Оттекті? химиялы? ?асиеттері. Жану


Бекітемін:
Мұғалімнің аты-жөні Хожаметова Венера №11 орта  мектебіСыныбы8 «Б,В» 34 сабақКүні: 12.01.2017
Сабақтың тақырыбы: Оттектің химиялық қасиеттері. Жану
Сілтеме Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы , 8 сынып. Менделеевтің периодтық жүйесі.
Жалпы мақсаты Оттектің табиғатта таралуы,физикалық және химиялық қасиеттері,реакция теңдеулерін жазып, теңестіру,икемділіктерін қалыптастыруХимия пәніне қызығушылығын,химиялық формула,химиялық теңдеу құру,дағдыларын арыттыру,танымдық қабілетін,ой-өрісін дамыту
Күтілетін нәтиже Оттектің химиялық қасиеттерін білетін болады. Реакция теңдеулерін жазу дағдылары жетіледі
Негізгі идеялар Жану, тотығу, оксид
Құрал-жабдықтар:
Химия оқулығы 8, периодтық жүйе
Сабақтың түріЖаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдерСұрақ - жауап, талдау, жинақтау, жеке жұмыс, оқулық пен жұмыс.
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Мұғалімнің іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылардың сабаққа даярлығы
-Оқушыларды түгелдеу
-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау Сынып оқушылары үш қатар болып жарысады.Әр қатар оқушылары көрші қатардағы оқушыларға сұрақ қояды.
А) Оттектің жалпы сипаттамасы
Ә) «Оттек-элемент»және « Оттек –жай зат» деген ұғымдардың арасындағы айырмашылық.
Б) «Оттексіз тіршілік жоқ» дегенді қалай түсінесіздер?
В) Өршіткі деген не?
Г) Қандай ғалымдарды білесіздер? Оттекті алғаш алған, ауаның құрамын зерттеген ғалымдарды атаҒ) Оттектің физикалық қасиеттеріІІІ. Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс:
Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.
«Оттектің химиялық қасиеттері. Жану»
Мәтінмен таныстырып шығады.
Сынып жұмысы І тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті элемент таңбасын қойып,теңдеуді теңестіріңдер. А) Н2О2→....+....                    Б)... + О2→Р2О5 Ә)....+НСL→ZnCl2+H2             В)....+....→Li2O
ІІ тапсырма: Мына өзгерістерді қалай жүзеге асруға болады?А) С→СН4→СО2 Ә)S→H2S→SO2 Б)Н2О→О2→СаО
Есептер шығару: (№7 есеп,65 бет) Массасы 260 гр ацетилен С2Н2 толық жанғанда түзілетін көміртек диоксидінің массасын есептеңдер.
IҮ.Қорытынды бөлім 1.Мырыштың тотығу реакциясының теңдеуін жазып, теңдеудегі барлық коэфициент жиынтығын табыңдар: а) 3; ә) 5; б) 6; в) 4. 2. Пропанның толық тотығу реакция теңдеуін жазып, теңестіріңдер де оттектің алдына қойылатын коэффициент санын табыңдар. а) 5; ә) 3; б) 2; в) 6. Үйге тапсырма: §33 оқып келу.
Бағалау:
Оқушылардың іс-әрекеті
Оқушылар бүгінгі сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын алады. Сабаққа дайындалады.
Оқушылар берілген сұрақтарға өз жауаптарын айтады.
Оқулықпен жұмыс жасайды, тапсырманы бірінші орындаған оқушылар жұмыстарын тақтаға жазады.
Реакция теңдеулерін жазып теңестіреді