Ротаны? т?уліктік нарядыны? ат?аратын ?ызметтері, ??рамы ж?не ?арулануы, рота бойынша к?ндізгі кезекшіні? міндеттері, ?зіні? кезекті міндетін ат?аратын к?ндізгі кезекшіні? бекетін жабды?тау ж?не жара?тандыру, тікелей басты?тары келген кездегі, «Жиын» белг


Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда гимназиясы
АӘД мұғалімі Мадетхан Нұрбол
Сабақтың тақырыбы: Ротаның тəуліктік нарядының атқаратын қызметтері, құрамы жəне қарулануы, рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттері, өзінің кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін жабдықтау жəне жарақтандыру, тікелей бастықтары келген кездегі, «Жиын» белгісі берілгенде, дабыл жəне өрт болған жағдайдағы күндізгі кезекшінің əрекеттері, бос ауысымдағы күндізгі кезекшінің əрекеттері, күндізгі кезекшінің телефон бойынша мəлімдеме беру тəртібі, ротаға басқа ротаның əскерилері келген кездегі, рота аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің əрекеттері
Сабақтың мақсаты Оқушыларға ротаның тəуліктік нарядының атқаратын қызметтері туралы толық мәлімет беру.
Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны:АӘД кабинетіКөрнекілік құралдар. АӘД оқулығы.ішкі қызмет жарғысы
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің тағайындалуы, құрамы және қарулануы. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің және оған бағыныштылардың міндеттері. Тәуліктік кезекші қызмет атқаруға арналған орынның жабдықталуы.
Тәуліктік наряд - әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің жеке құрамын, қару жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй-жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ осы жарғыда белгіленген тәуліктік наряд қызметі бойынша басқа да міндеттерді орындауға арналған.
Тәуліктік нарядтың құрамы:
бөлім бойынша кезекші;
бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;
қарауыл;
кезекші бөлімше;
парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілер;
кезекші фельдшер және медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшілер;
бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші және оның көмекшілері;
асхана бойынша кезекші және оның жұмысшылары;
бөлім штабы бойынша кезекші;
кезекші белгі беруші-барабаншы;
шабармандар;
өрт наряды.
Бөлім бойынша бұйрықпен күнделікті тағайындалатындар: бөлім бойынша кезекші; бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі; қарауылдың бастығы; парк бойынша кезекші; кезекші бөлімше; тәуліктік наряд пен жұмыстарға нарядқа бөлінетін бөлімшелер.
Ротаның тәуліктік нарядына:
рота бойынша кезекші; (сержанттар)
рота бойынша тәуліктік кезекшілер (жауынгерлер) тағайындалады.
Рота бойынша кезекшінің міндеттері:
Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетуде тұрған қару-жарақтың, оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.
Рота бойынша тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері:
рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз үй-жайдан шықпауға, қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;
бөтен адамдарды осы үй-жайларға кіргізбеуге, рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз казармадан қару-жарақты, оқ-дәрілерді, мүліктер мен заттарды алып шығуға жол бермеуге;
ротадағы барлық оқиғалар туралы, жарғыларда белгіленген рота әскери қызметшілері арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушылық, байқалған ақаулар және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге баяндауға, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
жеке құрамды таңертеңгі тұру уақыты кезінде, дабыл немесе өрт болған жағдайда оятуға, күн тәртібіне сәйкес өз уақытында пәрмен беруге;
үй-жайлардағы тазалық пен тәртіпті қадағалауға және әскери қызметшілердің оларды сақтауын талап етуге;
әскери қызметшілердің салқын кезде, әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге;
әскери қызметшілердің темекі шегуді, аяқ киім мен киімдерін тазалауды осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;
ротаға тікелей бастықтары келген кезде «Тіктел!» деп пәрмен беруге, ротаға басқа ротаның әскери қызметшілері келгенде «Рота бойынша кезекші, мұнда кел!» деп шақыруға;
Тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшінің қайда жүргенін әрқашанда білуге және әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіп пен әскери нысандағы киім кию ережелерін сақтауын қадағалауға міндетті.
Кезекті тәуліктік кезекшіге отыруға, жарақтарын алып қоюға, киімінің түймесін ағытуға тыйым салынады.
Рота бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшінің қызмет өткеруіне арналған орынның жабдықталуы:
белгі қабылдайтын және бөлімшелерге хабарлайтын техникалық құралдар;
байланыс құралдары (сымтетік, селектор);
сағаттар;
жарықтандырудың резервтік көздері;
тәуліктік күзет құжаттамасы жазылған стенд болуы тиіс.
Тәуліктік күзет құжаттамасы жазылған стендте мынадай құжаттар болуы тиіс:
кезекшіге және оның көмекшісіне қарсыластың ядролық, химиялық және биологиялық қару қолдану қаупі төнген жағдайдағы нұсқаулар;
күн тәртібі;
телефон станцияларының және лауазымды адамдарды шақыру белгілерінің кестесі;
өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқау;
құжаттар мен мүліктердің тізбесі;
кезекшілікті қабылдап алу және тапсыру кітабы;
ҚР ҚК-нің жарғылар жиынтығы;
Рота бойынша кезекшіде:
кезекші беретін үлгілік пәрмендер мен белгілердің тізбесі;
ротаның казармадан тыс тұратын әскери қызметшілерінің мекен-жайлары, сымтетіктері мен шақыру тәсілдері және шабармандар жазылған тізім;
таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларына арналған киім нысандарының үлгілері;
аумақты тазарту үшін ротаға бекітілген учаскенің сызбасы;
қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді беру, науқастарды, сейілдемеге шыққандарды тіркеу кітабы;
дабыл бола қалған жағдайдағы жолдама қағаздарымен бірге ұрыс машиналарының от алдыру құлыптары мен люктерінің мөрленген жәшіктегі кілттерінің жиынтығы болуы тиіс.
в) Қорытынды бөлім – 11 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?
Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?
Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?
Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?
Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?
Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс?
Алғашқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: __________ ..................................