Сутек.Жай зат ж?не элемент,алынуы мен ?асиеттері.
Мұғалім: Даткаева Фарида Мауленовна
Пән: Химия Сынып: 8 «Ә»
Сутек.Жай зат және элемент,алынуы мен қасиеттері.
Технология БиС
Тақырып:Сутек. Жай зат және элемент, алынуы және касиеттері.
Сабақтың мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау. Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету
Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғаттың жанашыры болып табиғатты қорғауға өз үлесін қосуына тәрбиелеу.
Түрі: Ауызша сабақ-1
Технология «БжС»
Ауызша – 1 сабақ картасы
1- кезең
Ұйымдастыру.
Мақсатты айтуКарта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі
1. Өткен тақырып бойынша қарама - қарсы сұрақтар
2. Тірек сөздер3. Мәтінмен жұмыс ҚҚС
4. СТС
5. ТСҚ
Сөз көшбасшыға беріледіХимия– түпсіз терең зор ғылым
Қамтитұғын тіршіліктің барлығын
Жылдамдық жаттықтыруы
I. Оқушылардың субъектті іс - тәжірибесін өзектендіру
1) Үй тапсырмасын қайталау..
Матрицамен жұмыс.
Қарама-қарсы сұрақтар:
Сыныптағы бала саны – 18= 11 бала 5 алып 63% сапаны құрайды
І кезең: Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама –қарсы сұрақ қою 1.Авогадро заңы қай жылы ашылды?
2.Авогадро заңы қалай оқылады?
3. Авогадро саны нені көрсетеді?
4. Қалыпты жағдай деп қандай жағдайды айтады?
5. Авогадро заңынан қалыпты жағдайда не шығады?
6. Молярлық көлем деп қай көлемді атайды?
7. Молярлық көлемді қалай табуға болады?
8. Газдардың зат мөлшерін қалай табуға болады?
9.Газдардың салыстырмалы тығыздығы деп нені атайды?
10. Газдардың салыстырмалы тығыздығы қай әріппен белгіленеді?
11.Әдетте газдардың салыстырмалы тығыздығы қандай газдар бойынша есептеледі?
12. Ауаның орташа молярлық массасы нешеге тең?
13. Бірінші газдың салыстырмалы тығыздығы мен екінші газдың салыстырмалы тығыздығы ненің қатынасына тең?
14.Әртүрлі газдардың молярлық массасын қалай табуға болады?
15.Қай формуламен газдардың тығыздығын табуға болады?
16.Қалыпты жағдайда оттектің тығыздығы қалай анықталады?
17.Қысым тұрақты болғанда газдардың көлемдік қатынастары қалай?
18.Әрекеттесуші газдардың көлемдік қатынастары қалай анықталады?
2) Тексеру. Матрицаны толтыру. Пайызды анықтау.
2- кезең
Жаңа сабақ:
Тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, тәжірибе көрсету (2 - 5 мин)
II. Қабылдауды ұйымдастыру
Тірек сөздерімен жұмыс. Тірек сөздерге түсінік беру. Тақтаға тақырыпқа
байланысты тірек сөздер берілген: Элемент. Зат. Таралуы. Ашылуы. Өнеркәсіпте. Зертханада. Қасиеттері.
1) Оқу, есте сақтау, - 30 сек.
2) Блок жабылды, балалар естерінде қалған сөздерді жазады – 30 сек
3) Тексеру.(6 - 7 сөз) Матрицаны толтыру. Пайызды анықтау
4) Толықтырып жазып алу
5) Көзді жұмып 3 сөзді өшіру, оны тапқызу, сөйлем құру
III. Ұғынуды ұйымдастыру
Мәтінмен жұмыс
1) Мәтінді оқу (1бетке - 4 мин) барлығы 2,5 бет -10минут
2) Тірек сөздердің мазмұнын ашу. 4’ минут беріледі
Түсінудің біріншілік тексеруі
Қарама - қарсы сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.
Қарама - қарсы сұрақтар:
1.Сутекке элемент ретінде сипаттама 2.Сутекке жай зат ретінде сипаттама
3.Сутек қайда ең көп тараған, неліктен?
4.Сутектің көп тараған ең басты қосылысы?
5. Сутек жер қыртысында қандай қосылыстар құрамына кіреді?
6.Жер қыртысында сутектің массалық үлесі нешеге тең?
7.Өсімдіктер мен жануарлардың организміне оттекпен қатар не кіреді?
8.Атмосфераның төменгі қабатында қай кезде сутек жиналуы мүмкін?
9. Сутекті не ретінде пайдалануға тиімді?
10. Сутекті бірінші рет алған қай ғалым, қашан?
11.Кім және қай елдің ғалымы сутекті жай зат екенін анықтап, қасиеттерін зерттеп, оған атау берген?
12. Өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі?
13.Судан басқа өнеркәсіпте сутекті неден алуға болады?
14.Метаннан алған әдісінің кемшілігі неде?
15.Зертханада сутекті қандай заттардан алуға болады?
16.Сутекті қандай әдістермен жинауға болады?
17.Белсенді металл қышқылмен әрекеттескенде қандай заттар тұзіледі?
18. Сутектің физикалық қасиеттерін атап бер?
«Құтқару шеңбері»
Сутекті не ретінде пайдалануға тиімді?
Өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі?
Сутектің көп тараған ең басты қосылысы?
IV.кезең Біріншілік бекітуді ұйымдастыру
Сын тұрғысынан сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады.
Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.
Сын тұрғысынан сұрақтар: 1.Жай зат ретінде сутек 5 атомнан тұрады, дұрыс па?
2. Жер қыртысында сутек өте көп тараған, соған келісесінбе?
3.Сутек ең жеңіл газ болғандықтан, ғарышта өте аз тараған, дұрыс па?
4.Сутек отын ретінде пайдалануы тиімсіз , келісесінбе?
5.Жер қыртысында сутек кездеспейді, ойткені ол тек суда болады, келісесінбе?
6.Сутекті ең бірінші алған француз ғалымы А.Лавуазье, дұрыс па?
7. “Гидрогениум” дегеніміз латынша “тұз тудырушы”дегенді білдіреді, ма , қалай ойлайсың?
8.Жер қыртысында сутектің массалық ұлесі өте көп па?
9.Сутек ғарышта көп болғасын , оны сол жақтан алуға тиімді ме?
10. Сутекті өндірісте тек кана судан алуға болады, , соған келісесінбе?
11.Неліктен сутекті судан алу тиімді?
12.Зертханада сутекті қандай металдарды қышқылмен әрекеттестіріп алуға болады?
13.Сутектің жылу өткізгіштігі қандай?
14.Белсенді металл сумен әрекеттескенде қандай заттар тұзіледі?
15.Сутек суда нашар еритінін пайдаланып ,қандай әдіспен оны жинауға болады?
16. Сынауыққа жинап алған сутектің тазалығын қалай тексереді?
17. Зертханада сутекті алу үшін қандай аппаратпен пайдаланады?
18.Сутек қай температурада сұйылады?
«Құтқару шеңбері»
Сутек отын ретінде пайдалануы тиімсіз , келісесінбе?
Сутектің жылу өткізгіштігі қандай?
3.Сутекті ең бірінші алған француз ғалымы А.Лавуазье, дұрыс па?
V. Талдау
Тақырыптық сөздік қор.
Мәтіннен сөздер немесе мәтіннің мазмұнын жазу. Сөздер қысқартылмай, толық жазылады. Шығарма түрінде жазуға рұқсат етіледі. Жалғаулықтар сөзге жатпайды.
56 сөз. (5 минут)
1) Матрицаны толтыру
2) Ең көп сөз жазған оқушы сөздерін оқып береді.
3) ТСҚ - ның пайызы есептеледі.
Түйсіну: 4 - 5 белгі - 5 ұпай
3 белгі - 4 ұпай
2 белгі - 3 ұпай
1 белгі - 2 ұпай
3 – кезең
Қорытынды сапа нормативі оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиісI кезенде -12+
II - 14+
III -13+
IV - 12+
V - 9+
Үй тапсырмасы 4+ белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады. Тақырыпты оқып, тақырып сонындағы А,Ә,Б сұрағына жауап беріп келуге.