Т?здарды? жіктелуі,алынуы,химиялы? ?асиеттері ж?не ?олданылуы.


  Химия 8-сыныпСабақтың тақырыбы: § 48. Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы
Жалпы мақсат: Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері және қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасау, өз ойларын еркін айтуға, тұжырым жасай білуге, түрлі тапсырмалар арқылы сыни ойлауға, топтық жұмыс арқылы өзара ынтымақтастық әрекет дағдыларын дамыту
Сілтеме: Химия (оқулық)
Химияны оқыту әдістемесі
Интернет материалдарыКүтілетін нәтижесі: Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы жайындағы ақпараттарды өз беттерінше оқып, танысады, талдайды, топтық жұмысқа бейімделеді, сыни ойлауға үйренеді.
Түйінді идеялар: Топта біріге жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-бірінен үйренеді. ЖАДА жүзеге асады. Критериалды ойлауға әдеттенеді.
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақтаОқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
АКТ
СТО 1.Диалог
2.Жұптық жұмыс
3.Топтық жұмыс
4.Жеке жұмыс
Дерек көздері: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс- әрекеті
Уақыты Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Ресурстар
2 минут Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу), топқа бөлу; Оқушылар үш топқа бөлінеді. Сандар жазылған қима қағаздар
3 минут Сергіту Әуен сазымен сергіту сәтін орындайды. Компьютер
Қызығушылықты ояту кезеңі 6 минут
Тұздар


«Жүзім шоқтары» тақырып бойынша тұздар жайлы бұрынғы білетін ақпараттарын жинақтайды. Постер
Маркер
Мағынаны тану кезеңі
23 минут Топтық жұмыс
1-топ: Тұздардың жіктелуі
2-топ: Тұздарды алу жолдары
3-топ: Тұздардың химиялық қасиеттері
4-топ: Тұздардың қолданылуы
Есептер шығару
№ 4 есеп
Генетикалық байланысы бар заттарды химиялық теңдеулер арқылы дәлелдеу
№ 5 есеп.
Берілген айналымдардың химиялық реакция теңдеулерін жазу
Топтық жұмыс
Ынтымақтастық әрекет барысында жаңа білім алады. Өз беттерімен жұмыс жасайды, білімдерін шыңдайды, өзгеге түсіндіреді.
1-топ:
Орта тұздар
Қышқыл тұздар
Негіздік тұздарТұздардың аталуы мен ерігіштік кестесі туралы түсінік
Суда еритіндер – Е Аз еритіндер – АЕ Ерімейтіндер – ЕМ
2-топ:
1. Металл мен бейметалл2. Негіздік және қышқылдық оксид3. Негіздік оксид және қышқыл4. Қышқылдық оксид және негіз5. Қышқыл мен негіз6. Тұз бен қышқыл7. Тұз бен тұз8. Тұз бен негіз9. Металл мен қышқыл10. Белсенді металл мен тұз
3-топ:
Тұз бен металлТұз бен негізТұз бен қышқылТұз бен тұзТұз айырылады
4-топ:
Адам ағзасында- 5,5%Табиғи су мен теңізде- 0,5-3,5%HgCI2 – сулема- ақ түсті, тіс қақсағанда, теміреткіге қарсы.NaCI – ас тұзыAgNO3 – ляпис-түссіз кристалды зат. Тері, көз, тері ауруында.HgS – киноварь. Бас айналу мен жүйке ауруларында қолданылады.
Постер
Маркер
Оқулық
Power point
таныстыры
лымы
Интерактивті тақта
Ой толғаныс 10 минут Кесте
Біле
мін Білдім Мен үшін жаңа ақпарат Мені таң қалдырды
Жеке жұмыс
Өтілген тақырыпты пысықтау үшін кестені толтырады.

Парақшалар
Маркер

2 минут
Үйге тапсырма: § 48. Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. №7-есеп
Үй тапсырмасын жазып алады. Оқулық
Бағалау
3 минут  Жиынтық (суммативті) баға қою Формативті бағалау Бағалау парағы
 
 

Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
Аққұм ауылы Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Құлмаханова Гүлзира