М?ш??р Ж?сіп К?пеевті? Шайтанны? саудасы мысалы мен Г?лшат-Шеризат дастаны
Смағұлова Гүлжазира Ғинятқызы
Рудный қаласы әкімдігінің «№7 орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жоғары санатты педагог
Қазақ әдебиеті
10-сынып
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Шайтанның саудасы» мысалы мен
«Гүлшат - Шеризат» дастаны
Түрі: бірлескен жұмыс
Типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақ барысында оқушылардың айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын дамыту мақсатында белсенді оқу, жазу әдіс-тәсілдері алынды. Қолданған тапсырмалар оқушылардың сын тұрғысынан ойлауды үйренуіне, өз көзқарастарын білдіруге, кейіпкерге баға беруге үйретеді. «Ширату» бөлімінде оқушылар берілген сөздерге тақырып бойынша ақпарат береді, сол арқылы олардың білімдері тексеріледі. «Қабырғадағы рөл» әдісі кейіпкерге баға беруге үйретеді. Ал «Айналма бекет» әдісі оқушылардың белсенді жазу дағдысын қалыптастырады. «Сана саяжолы» әдісі оқушылардың өз қарастарының қалыптасуына негіз болады.
Оқу мақсаты А3 Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар істей алады:
Орта көлемді мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап берелі, шығармалардағы кейіпкерлерге сипаттама бере алады.
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Мәтіннің негізгі идеясын анықтай алады, өз ойларын сыныптастарымен бөлісе алады.
Кейбір оқушылар істей алады:
Мәтіндегі негізгі идеяға қатысты өз көзқарастарын білдіреді және оны дәлелдей алады.
Осының алдындағы тақырып Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығын оқып келу. «Шайтанның саудасы» мысалы мен «Гүлшат - Шеризат» дастанымен танысу.
Жоспарланатын уақыт Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Ресурс
Басы
3 минут.
7 минут
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, сабақ барысында орындалатын тапсырмаларға, тапсырмалардың қалай орындалу керектігіне, жетістік критерийлеріне тоқталады.
Сыныпты топтарға бөледі.
Ширату.
Үй тапсырмасын тексеру үшін интерактивті тақтадан сөздерді көрсетеді де, оқушылардың атын атау арқылы сөздерді айтады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және орындалатын тапсырмалармен танысады.
Сурет қиындылары арқылы топтарға бөлінеді.
Берілген сөздерге байланысты өткен тақырып бойынша ақпарат айтады. Мысалы, оқушыға «тілдер» сөзі берілсе, оқушы: «Мәшһүр Жүсіп араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеріп, үнемі өз бетінше оқу, іздену арқылы заманындағы білімділер қатарында болады» деп жауап беруі керек. Сурет қиындылары
Интерактивті тақта.
Сөздер: Туған жер, шығармашылық қадам, мақала, Самарқан, тілдер, Хұсайыновтар баспасы, Арқадағы жер атаулары, Әсет Найманбаев, дайын сюжет, «Сарыарқаның кімдікі екендігі», В.Радлов, мәшһүр, «Ғибратнама», Парахзат, тақырып.
Ортасы
10 минут
10 минут
«Шайтанның саудасы» мысалын меңгерту бойынша «Қабырғадағы рөл» әдісін қолданады.
«Айналма бекет» әдісі бойынша топтарға тапсырманы түсіндіреді.
Оқушылар флипчартқа «Шайтанның саудасы» мысалы бойынша кейіпкердің суретін салады. Кейіпкердің суретінің ішіне сол туралы не білгендерін жазады да, сыртына кейіпкер туралы нені білгісі келетіні туралы сұрақтар жазады. Постерлерін қорғайды. Жазған сұрақтарын басқа топтарға қояды.
Оқушылар флипчартқа «Гүлшат-Шеризат» дастаны бойынша 5 сөйлемнен жазады. Шарты:
Сөйлем жазу барысында әр сөйлемнің астынан жол қалдырып отырады және 3 қате жіберілу керек (емлелік, тыныс белгіден)
Келесі топқа басқа топтың флипчарты беріледі.
Келесі топ алдындағы топтың жазған әр сөйлемінің астына мазмұнын толықтыратын 5 сөйлем жазады. 3 қатені табады.
Флипчарттар қайтадан өз топтарына қайтарылады. Қателердің дұрыс табылуын тексереді.
Қорытынды шығарылады. Флипчарттар, маркерлер.
Топтық жұмыс
Флипчарттар, түрлі түсті маркерлер
Соңы
10 Сабақты қорытындылау мақсатында «Сана саяжолы» әдісін қолданады.
Оқушылардың арасынан 1 оқушыны таңдап, кейіпкер сайлайды.
Кейіпкер–оқушы ортада тұрады, ал қалған оқушылар екі қатар тұрады. Кейіпкер-оқушы екі қатар тұрған оқушылардың арасынан жүру барысында оқушылар оған кейіпкердің іс-әрекетіне сай аргументтерін сыбырлайды. 1-жағы – жағымды санасы, 2-жағы – жағымсыз санасы. Кейіпкер – оқушы екі жақты тыңдап өткеннен кейін, өз шешімін айтады. Қай жақтың аргументтері нақтырақ болғанын айтады. 966909151879570710415361196852091146998421372113438744576115314591870381530896-5348313591681530351137115«Сана саяжолына» қатысатын оқушылардың тұруы.
Рефлексия
3 минут «Бес саусақ» арқылы бағалау. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты. Сұқ саусақ – мына сұрақ бойынша мен нақты жауап алдым. Ортанғы саусақ – мен үшін қиын болғаны. -39370-60388500Аты жоқ саусақ – сабақтағы психологиялық ортаны мен қалай бағалаймын.
Шынашақ – мен үшін жеткіліксіз болғаны.
Үй тапсырмасы
2 минут «РАФТ» стратегиясы бойынша хат жаздыру.
Р – рөл
А – аудитория
Ф – форма
Т - тақырып Оқушылар өздерінің қалауы бойынша кейіпкер таңдайды.
Мысалы,
Р – оқушы
А – Парахзатқа
Ф – хат
Т – «Өз ісіңді дұрыс деп санайсың ба?» Оқушы дәптері
Қосымша ақпарат
Бағалау Пәнаралық байланыстар, денсаулық және техника қауіпсіздігі, АҚТ қолдау. Құндылықтармен байланыс.
Мақсатқа жетті:
Орта көлемді шығармалардың кейіпкерлерін сипаттайды;
Негізгі идеясы бойынша өз ойын дәлелдеп айтады.
Мақсатқа жетуге талпынды:
орта көлемді шығармалардың кейіпкерлерін сипаттайды; бірақ өз ойын дәлелдеуге қиналады. Қазақ тілі
АКТ