Word м?тіндік процессоры. Word-ты? графикалы? м?мкіндіктері. М?тіндік ??жат?а графикалы? бейне кірістіру. Фигуралы? м?тін енгізу.
Пән: Информатика
Пән мұғалімі: Махмет Іңкәр Келденқызы
Тақырыбы: Word мәтіндік процессоры. Word-тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру. Фигуралық мәтін енгізу.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға WORD-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Графикалық бейне, мәтін кірістіруді үйрету.
Б) Мәтіндік құжаттарын графиктік бейнелер мен мәтіндермен безендіре білу дағдылларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі:
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Мысал арқылы түсіндірмелі баяндау
Сабақ типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге практикалық жұмыс орындау.
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен тоқсанда біз Word мәтіндік процессорын бастадық. Бүгін сабақты әрі қарай жалғастырамыз.
Жаңа сабақ: Word мәтіндік процессоры. Word-тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру. Фигуралық мәтін енгізу.
Енді біз бүгінгі сабақта WORD-тың графикалық мүмкіндіктерін өтеміз. Мәтіндік прцессорда тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кіпрістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.
Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолын айтайық.
Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар.
Вставка-Рисунок-Картинки командасын орындайсыңдар.
Коллекция картинок командасын орындайсыңдар.
Избранное терезесі ашылады.
Терезенің сол жақ бөлігінен Коллекции Microsoft OFFICE бетін ашасыңдар.
Суреттері бар бөлімдердің ішінен қажетті бөлімді таңдап, оң жақ бөліктен қажетті суреттің жанындағы стрелка батырманың үстінде маус батырмасын шертесіңдер.
Шыққан динамикалық менюден Копировать батырмасын шертесіңдер.
Терезені жауып, сурет енгізетін жерге курсорды қойып, Правка-Вставить командасын орындайсыңдар.
Сонда сурет мәтінге кірістіріледі.
Суреттің өлшемі ұнамаса оны кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Ол үшін суреттің үстінде маустың сол жақ батырмасын бір рет шертіңдер. Суреттің жақтауларында сегіз төртбұрыш пайда болады. Сол төртбұрыштардың үстіне маус нұсқағышын апарсаңдар екі жаққа бағытталған стрелка пайда болады. Сол стрелка бағытымен среттің өлшемін маустың сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап созып өзгертуге болады.
Суреттің өлшемін өзгерткен соң оның үстінде маустың сол жақ батырмысн шертіп, Формат рисунка командасын орындаңдар. Формат рисунка терезесінде Положение қосымшасында шертіңдер де, Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастаңдар. ОК-ді басыңдар. Енді суреттеріңді қалаған жерлеріңе апарып қоюға болады.
Кірістірген сурет мәтіннің оң жақ немес сол жақ шетінде орналасуы үшін, Обтекание қосымшасын таңдау керек. Одан ейін қажетті жағдайды таңдап ОК-ді басу керек.
Фигуралық мәтін кірістіру.
Егер мәтіннің тақырыбын немес мәтін ішінде кездесетін ерекше сөздерді әдемілеп жазу керек болса, онда фигуралық мәтін енгізуге болады.
Ол үшін:
Меңзерді фигуралық мәтін орнлаласатын жерге қойып, Вставка-Рисунок-Обьект WORDART командасын орындау керек.
Коллекция WORDART терезесінде ұнаған қаріп стилін шертіп, ОК-ді басыңдар.
Изменение текста WORDART терезесі пайда болады. Ондағы Текст надписи өрісіне өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіңдер де, ОК-ді басыңдар.
Мауспен фигуралық жазбаны орнатыңдар.
WORDART аспаптар панелі.
Батырма суреті Міндеті Батырма суреті Міндеті
WORDART обьектісін қосу Еркін айналдыру
Мәтінді өзгерту WORDART әріптерін биіктік бойынша туралау
WORDART коллекциясы WORDART вертикаль мәтіні
Обьектінің пішімі WORDART-ты туралау
WORDART пішіні WORDART символаралық интервалы
Аталған әрекеттер компьютерде демонстрацияланады.
Тақырыпты бекітуге практикалық тапсырма.
Құлағы
1600200146050
Құйрығы
Аяғы
Көзі
Есекті біреу байлапты
Аулада аштан қалдырып
Сорлының жағы талмапты
Өңешін созып бақырып
Сабақ соңында оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып, қайталап келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар