Ашы? саба? 1-ші кіші топ білім саласы: денсаулы?, б?лімі: дене шыны?тыру, та?ырыбы: Ойыншы?тар д?кені


Ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы. _________1в_________группа
Технологическая карта №______организованной учебной деятельности от «_____»__________________20_____
Білім саласы /Образовательные области: Здоровье Бөлік /Раздел: Физкультура
Тақырып /Тема: Ойыншықтар дүкені.
Мақсат / Цель: Тыныс алу жаттығулары, түрлі - түсті терапия және қимыл қозғалыс арқылы балалардың денсаулығын нығайту.
Екі тілдік компонент (Билингвальный компонент): Ойыншықтар дүкені-магазин игрушек
Көрнекті құралдар/Оборудование жұмсақ ойыншықтар, түрлі-түсті маталар, құм салынған қапшықтар, кедергілер, шырша және ойынға қажет заттар
Әрекет кезеңдері Этапы деятельности Тәрбиешінің іс-әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті / Деятельность детей
Кіріске бөлім
Вводная часть
1Сап құрып балалар спорт алаңына барады.
2 Сәлемдеседі.
Балалар бүгін біз сендермен ойыншықтар дүкеніне барамыз. Дүкенде сендерді аңдар мен түрлі ойыншықтар күтіп тұр. Ол үшін мына
нұсқауларды орындау керек.
Жай жүру.
Баяу жүгіру.
Аяқ үшімен жүру.
Тізелерін жоғар көтеріп жүру. Балалар сап құрып, спорт алаңына барады.
Қызығушылықтары артады.
Нұсқауларды орындайды.
Негізгі бөлім
Основная часть
2. Міне біз сендермен ойыншықтар дүкеніне келдік. Енді сендер өздеріңе ұнаған ойыншықты алуға болады.
3.Жан-жақты дамыту жаттығулары.
А Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығу.
Қолдағы ойыншықты алға созады.Жоғары көтереді.

Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығу .
Қолдағы ойыншықты екі қолдарымен құшақтап оңға және солға бұрылады.
Б Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығу.
Кілемшеге арқаларымен жатып қолдарындағы ойыншықты және екі аяқтарын бірге жоғры көтереді.
В Тыныс алу жаттығуы.
Балалар қараңдаршы қолдарыңдағы ойыншықтарың өздерің сияқты шаршап ,терлеп қалыпты.
Ендеше демді мұрынымызбен жұтып, ауызбен ойыншыққа үрлейік.
Балалар бізді әлі де тосын сый күтіп тұр.
Бірақ ол тосын сыйға жету үшін мына кедергілерден өту керек.
Жерде төселген түрлі-түсті маталардан төрт аяқтап еңбектеп өту керек.
Келесі кедергі төбешіктер.
Төбешіктен қалай өтуге болады ,әрине секіру керек.
Алда әлі де бір кедергі бар екен.
Қолымызға бір-бір құм салынған қапшықтан алып дөңгелек пішіндес қызыл түсті нысанаға дәл тигізу керек.
Кедергі артындағы тосын сый әсем безендірілген шырша екен.
Қ/О «Аңдар»
Мақсаты: Балалар аңдардың қалай аталатынын айтып ,сол аңдардың қимыл- қозғалысын жасап және олардың қалай дыбыстайтынын айту. Балалар ұнаған ойыншықтарын алады.
Үш-төрт рет қайталайды.
Үш-төрт рет қайталайды.
Үш-төрт рет қайталайды.
Екі-үш рет қайталайды.

Қызығушылықтары артады.
Сары және көк түсті маталардан төрт аяқтап еңбектеп өтеді.
Кедергілерден секіреді.
Қапшықты нысанаға дәл тигізуге тырысады.
Балалар шыршаны көріп қуанады.
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Қорытынды бөлім
Заключительная часть
Музыка әуенімен балалар шырша жанында секіріп билейді. Балалар топқа қуанышты сезіммен оралады.
Күтілетін нәтижесі / Ожидаемый результат:
Білу/Знать:_________________________________________________________________________________________________________________________
Болу / Иметь:_______________________________________________________________________________________________________________________
Істеу / Уметь:_______________________________________________________________________________________________________________________
Есеп/учёт_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________