Саба? ?аза? тілінде та?ырыбы: Ауа. Ауаны? ?асиеті (2 — сынып)


Сыныбы: 2 «б»
Тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиетіМақсаты:
а) Оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру. Ауаның адам өміріндегі маңызын  түсіндіру. Үш тілде маңызды сөздердің айтылуымен таныстыру.
ә) Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету.Тәжірбиелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту.
б) Байқампаз болуға ,қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Түрі: жаңа сабақты игеру.Әдісі: түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап.Көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, дидактикалық материалдарСабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
Сабағымызды Садықбек Хангелдиннің «Бәрі- менің өмірім, сен сыйлаған» өлеңімен бастайық!
Табиғат!
Тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен – Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен – Көлсің,
Сен – Ормансың,
Сен – Бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Сен – Жарықсың,
Сен – Жерсің,
Сен – Гүлсің,
Сен – Адамсың,
Сен – Ауасың,
Сен – Анамсың
Бәрі – менің өмірім,
Сен сыйлаған,
Туған жерім – Отаным -Қазақстан
Топтастыру
Қызыл, жасыл, сары, көк шарды таңдап алу арқылы әр түс өз топтарына отырады.
Өткенді қайталау. Жеке жұмыс
Топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.
топ: Берілген парақшадан суретті тауып көрсету.
топ: Берілген парақшадан сұлбаны анықтап көрсету.
топ: Шартты белгілер арқылы жергілікті жердің сұлбасын анықтау.
топ: Сурет, сұлба, жергілікті жердің сұлбасы – дегеніміз не?
Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Электронды оқулықтан жұмбақ көрсету арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын білетін боламыз. Бар ма , жоқ па, оны анық білмейсің.Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.(Ауа)
Дәптермен жұмысОлай болса бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Ауа. Ауаның қасиеті». Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің реті мен тақырыбымызды жазамыз.
Ескерту:
Дәптер мен көзіміздің ара - қашықтығы 30 см болуы керек. Дәптерді көлденең қою арқылы, иығымызды тік ұстап жазамыз.
-Адам өміріне қажетті жағдайлар нелер?
- ауа, жарық, жылу, тамақ, су т.б.
Адамдар да, өсімдіктер де, жануарлар да тіптен барлық тіршілік иелеріне ауа керек. Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз – Жерді қоршап тұр. Осы қабатты – атмосфера деп атайды.
.

Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жіберер еді.
Ауаның құрамына тоқталайық!
Азот-78% Оттегі-21%
Көмір қышқыл газы-1%

Оқулықпен жұмыс
Әр топ оқулықтан өз беттерінше іштей оқиды, түсінгендерін айтады.
 Сарамандық жұмыс.
Оқушыларды орындырынан тұрғызып орындыту.
1.Ауызды жауып,танауыңды қысып,ішіңнен сана.Тұншығасың.Сонда адамға демалу үшін не қажет? –Ауа.
Ауа көзге көрінбейді.
2.Ыстықтап терледің салқындау үшін желпіндің.Сен ауаны сезесің.
3. Ауаны көреміз бе?
–Жоқ.
- Неге?
–Себебі ол-түссіз.
4.Шар үрлейміз. 4- топқа 4 түрлі шар: қызыл,көк,сары, жасыл шар беремін.
- Оның ішіне не толды?
-Ауа, яғни ол орын алады.
- Ол шарға қайдан келді?
-Ішімізден,яғни адамда ауа болады.
- Ол қалай келеді?
- Дем алу арқылы.
Дәптермен жұмыс:
Ауаның негізгі қасиеттерін жазып аламыз: көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз.
Топпен жұмыс:
Енді осыларды дәлелдейтін тәжірибелер жасаймыз.
Әр топ орыдарында отырып , бірге орындайды.Әр партада құралдар әзір тұрады.
І топ: Тәжірибеге керек заттар:1 стакан су,қант.
1-тәжірибе.
Бір стақан суға бір түйір қант сал.Судың бетіне ауа көпіршіктерінің шыққанын көресің. Осыдан қант түйіршігінде ауа бар екенін білдік.
ІІ топ: Тәжірибеге керек заттар:1 стакан, ішіне су құйылған ыдыс.
2- тәжірибе.
Ішіне су құйылған ыдысқа стақанды төңкерейік.Стақанға су кірмейді. Себебі стақанның ішінде ауа бар,ол орын алып тұр. Ол стақанды сол қалпында кішкене қисайтсаң ауа көпіршіктері шыға бастайды. Стақаннан шыққан ауаның орнына су кіреді.
ІІІ топ: Тәжірибеге керек зат: доп
3-тәжірибе.
Допты ал. Оны қолыңмен бүйірінен қыс.Бүйірі қабысып ішке қарай кіреді. Бұл кезде доп ішіндегі ауа сығылады. Ал допты жерге немесе жарға ұрып қарасақ,доп ыршып,секіріп,жоғары көтеріледі. Басқаша айтқанда серпіледі.Серпіліп тұрған оның ішіндегі ауа.
ІҮ топ: Тәжірибеге керек заттар: балауыз, банка, стакан.
Оқушылар қарап отырады.Жіңішке балауыз шырағданның біреуін тең етіп үшке бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қойып.Біреуін стақанмен,екіншісін үлкен шыны банкамен жауып, ал үшіншісін ашық қалдыру керек.Байқаймыз қайсысы қай уақытта сөнер екен.Әрине ең алдымен стақанмен жабылған шырағдан сөнеді.Банкамен жабылғаны ұзақтау жанады.Ал ашық тұғаны біткенше жанады.
Сығылады, жылуды сақтайды, отты жанғызады-
деген қорытынды шығарамыз.
Сергіту сәті.
«Көңілді күн» музыкамен ырғақты қозғалыс жасау.
-Балалар жаттығуды қайда жасап тұр?
-Бақтың ішінде жасап тұр.
-Бақтың ішінде ауа қандай болады?
-Таза болады.
-Дұрыс.Таза ауа денсаулыққа пайдалы. Кейбір жағдайларда ауа ластанады.
Топпен жұмыс:
І топ: Ребусты шеш
ІІ топ: Ауаны не ластайды? (Сурет салу)
ІІІ топ: Сұрақ – жауап.
ІҮ топ: Тәжірибе бойынша білген ауаның негізгі қасиеттерін атаңдар.
Сабақты бекітуНе үйрендік?

Ауаның сығылатынын, серпілетінін, жылуды сақтайтынын, отты жанғызытынын
Бағалау
Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Барлық оқушыларды от шашу арқылы бағалау.
Үйге тапсырма
Оқып, түсінік айту.