Бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы?тары мен жетістіктері


Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылықтарымен жетістіктері
Мақасаты: Оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.
 
   " Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз" демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,оң  нәтижелер беруде.   
 Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев  «Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» дейді.
Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білік, білім,дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Әр бала жас кезінен еркін ойлауға алдына қойған істі жоспарлап оны соңына дейін жеткізуге,кедергілерге қарсы түруға бейімделгені жөн.
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізедіБастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы—ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.
Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.
Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсетсек:
 
Шығармашылық сабақтың ерекшеліктеріДәстүрлі сабақШығармашылық сабақСабақ мақсаты:А) мұғалім үшін: жаңа материалды беру;Ә) оқушы үщін: жаңа білімді меңгеру. Сабақ мақсаты:А) мұғалім үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру;ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу
Сабақтағы іс-әрекет түріА) мұғалім үшін: жаңа сабақты түсіндіру;ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау. Сабақтағы іс-әрекет түріА) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру;ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.
Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті. Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.
Сабақ тақырыбына көзқарас — кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас. Сабақ тақырыбына көзқарас — мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы.
Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады.
Оқушы шығармашылығын әр пән бойынша да дамытып отыруға болады.Мысал ретінде әдебиеттік оқу сабағын алайық.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
Мәтін бойынша мақал құрастыру.
Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)
Өлең, мақалдар құрастыру.
Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
Кейіпкерге мінездеме беру.
Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.
Рөлге бөліп оқыту.
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
Диалог-ертегі.
Образға кіру.
Күтілетін нәтиже: өзіміздің іс- тәжірибемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.
Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артады.
Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.
Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артады.
4. Орындалған жұмыстар нәтижесімен ата-аналар таныстырылып, пікірлеседі.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.
Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
Бастауыш сынып оқушылары үшін шығармашылықтың маңызы зор.Біздің мектептің бастауыш сынып оқушылары да шығармашылық жұмыстармен айналысады.Оқушылардың әр пәнге деген қызығушылықтары да зор.Оқушылар портфолиосы әр сынып оқушыларында бар.Портфолиоға өздерінің шығармашылық жұмыстарын,сыныптан тыс іс-шаралар бойынша жасаған жұмыстарын,қол еңбектерін салып отырады.
Оқушыларымыз әртүрлі журнал,газеттерге жазылып,салған суреттерін,шығармаларын баспа беттеріне ұсынып отырады.
Әртүрлі пәндік олимпиядаларға,интеллектуалды жобаларға қатысып марапатталып жүрген оқушыларымыз да жетерлік.Пәндік олимпиядаларды,шығармалар байқауын,сурет көрмесін,қолөнер байқауларын жиі ұйымдастырып оқушыларымызды марапаттап отырамыз.
Спорт саласы мен өнер байқауларында топ жарып,жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушыларымыз да жетерлік дей келе баяндамамды аяқтаймын.Назар салып,тыңдағандарыңызға рахмет!