Ашы? саба?:Орманны? пайдасы ж?не оны ?ор?ау.


Пәннің аты:Дүниетану Уақыты:15.15.15. Кабинет:215 Мұғалім:Бабышева Балзия
Сабақтың атауы Орманның пайдасы және оны қорғау
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Орманның шаруашылықтағы және адам өміріндегі маңызын ашып көрсету және табиғатты қорғау қажеттілігіне баса назар аудару. Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды қойма екендігі және орманның тіршіліктегі маңызды қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Орман табиғат қазынасы, халық байлығы екендігі туралы дамыта білім бере отырып оқушылардың есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Психологиялық ахуал Есте сақта!
Орманда ескі полиэтилен пакеті немесе шыны шөлмекті лақтырмас бұрын ойлан, ол қанша жылда шіриді
Жағажайда,бұлақта немесе көл жағасында болсақ суға ештеңе лақтырма
Сұлу табиғатта қоқыс қалдырма, өзіңнен кейін жинап кет Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану Мұғалемнің түсіндірмесі Орманның пайдасы және оны қорғау.
Орман ағаштарынан алынатын өнімдер: тұрмыстық бұйымдар, құрылыс материалдары, құнды аң терілері, құстардың мамығы, жеміс – жидек, киім, азық – түлік .Тұрмыстық бұйымдары: үстел,орындық,сөрелер,есік, терезе, бесік, кереге т.б.
Қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы: дәптер, газет, кітап, журналдар... Темір жолшы: ағаш вагондар, темір жолдың астына салатын төсеніштер... Дәрі – дәрмек жасаушылар: ағаштан алынған дәрі – дәрумендер Инженер: жасанды табиғи жолмен алынған маталар,жіптер... Экология пәні жалғастырады: Орман табиғаттың тарту еткен байлығы, баға жетпес халық қазынасы екендігін дәлелдеу үшін орманның маңызды қасиеттеріне көңіл бөлейік. Ауаны оттегімен байытады
Орманның маңызы. left0Климатты жақсартады фитонцид left0left0left0
Топырақты қорғайды
left0left0Суды қорғайды left0Егістікті қорғайды
1. Ауаны оттегімен байытады. Жер бетіндегі оттектің 60% ормандар береді. Бір ағаш тәулігіне 3 адамның тыныс алуына қажетті оттегін бөледі. Жаз айында қайың ағашы 44 кг, емен 28 кг көмір қышқыл газын сіңіреді.2. Климатты жақсартады. Ормандар суықтың, құрғақ желдің әсерін әлсіретіп, климатты жақсартады. 3. Топырақты құрғақшылықтан сақтап, топырақта ылғалдың сақталуына, құнарлылығын сақтауға жағдай жасайды.4. Орман су ресурстарын қорғайды. Ашық жерлерге қарағанда ормандарда қардың еруі жай жүретіндіктен, су көздеріндегі судың деңгейі реттеліп, тасқынды болдырмайды.
Сергіту сәті Тұрып қалмай жантайып,
Бiр еңкейiп, шалқайып,
Жылдам-жылдам қозғалып,
Асқақ әндер айтайық.
Ой толғаныс Қорытынды: Венн диаграммасы. left0left0left0
Оқушыларға орманға байланысты ойдан өлең шығарып келу тапсырмасы берілген. Елнардың өлеңі.
Көрікті даламыздың ормандары,
Орман деген аң, құстың қорғандары.
Осындай байлықтарды қорғаймыз деп,
Адамдардың дұрысқой толғанғаны.
Үйге тапсырма Мазмұндау. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады