Презентация к уроку Затты? атын білдіретін с?здер
Бекітемін
Мерзімі: 26.12.2014ж
Пәні: сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар. Жаңылтпаштар.
Сабақтың мақсаты:
1. Жұмбақтар, жаңылтпаштар туралы түсінінік беру.
2. Еңбек ете білуге баулу.
3 Оқушылардың ақыл- ойын дамыту,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ.Мақсат қою:
тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
а) Жаңылтпаш туралы мағлұмат беру.
ә) Жаңылтпаш айтып үйрену.
Жоян қоян оянды, Кірпі, кірпі!
Қоян жоян боянды. Түрпі сырты.
жоқ
Шегіртке –акробат! Сақал, мұрты
Секіреді, қатырады-ақТөбеден қара
Шегіртке
Кірпі, кірпі,
Батыр- акробат!
Жердің құрты.
Ақ қоян, сұр қоян. Түлкі күлкі іздейді,
Ақ, сұр қоян барлығы, «Айлакермізбіз!»дейді. бір қоян Таулы , шөлейт, түз мейлі,
Түлкі, күлкі іздейді.
ІҮ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта нені білдік?
Бекітемін
Мерзімі: 26.12.2014ж
Пәні: дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.Сабақтың мақсаты:Білімділігі: өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі, тамыр туралы түсінік қалыптастыру; өсімдіктің қоршаған ортаға пайдасы, адам өміріне маңызы және экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.Дамытушылығы: оқушылардың ақыл – ойын, есте сақтау, ойлау, тіл байлықтарын, танымдық белсенділіктерін дамыту.Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалыққа, еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.Түрі: жаңа сабақты меңгерту.Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіруСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.а). сабаққа дайындық.ә). Оқушылардың назарын сабаққа аудару.2. Психологиялық дайындық.3. Өткен тақырыпты еске түсіру. (сұрақ – жауап арқылы).- Табиғат дегеніміз не?- Табиғат нешеге бөлінеді?- Тірі табиғатқа жататындарды ата.- Өлі табиғатқа жататындарды ата.4.Жаңа сабақты меңгерту.Өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы түсінік беру. Тамыр – оның түрлері жайлы сурет арқылы түсіндіру. Сонымен бірге өсімдіктің тірі – ағза екенін айта отырып, еліміздің, қаламыздың көркеюіне, ауаның таза болуына Елбасымыз ерекше көңіл бөліп отырғанын айту. Қазіргі табиғаттың, экологияның нашарлап, орман алқаптарында өсімдіктердің азаюына байланысты мемлекеттік “Жасыл ел ” бағдарламасының орны ерекше. Елбасымыздың бағдарламасы бойынша қаланы көркейту, жыл сайын ағаштар отырғызу жұмыстары алға қойған мақсаттардың бірі болып отыр.5. Топтастыру. (өсімдік мүшелерін суреттер арқылы топтау).Өсімдік мүшелері↓СабақЖапырақГүлЖемісТұқымТамырТамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.6. Оқулықпен жұмыс.Мәтінді тізбектей оқушыларға оқыту.7. Дәптермен жұмыс.Тамыр түрлері↓Тік тамырҰзын тамырШашақ тамыр8. Сергіту сәті:Жел тұрды,Жапырақтар тербелді.Жаңбыр сіркіреді,Жаңбыр құйып кетті.Жаңбыр басылды,Күн ашылды.9. Сабақты қорытындылау.Өсімдіктердің мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы, тамырдың түрлерімен таныстық.Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай,табиғатты, өсімдіктер мен жан – жануарларды қорғап, аялайық.14. Бағалау.15. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, табиғаттың суретін салу.