Адам т?л?асынан ?лшем алу, ?лшем алу ережелері


Сабақтың тақырыбы: Адам тұлғасынан өлшем алу, өлшем алу ережелеріЖалпы мақсаты:Адам тұлғасынан өлшем алу, өлшем ұғымы туралы білімін кеңейту, Дамытушылық: Ойлау, бақылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік: Топпен, жұппен жұмыс істеу барысында тәртібін, жауапкершілігін тәрбиелеу. Киім кию мәдениетіне қызығушылығын арттыру, көркемдік (эстет-ық) көзқарасын тәрб.Күтілетін нәтиже: Оқушылар көйлек тігу үшін, адам тұлғасынан қажетті өлшем алуды үйренеді.Ресурстар Дәптер, қалам, постер, маркер, адам тұлғасының суреті, мәтін, бағалау парағыҚолданылатын әдістер Сыни тұрғыдан ойлау, «Артефакт» әдісі, Проблемалық ситуация,
Ой қозғау, Графикалық диктант, Көрнекілік стратегиясы, Сәйкестендіру тесті, Рефлексия. Сарамандық жұмыс. нұсқау картасы, критерийлер арқылы бағалауТапсырмалар ∙ Сұраққа жауап беру; ∙ Жұппен, топпен жұмыс ұйымдастыру;Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру; Жеке жұмыс.
Сабақ кезеңдері: Мұғалім іс-әрекеті. Оқушы іс-әрекетіҰйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Кезекші рапорты.
Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар топтарға бөлінеді (өздерін таныстырады)
І -топ. Тігін машинасының шығу тарихы.
ІІ-топ. Тігін машинасынвң құрылымы.
ІІІ-топ. Машина тігістерінің түрлері
ІҮ-топ. Айлабұйымдар: бауды бүгіп тігуге арналған; қайырып тігетін табан; бүрме жасауға арналған табан; жасырын инешаншым жасауға арналған; шектеулі сызғышты табан;
Графикалық диктант арқылы қорытындылау ж/е граф. дикт, арқылы сабақты ашу.
Графикалық диктант,Тақырыбы: «Тігін машинасы» иә « + », жоқ «-»
1.Тігін машинасымен жұмыс істегенде жарық сол жақтан түсу керек.
2.Іс тігуші мен машина арақашықтығы 16-20 см брлу керек
3.Іс машинасын сабақтаған кезде аяқты педальдан алу керек
4.Машина іске қосылмай тұрғанда қысу табаны түсіп тұрады
5.Қол машинасын 1870 жылы ойлап тапқан
6.Аяқ машинасының ең керекті деталы аяқ жетегі
7.Ине дұрыс егелмесе: жіп үзіледі, мата жібтерін үзеді
8.Қайыққа шөрікті кигізгеннен кейін, жіп 10-15 см шығып тұрғаны дұрыс
--Графикалық диктант, Тақырыбы: «Киімдер» иә « + », жоқ «-»
1.Киім адамды ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
2.Тұрмыстық киім түрлеріне – күнделікті, салтанатты, үйде киетін киім түрлері жатады. 3.Өндірістік киім - әскери адамдардын киімі.
4.Санитарлық киім – шикізат, өнім, азық – түлік, керек – жарақтарды тұрмыстық заттардан, адам денесін оқшаулау.
5.Спорттық киім – туризм және спортпен айналасатын адамдар киеді.
6.Формалық киімдер - өрт сөндірушілер, мектеп оқушылардың киімдері.
7.Салтанатты киім түрлерін арзан мата түрлерінен тігеді.
8. Киім түрлері жыл мезгіліне бөлінеді.
Проблемалық ситуация. «Киім» сөзіне ой қозғау. Қандай киім түрлерін білеміз?
Оқушылардың киім туралы пікірлерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашамын.
І топ: классикалық стиль. ІІ топ: спорттық стиль. ІІІ топ: Романтикалық, жастар стилі.
ІҮ Фольклорлық стиль

Әр топтан 1оқушы тақтаға шығып киімдер киеді. Киімде қандай кемшіліктер байқалады?
Қыздар 1 оқушыда киім дұрыс отырғанын, 2 оқушыда тар, ал 3 оқушыға сыймайды, 4 оқушыда үлкен екенін байқайды,
- Әр адамға киім дұрыс отыру үшін, қонымды болу үшін не істеу қажет?
- Әр адамға киім дұрыс отыру үшін, қонымды болу үшін сол адамның өлшемдеріне сәйкес тігілуі үшін адам тұлғасынан өлшем алуымыз қажет.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Дәптерлеріне жазады. 
Сабақтың тақырыбы: Адам тұлғасынан өлшем алу.
Сабақтың мақсаты: Адам тұлғасынан өлшем алу, өлшем ұғымы туралы білімін кеңейту, Дамытушылық: Ойлау, бақылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу іскерлігін дамыту.
ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгінгі сабақтың негізгі сөздері: сән, өлшем.
Сән (мода) – латын сөзі (modis – өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі деген ұғымды білдіреді). Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Өлшем дегеніміз - адам денебітімінің негізгі өлшемдерін, өлшеу арқылы алу
Өлшем алу үшін сантиметірлік таспаны пайдаланамыз.Оны 1810 жылы француз тігіншісі ойлап тапқан. Таспаның ұзындығы 150 см болу керек. Өлшем дұрыс болу үшін үнемі бір таспаны пайдалану жөн.
Мәтінмен жұмыс. Мағынаны тану:
Киім – бірінші қажеттілік зат. - Адам қоға-мының дамуына, өзгеруіне байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады
Киімді конструкция-лауда негізгі операция-лардың бірі «өлшем алу» болып табылады.
Кез келген бұйымды дайындау үшін оның сызбасын жасау керек. Ал сызбаны дайындау үшін адам денесінің өлшемін алу қажет. Өлшемді дұрыс түсіру үшін дене бітімінің сызықарын білу керек
Көрнекілік стратегиясы: «Адам тұлғасы» суреті. Әр топқа сурет тарату.

Ой қозғау. «Артефакт» әдісі: Суретке қарап, ой пікірімізді ортаға саламыз.
Суретте не бейнеленген?( адам тұлғасы)
Адам тұлғасының суреті не үшін қажет? (денебітім сызықтарын анықтау үшін)
Өлшемді алу кезінде сақталатын ережені қайталайық. - Қандай өлшемдер қажет?
Барлық тұлғалар өлшемі үш топқа бөлінеді:
Тұлғалар өлшемі:               
1.Айналым (мойын, иық, білек, кеуде, бел, бөксе )
2.Ендері (артқы бой, кеуде, иық)
3.Ұзындықтары (белге, қолға дейінгі). Бұйым ұз
Сантиметрмен өлшегенде размерді толық жазады да, ал HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%B7" \o "Қағаз"қағазға көшіріп үлгі сызғанда жарты өлшемге түсіреді Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерімен белгілейді.Мысалы, айналым – А, жартылай айналым – Жа, Орам – О, жартылай орам – Жо, ені – Е, биіктік – Б, ұзындық – Ұ.
Жартылай мойын айналымы (орамы) – Жмойа, (Жмойо)Жартылай кеуде айналымы (орамы) – Жка, (Жко)
Жартылай бел айналымы (орамы) – Жба, , (Жбо)Жартылай мықын айналымы (орамы) – Жма, (Жмо)Бұйым ұзындығы - Бұ.Бұйым ені - Бе.
Өлшемді алу үшін мына ережелерді сақтау керек
1. Өлшемді адамның оң жағынла тұрып алады, алдымен алдыңғы жағынан, одан кейін артқы жағынан өлшейді.
2. Белді алдын ала жіппен буып қояды
3. Өлшем алынатын адам тіке тұруы қажет
4. Денені өлшегенде таспаны тартуға немесе босаңсытуға болмайды
5. Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады
6. Айналым және ен өлшемдерін жартылай жазады
Өйткені сызба тұлғаның жартысына ғана орындалады
Сарамандық жұмыс.  Тапсырмалар. Барлығын көрсетіп болған соң, қыздарға денебітімінің өлшемдерін алу үшін нұсқау картасы таратылады. «Сән ательесі»
1.Өз өлшемдерін алу Әр топтан екі оқушы шығып, бір-бірлерінің өлшемдерін алады.
Нұсқау картасы «Сән ательесі»
өлшемдер белгілері өлшемдердің аталуы өлшем алу реті өз өлшемдерім
Жмой а Жартылай мойын айналымы Мойынды айналдырып, тамақ астына дейін өлшейді, Жка Жартылай кеуде айналымы Қолтық асты арқылы кеуденің көтеріңкі тұсының үстінен өлшейді Жба Жартылай бел айналымы Өлшемді бел сызығы үстінен жүргізіп алады . Жма, Жартылай мықын айналымы Өлшемді мықынды айналдыра іштің шығыңқы тұсын ескере отырып өлшейді. Иа Иықты айналдыра өлшеу Өлшемді қолды айналдыра, қолтық асты деңгейінде алады . Ба Білезік сүйекті айналдыра өлшеу. Білезік сүйекті айналдыра өлшеп алады. Ие Иықтық ені. Өлшемді мойын тұсынан, иық үстімен жүргізіп алады . Қш ұз Қолдың шынтаққа дейінгі ұзындығы Өлшемді иықтан бастап, шынтаққа дейін алады Қбс ұз Қолдың білезік сызығына дейінгі ұз. Өлшемді иықтан бастап бас бармақтың түбіне дейін, шынтақты бүгіл тұрып алады Әр топтағы оқушылар, 2 қыздан бөлініп бір-бірінің өлшем бірліктерін алып, дәптерлеріне түсіреді.
Сабақты қорытындылау:«Сәйкестендіру тесті» Орны алмасқан сөздердің орнын табу
Жмойа, Бұйым ұзындығы
Жка Бұйым ені
Жба Жартылай мықын айналымы
Жма, Жартылай бел айналымы
Бұ. Жартылай мойын айналымы
Бе. Жартылай кеуде айналымы
Бағалау. Критерийлер арқылы өздерін бағалау. Әр топ өз жұмыстарын келесі топтарға көрсетіп, бір - бірін бағалайды.Рефлексия. Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін параққа жаздыру. Оқушылар алған әсерлерін жазады. Күн сәулесі күлімдеп шығады.

Үйге тапсырма: Өлшем алу