?аза?станда?ы 1822 жыл?ы Сібір ?аза?тары туралы Жар?ы


Алматы облысы. Ақсу ауданы
Құрақсу ауылы
«Құдаш Мұқашев атындағы негізгі
орта мектебі, МДШО» КММ
тарих пәні мұғалімі Сарқытова Б.С
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы 1822 жылғы Сібір қазақтары туралы Жарғы»
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушылардың патша үкіметінің отаршылдық саясатының бір көрінісі «Жарғының» ерекшеліктері, жүргізілген реформаның қазақ қоғамына әсері, Қазақстандағы хан билігі жойылуының себептері туралы түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушының сыни тұрғысынан ойлай алу, өздігінен іздену, сенімділікпен жұмыс жасау, өз пікірін ашық айту, ғылыми тұжырым жасай алу дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Қазіргі заман талабына сай білімді, тарихын білетін әрі құрметтейтін, иманды, адамгершілігі мол, жат іс-әрекеттен аулақ, өзіне сын көзбен қарай алатын, ұлтжанды, отансүйгіш азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану
Көрнекілігі: Тақырыптық карта, интерактивті тақта
Сыныпта психологиялық ахуал туғызу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру
Сабақтың кезеңдері:
1.«Қызығушылықты ояту»
Кубизм стратегиясын қолдану
2. «Мағынаны ашу»
«Инсерт» стратегиясы
«АКВАРИУМ» стратегиясы
3. «Ойтолғау»
«ФИШБОУН» стратегиясы
4. Үйге тапсырма
Өзіндік жұмыс
І. «Қызығушылықты ояту»
Кубизм стратегиясы
1.ХІХ ғ. І жартысында өнеркәсіп пен кәсіпшілікте қандай тұрақты жаңа салалар қалыптасты? (балық аулау,тұз өндіру, метал, тас көмір өндіру, жел диірмені,ұста дүкені, былғары зауыттары)
2. 1820 ж. тау – кен өндірісіне тартылған жатақтар саны қанша? (6мың адам)
3. Қазақстанның Орта Азия хандықтарымен, Сібірмен, Қытаймен өзара тиімді сауда байланысын кеңейткен кезі?( ХХғ І ж )
4.1803ж Ресей үкіметі неге рұқсат берді? (көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауға)
5. Қазақстанның батыс өңіріндегі ірі сауда орталығы. (хан Ордасы)
6. 1822 ж Жарғының алғышарттары қандай?
(1. Қазақстандағы ХVIIIғ соңы мен ХІХ ғ басында қалыптасқан әлеуметтік – саяси өзгерістер Қазақстандағы хандық билік жүйесін әлсіретті)
ІІ. «Мағынаны ашу» «Инсерт» стратегиясы
«1822 жылғы Сібір қазақтары туралы Жарғы» тақырыбын түртіп оқу
АКВАРИУМ
СҰРАҚ: «Сібір қазақтарының Жарғысы» қашан қабылданды?
ЖАУАП:1822 ж
СҰРАҚ: : «Сібір қазақтарының Жарғысы» кімнің басшылығымен дайындалды?
ЖАУАП: М.М.Сперанскийдің
СҰРАҚ : Жарғыны жасауға қатысқан болашақ декабрист кім?
Жауап: Батенков
Сұрақ: «Сібір қырғыздарының Жарғысы» бойынша Қазақстанда құрылған
әкімшілік жүйесі.
Жауап: үш буынды 1.Округ. 2.Болыс. 3.Ауыл
Сұрақ: «Сібір қазақтарының Жарғысы» бойнша ауыл неше шаңырақтан тұрды?
Жауап: 50-70 шаңырақ
Сұрақ: Жарғы бойынша болысқа кіретін ауыл саны.
Жауап: 10-12
Сұрақ: Округтер қайда бағындырылды?
Жауап: Омбы облыстық басқармасына
Сұрақ: : Жарғы бойынша қылмыстық істер қаралатын орган.
Жауап: округтік приказдар.
Сұрақ: «Сібір қырғыздарының Жарғысы» бойынша сот ісі нешеге бөлінді?
Жауап: 3- ке
Қылмыстық істер
Шағым айту
Талап ету
ІІІ. «Ойтолғау» «ФИШБОУН» стратегиясын қолдану
жылғы реформаның салдары Қазақстанды қандай жағдайға әкелді ?
2014 жылғы 11.ХІ Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» реформасы Қазақстаннның әлемдік сахнадағы орнын қалай көрсетеді
Үйге тапсырма: Өзіндік жұмыс «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» тақырыбына хабарлама дайындау