?аза?стан тарихы п?нінен саба? ?зірлемесі. та?ырыбы: ?аза?станда 1916 жыл?ы ?лт азатты? ?оз?алысты? басталуы ж?не сипаты
№25 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Қазақстанда 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың
басталуы және сипаты
Дайындаған: Бужиева Г.К.
Тарих пәнінің мұғалімі
Семей-2016
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың басталуы және сипаты Сабақтың мақсаты: Білімділік:1916 жылғы көтерілістің мақсаты,сипаты және тарихи маңызын баяндау,патшаның отрашылдық саясатына қарсы бағытталған қарсылықтары туралы баяндай келе,оқушылардың өз халқының тарихын меңгеруіне ықпал ету. Тәрбиелілік: Аталардың ерлік рухын сезіндіру арқылы,азаматтық тәрбие беру,шешендік сөз,сана ұлттық намысын қалыптастыру,ерлікке,батырлыққа,отанын сүйюге тәрбиелеу. Дамытушылық: Түсініп оқуға ізденуге.сыни тұрғыдан ойлауға,сөздік қорын дамытуға бағыттау Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгіме, ауызша сұрау, тест, топтық, өздік жұмыс, ойтолғау және шағын пікір талас.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиалық тақта, суреттер, тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география
Сабақтың барысы
Эпиграф: «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» Ш. Уәлиханов
Сабақтың басында: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша, әр топ сәттілік тілеп, бір-бірлеріңді бағалаңдар дейді. 1. Проблемалық сұрақ.
Кенесары Қасымұлы дегеніміз кім? — бүлікшіл сұлтан ба, әлде өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен басшы ма? (оқушылардың жауаптары)
2 Талдау арқылы көтеріліс туралы мәліметпен танысу. (топтық жұмыс)
Мұғалімнің сөзі
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді. Топтық жұмыс1-топ: Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды. Көтерілістің негізгі себептері: 1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты. 2-топ: Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды. Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
3-топ: Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас: 1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды. 3- қортындылау және бағалау Көтерілістің шығу себебі 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы 1916 ж 23 тамыздағы генерал губернатор Куропаткиннің құпия жарлығы Қара жұмысқа шақырудан босатылғандар -болыстық ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары -төменгі полиция шендері,имамдар,молдалар,ұсақ несие мекемелерінің есепшілері т.б Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері: 1. Жетісуда – Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков. 2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов. 3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. 4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев. 5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.
Жетісудағы, Торғайдағы көтерілістер туралы қысқаша мәлімет береді.
4-топ: 1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері: 1. Көтеріліс бытыраңқы болды. 2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады. 6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды. Салдары: қазақтардың саны: - Қазақ өлкесінде – 446 мыңға; - Орта Азияда – 121,7 мыңға; - Астрахань губерниясында – 51,8 мыңға; - Россия империясында – 617,5 мыңға азайды. Барлық топтар қосылып көтерілістің тарихи маңызың анықтайды. 1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
Қорытындылау.
Жалпы бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың ірі тарихи оқиға екендігіне тоқталсам деймін. Оған дәлел сол дәуірде өмір сүруші жазушы, ақын ағаларымыз да осы тақырып төңірегінде еңбектер жазған. Атап айтсақ биылғы жылғы «бір ел – бір кітап» деп оқытылуы қолға алынған М. Әуезовтің – «Қилы заманы», С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі», Ж. Аймауытовтың «Қартқожасы», С. Мұқановтың «Ботагөзі» («Жұмбақ жалауы»).Рефлексиялық сұрақтар.- Осы қарастырылған сұрақ бойынша сендердің білімдерің қалай өзгерді?- Сендерді қандай жағдай таңдандырды?- Бүгінгі сабағымызда біз не істедік?- Осы сабақ сендердің әрқайсыңа не берді деп ойлайсыңдар?Бағалау тест және «Бұл қай қайраткердің сөзі»«Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» А .Байтұрсынов «Жұрт сеңдей соғылды,түнде ұйқыдан,күндіз күлкіден айырылды» М.Дулатұлы «Қазақ секілді іргелес жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару жарақ асынып,мемлектті қорғауға лайық еді,қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз» А.Байтұрсынұлы «Қазақ қырғыз осы көтерлісте көп адамын өлтіріп,шаруасын күйзелтсе де келешекте қандай ел екенін білдіреді» Ә.Бөкейханов Үй тапсырмасы. 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс тақырыбын толық қамтитын 15 сұрақтан тұратын тест дайындап келу.