Орманны? пайдасы ашы? саба?


Тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау.
Мақсаты: 1. Орманның пайдасы және орманды қорғауды түсіндіру, «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктер туралы туралы мәлімет беру
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Табиғатты қорғауға және сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Суреттер, карта, сызбалар, сөзжұмбақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, проблемалық, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа назарларын аудару. 2.Үй тапасырмасын сұрау. Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары.
І топ Орман өсімдіктері
Қайың жапырағы ауру тудыратын бактерияларды өлтіреді. Ағаш майы жара мен күйікті жазады. Шырыны ағзаны шынықтырады. Қалақай ыстықты түсіреді, қабынуды басады, жөтелге, бүйрек ауруына көмектеседі, қан кетуді тыяды. Жөке гүлі ыстықты түсіреді, тоңазығанды қалыпқа келтіреді. Уланғанда көмектеседі.
ІІ топ Орман жануарлары
Орман жануарлары ағашты, бұталы жердің тіршілік жағдайына жақсы бейімделген.Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл, жасылдау болады. Мысалы сілеусіннің түсі теңбіл, борша тышқан – ақ жолақты қоңыр болып келеді. Тиін жаңғақпен қоректенеді, ағаш басына өрмелеп шығып, ағаштан –ағашқа секіріп тіршілік етеді, оның тырнақтары өткір болады.
ІІІ топ Орман құстары Орман құстары – тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ. Олар – орман қамқоршылары. 3. 3.Білімді жан-жақты тиянақтау. Сөзжұмбақты шешу
1.Лас сөзінің антонимі.
2. Тіршілік үшін ең қажетті нәрсе.
3.Барыс септігіндегі жан сөзі
4. Ем сөзіне мәндес сөз.

«Таза ауа – жанға дауа» Ауаның құрамын естеріне түсіру. / сұрақ-жауап/
Ауа қоспасындағы ең көп газ – азот. Ол ауаның үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78 % азот, 21 % оттегінің үлесінде. Көмірышқыл газының ауадағы үлесі оттегіден 700 есе аз.
78% 21%
1 %
1%




Ауадағы оттегі неліктен таусылып қалмайды?
Жұмсалған отегінің орнын жасыл желек толтырып отырады. Олар қоректенгенде ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады.
- Ауаны тазартудың ең тиімді жолы қандай? Көгалдандыру арқылы біз ауаны тазартуға өз үлесімізді қоса аламыз.
4.Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.
5. Жаңа сабақ.
а\ Орманның пайдасы және оны қорғау Орманның шаруашылық және адам өмірі үшін зор маңызы бар. Орман егіс далаларын жазда аптапты ыстықтан, желден, құрғақшылықтан қорғайды.Демалыс үйлері , тынығу орындары ең алдымен ағаш арасына салынады. Себебі, оның ауасы таза, әрі шипалы. Жасыл ағаштар болмаса, біздің ғаламшарымыздағы оттегі адамдардың тыныс алуына жетпес еді. Бір сөзбен айтқанда, шаруашалаққа орман өнімін пайдаланбайтын бірді-бір сала жоқ деуге болады. Орман жомарт табиғаттың адамға тартқан сыйы, мол байлықтың қасиетті қоймасы. Орманға саяхат кезінде табиғатты аялай білген дұрыс. Қоқыс қалдырмауды, отты арнай орынға ғана жағуды ескерген жөн. Кетерде отты әбден сөндіру керек. ә\ Картамен жұмыс. Картадан көрсету. Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі.Қазір елімізде мемлекет ағаш кесуді қатаң бақылауға алған. Кесілген ағаштардың орнына жаңадан ағаштар отырғызады.Орманды жерлерде қорықтар ұйымдастырылып, оларда ағаш кесуге, жануарларды аулауға қатаң тыйым салынған. Алматы, Ақсу –Жабағылы, Наурызым қорықтарында мыңдаған гектар жерді ормандар алып жатыр. Ондағы көптеген өсімдіктер мен жануарлар қорғауға алынып, кейбір азайып кеткен түрлер, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Егер қорғау шараларын жүргізбесек олар мүлде жойылып кетуі мүмкін.»Қызыл кітап» міне осындай өсімдіктер мен жануарларды қорғауға шақырады. б/Жұмбақтар шешу Тақтада ілініп тұрған гүлдер астына жазылған жануарлар туралы жұмбақтарды шешу. в/ Дәптермен жұмыс. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер: жабайы долана, жабайы алмұрт, майқарағай,, қара кірпі, көксуыр, құндыз, қызыл қасқыр, сусар, сілеусін, барыс, арқар, қоқиқаз, ұлар, дуадақ, ақтырна т.б..
в/ Оқу жұмысы. Мәтінді оқушыларға іштей оқыту және мәнерлеп оқыту.
6.Түсінгендері тексеру
Орманды қалай қорғаймыз? Орманның пайдасы?
Қоқыс тастамау
Өрттен сақтау
Ағаштарды кеспеу
Көгалдандыру
... Ауаны тазалау
Шаруашылықта пайдаланамыз.
Демалу орындары
Таза ауа
...
7.Сабақты қорыту.
-Орманның пайдасы туралы айт. Орман не үшін қажет? Орманды қалай қорғаймыз?
8.Үй тапсырмасы
Мәтінді оқу, мазмұндау, қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар туралы материалдар жинау. Бағалау.