906 - 1912 жылдары алған жері одан 4 есе көп, ал 1917 жылы алған жері 1906 жылы 1912 жылы алған жерінен 29 десятина жері артық. Барлығы қанша десятина жер алды? (4+4*4+4*4+29= 65 млн десятина).
Үй тапсырмасы:
1.ХХ ғ басында Қазақстан аумағы алты облыстан тұрды және оның атаулары. (Сырдария Жетісу обл Түркістан генерал – губернаторлығына, Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары Дала г.г, Ішкі Бөкей ордасы Астрахан губерниясына, Маңғыстау – Закаспи обл қарады.)
2. Қазақ жерінде қандай кен орындары ашылды? (Қарағанды, Ембі, Жем т.б)
3. Дүние жүзі соғысы кезінде Қазақстанға салынған салық түрлері. (Әсери, земствалық, жол, ақшалай)
4. Қазақ жұмысшы шаруаларының басты егіншілік саладағы атқаратын жұмыстары. (жер жырту, егін егу, астық жинау т.б)
5. Дүниежүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуы және оның қазақ жеріне тигізген әсері. (1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс)
Жаңа сабақ:
І.1916 жылғы көтерілістің себептері.
ІІ. А. Иманов бастаған шаруалар көтеріліс.
ІІІ. Жетісудағы көтеріліс.
Қорытынды:
мерзімі
Болған оқиға 1916 жылғы 25 қазан 1916 жылы шілде 1916 – 1917 жж 1916 жыл қараша
Паташа жарлығы шыққан жыл + Көтерілісшілердің саны 50000 жеткен жыл +
Жетісудағы көтерілістің басталуы + Қозғалыс Қазақстанның аумағын қамтыған уақыты + Оқушыларды бағалау: 2, 3, 4, 5.Үйге тапсырма: 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс.