Ашы? саба? Шы?амын тірі болсам,адам болып


Әдебиет Күні: 9.10.15ж Кабинет: Мұғалім:Шокыбаева А.К.
Сабақтың тақырыбы Шығамын тірі болсам,адам болып. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы слайдтар, интерактивті тақта, кестелер.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі1/Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, өлеңді нақышына келтіре отырып негізгі түйінің табу.2/Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ете отырып, тіл байлықтарын дамыту. Ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.3/Өлең арқылы оқушылар бойында жауапкершілік сезімін ояту, адамгершілікке, азаматтыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақӘдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, СКТ, Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, талқылауТопқа бөлу І топ Әңгімелеу
ІІ топ Бейнелеу
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау “Музыкалық орындық» арқылы сұрақтарға жауап беру Оқушылар сұрақтарға жауап беедіМағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу 1. Мен – Адаммын! Жетекші сұрақтар беру! 1. Адам болу деген не? 2. Адам өмірге не үшін келеді? 3. Менің өмірдегі мақсатым не? 4. Мен келешекте өз өмірімді қалай құруым керек? 5. Жаман адам кім? 6. Біз тамақ ішу үшін өмір сүреміз бе, әлде өмр сүру үшін тамақтанамыз ба? 
Сұлтанмахмұт Торайғыров кім? Топтастыру.
Слайд. С.Трайғыров өмірбаянымен,шығармашылығымен таныстырып өту.
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алты жасында - хат таныған Сұлтанмахмұт 1908 жылы Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі - үш жыл, 1911 жылы жаңаша оқыған Нұрғали деген мұғалімнен бір қыс оқиды. Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларға барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоқтығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында қайтыс болды. Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист - ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті.
Сергіту сәті Сергіту сәті «Менің қимылымды қайтала» ойыны Оқушылар денелерін жатықтырады
Шығамын тірі болсам адам болып,Жүрмеймін бұл жиҺанда жаман болып.Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,Жүргенше өмір сүріп надан болып.Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,Алуға күнді барып белді буған.Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,Болмасам толған айдай балқып туған.Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,Ойында оты барлар асылық демес.Тебем деп тірі болсам надандықты,Серт етіп өз - өзіме еткем егес.Кітаппен жұмыс. 1 - 2 оқушыға мәнерлеп оқыту.
Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.Сұрақтарға жауап беру,талдау,зерттеу.Топтық жұмыс. Төмендегі кестені топта талқылау арқылы орындау
Тақырыбы Шумақтағы негізгі ой,тірек сөздер Тақырыпқа сай мақал-мәтел Осы тақырыпта тағы кімдер жазды
«Мен білетін жақсылық пен жамандық» шығармашылық жұмыс орындау
Мақалдарды талдау.
Қортынды ой: Осы өлеңнің мазмұны қалай әсер етті?Кім болуды армандайсыңдар?Ақынның айтайын деген ойы не?
Үй тапсырмасы «Кім болам»тақырыбына эссе жазуКүнделіктеріне жазады
 Бағалау Бағдаршам арқылы бағалау.
Стикерлерге жазу. Бағдаршам түстерін көтеру арқылы бағалайды
Кері байланыс