Конспект урока по казахскому языку на тему С. Торай?ыров «Шы?амын тірі болсам, адам болып» ?ле?і


Пәні: Әдебиет Күні: 22.10.2014. Сыныбы: 6 Б
Сабақтың
тақырыбы С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі
Мақсаты
Оқушыларды С.Торайғыровтың өмірімен танысып, өлеңінің идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге
Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
Күтілетін
нәтижелер
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады. Қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға талпынады.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ тілі.
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, ойтолғаныс, тірек сөздер, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы. Постер қорғау, антонимдік ассоциация, эссе.
Ресурстар Оқулық, суреттер, интербелсенді тақта, плакат, стикер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
СабақкезеңдеріУақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе2 мин.
2 мин.
5 мин. Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сыныптың оқушыларын суреттер арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Сергіту сәті
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру үшін, топтарға тапсырмалар беру. оқушылар суретті таңдауы бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар бейнероликке қарап билейді.
Оқушылар топта жауап беріп, бағалау парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Жаңа сабақ8 мин. «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Тірек сөздер беру арқылы тақырыпты ашу (тақтадан көрсетіледі). Оқушылар постер арқылы қорғайды.
Негізгі бөлімБілу3 мин. С.Торайғыров – ХХ ғасырдың басындағы әдебиетімізде ерекше орны бар, аса көрнекті ақын. Ол өзі жасаған дәуірдің шындығын көрсететін көптеген шығармалар жазды. - ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар. Олар шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын - жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады. С. Торайғыров - халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын жырға қосады. 1.Оқулықпен жұмыс. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша С.Торайғыров туралы конспект жазып алады.
Түсіну5 мин.
2 мин. Тақтадан бейнебаянды көрсету.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Бейнебаянды тамашалайды.Екі оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды. топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді.
Қолдану
6 мин
Мақсаты:
1-топ. Өлең құрылысына талдау жасату.
2-топ. Әдеби-теориялық ұғымдар.
3-топ. С.Торайғыров өлеңінің идеялық мазмұнын ашу.
4-топ. Өлеңнен алған әсерің қандай?
Мұғалім осы тапсырмаларды оқушыларға береді.
1.Өлеңдегі шумақты, бунақ саны, ұйқас түрлерін анықтайды.
2.Өлеңнен эпитет, теңеулерді теріп жазу.
3. Әр топ берілген тапсырмалар бойынша постер қорғайды.
Талдау2 мин Мақсаты: «Мен Адаммын» антонимдік ассоциация. Мұғалім әрбір адам бойындағы қарама-қарсы мінездерді тапқызу.
Оқушылар адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастырады.