Ашы? саба? Білім беру саласы: Коммуникация. Та?ырыбы: С?йікті ойыншы?тар


Бекітемін:
Директордың ОІЖО: Г.К.Сарсенгалиева
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Қабиева Сымбат Мұратқызы
Тобы: «Балбұлақ»аралас ІІ кішілер тобы
Күні: 20.10.16
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар»
Мақсаты:Ойыншықтардың аттарын атай білуге оларды сипаттап атап айтуға үйрету. Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру, ойын арқылы қызығушылығын артыру. Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ойыншықтармен ойын бұрышында ойнату.
Қажетті көрнекі құралдар: : Резеңкеден жасалған, темірден жасалған, ағаштан жасалған, матадан жасалған ойыншықтар және суреттері, көбелек.Билингвальды компонент: Ойыншықтар –игрушки, қуыршақ –кукла,
Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
- Балалар қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қане қонақтармен жақсылап амандасып алайық.Шаттық шеңбері.
Қайырылы таң көздерім!
Сіздер ояндыңдар.
Қайырлы таң құлақтарым!
Сіздер ойандыңдар.
Қайырлы таң аяқтарым!
Сіздер ояндыңдар.
Қайырлы таң аяқтарым!
Сіздер ояндыңдар.
Қайырылы таң достарым!
Сіздер ояндыңдар.
Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз.
«Көбелек гүлге қонады» ойыныОйынның шарты: Сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады.Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.1 Қазір жылдың қай мезгілі?2 Күз мезгілінде неше ай бар?3 Ауа - райы қандай болады?4 Сүйікті ойыншығың қандай?Балалар сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?
Сәлеметсіз бе?
Балалар жылулық шеңберіне жиналып, бірге қайталайды.
Қуанады
Күз
Үш
Салқын
Доп,машина, қуыршақ
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Қандай ойыншықтардың түрлерін білесіңдер.
Ойыншықтар темірден, ағаштан, резеңкеден жасалғанын, матадан тігілетінін айтады. Балалар сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білдіңдер ме?
Балалар енді «Ненің суреті жасырылған?» ойын ойнап алайық. Ойын шарты бойынша өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алыңдар, олардың артында аяқталмай қалған суреттер бар сол ненің суреті екен табыңдар.Мынау не?
Машина ол қандай?
Машина жүргенде «ң» дыбысын шығарады.
Балалар басқа да ойыншықтарды сипаттайды.
Үлкен кішкентай жұмсақ, қатты екенін , неден жасалғанын ажыратады.
- Балалар, сонда бұлар ненің суреттері?- Жарайсыңдар, дұрыс.
Осы ойыншықтарымыз қандай пішіндердің артына жасырылған?
Балалар енді сендер өздерінің сүйікті ойыншықтарың туралы тақпақ білесіңдер ме?Қане балалар сендерге ойыншықтар туралы тақпақ айтып береді.
Биллингвальды компонент:
Ойыншықтар –игрушки, қуыршақ –кукла,
Машина-машина, жұмсақ ойыншықтар- мягкий-игрушки
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлерден
Ытқып -ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Дидактикалық ойын: «Ойыншықты сипатта» ойынның шарты бойынша ортаға шыққан баланың көзін байлап қолына ойыншық ұстату, оның қандай ойыншық екенін қолымен сипап көру арқылы атау.Тапқан ойыншықтардан көрме жасау.
-Осы көрмеде тұрған заттарды бір ауызбен қалай атаймыз?
-
Күз
Үш
Салқын
Машина, қуыршақ, доп т.б
Машина
- Ойыншықтардың
Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Тақпақ айтып береді.
Бізде де бар қуыршақ,Бұзау, қозы, құлыншақ.Ойыншықтар тыңдайды,Ақыл айтсақ бұйырсақ.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
Осы менің ойыншығымды қазір бәріңе беремін, қолдарыңа алғанда осы ойыншыққа жақсы тілектерімізді айтайықшы.Тілектер тізбегі- Нанымыз көп болсын!- Еліміз аман болсын!- Досымыз көп болсын!- Деніміз сау болсын!- Әке - анамыз аман болсын!- Аспанымыз ашық болсын!- Елбасымыз аман болсын!- Бақытты ел болайық!Балаларды мадақтау Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Әр ойыншыққа сипаттама беру және жасырылған ойыншықтарды табу.
Қандай түсініктерді игерді: Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Әңгімелеу, мәтінін құрай білу іскерліктерін дамыту
Бала саны: