?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекетіні? технологиялы? картасы Та?ырыбы: «Ойыншы?тар -Toys», «Мені? ойыншы?тарым — My toys»


Ортаңғы «Балауса» тобының ағылшын тілінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қарым-қатынас
Бөлімі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Ойыншықтар -Toys», «Менің ойыншықтарым - My toys».Мақсаты: Балаларды «Toys» тақырыбындағы жаңа лексикамен жаңа әріппен таныстыру, жаңа: car, doll, ship, train, ball, girl, boy лексикалық бірліктерін беру. Тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту.
Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қарындаштар, оқу іс-әрекетіне арналған карточкалар, ойыншықтар.
Билингвальді компонент: Doll-қуыршақ-кукла, boy-ұл бала-мальчик, car-машина, girl-қыз бала-девочка, ship- кеме-корабль, train-поезд.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Педагог балалармен амандасады:
Hello, children. Бүгін біз достарымыз Батыр, Дана, Ира және Димаға қонаққа барамыз.
Жаңа a boy, a girl сөздерімен таныстыру. «boys» сөзін айтқанда ұл балалар бастарын изеуін, «girls» сөзін айтқанда қыздар тізелерін бүгіп отырады.
Педагог балалармен тағы да амандасады:
Hello, boys! Hello, girls!
Балалар шеңбер құрып, достарымен амандасады.
Ұл балалар жаңа boys сөзін қайталап, бастарын изейді. Қыздар жаңа girls сөзін қайталап, тізелерін бүгіп отырады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог суретке қарап, жаңа ойыншықтарды көрсетулерін сұрайды.
Данада, Димада, Батырда және Ирада қандай ойыншықтар бар екендігін айтуды сұрайды.
-Достарымыз бізге ойыншық туралы ән үйреткісі келеді. Сол әнді тыңдап көрейік.
Track :
One and two,(қыз бала ән айтады).
One and two.
A doll for me,
A car for you.
One and two, (ұл бала ән айтады).
One and two.
A car for me,
A doll for you.
Кейіпкерлеріміз ағылшын тілінде қалай санайтынымызды естігісі келеді.
Олар бізден суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беруімізді өтінеді:
How many boys?
How many girls?
How many robots?
How many dolls?
How many cars?
How many bolls?
Сергіту сәті.
Доп сияқты секіреміз!
A ball, ball, ball!
Қуыршақ сияқты билейміз!
A doll, doll,doll!
Машина сияқты жүреміз!
A car, car, car!
Робот сияқты жүреміз!
A robot, robot, robot!
3,4- тапсырмалар.
Педагог балаларды Dd әрпімен таныстырады, әріпті дауыстап айтып, балалардан тақпақты қайталауды сұрайды. Осы әріптен басталатын «dragon» сөзін айтады.
Педагог әріпті бояуды ұсынады.
5-тапсырма.
Достарымыз ойын ойнауды ұсынып отыр.
«Сөзді тап» дидактикалық ойыны. Сөздерді қайталап, оларды жаттайды.
Балалар суретке қарап, ойыншықтарды көрсетеді. Олардың атауларын ағылшын тілінде атайды.
Балалар педагогтің басшылығымен әнді үйреніп, айтады.
Балалар суретке қарап, сұрақтарға жауап береді.
5 boys.
3 girls.
1 robot.
3 dolls.
2 cars.
1 balls.
Мәтінге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар педагогтің артынан тақпақ пен жаңа «dragon» сөзін қайталайды.
Балалар жаңа әріпті бояйды.
Балалар әрпінен басталатын суреттерді тауып белгілейді.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Достарымыз бүгін біз қандай ойыншықтармен ойнағанымызды еске түсіріп, ағылшын тілінде атап беруді ұсынады.
Кейіпкерлер балалармен қоштасады.
Goodbye boys and girls! Балалар жаңа сөздерді атайды. Кейіпкерлердің әрқайсысымен қоштасады:
Goodbye Batyr. Goodbye Dana. Goodbye Ira. Goodbye Dima.
Күтілетін нәтижелер:
орындайды: жаңа car, doll, robot, ball, girl, boy лексикалық бірліктерін, жаңа Dd әрпін және осы әріптен басталатан «dragon» сөзін;
түсінеді: «How many?» сұрағын және оның жауабы туралы ұғымды;
қолданады: «How many?» сұрағына жауап беруді, қажетті әріптен басталатын сөздерді табуды, ойыншықтардың ағылшын тіліндегі атауларын.