Баяндама: ?аза? тілі саба?тарында сын т?р?ысынан ойлау модулін ?олдануды? тиімділігі.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау модулін қолданудың тиімділігі.

Екібастұз қаласының №16 ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Каримова Б.О.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН
ОЙЛАУ МОДУЛІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
 Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуға жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы.
  Оқушыларға сапалы  білім мен саналы тәрбие беру жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру керек. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл модуль орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.  Сабақ барысында оқушылардың бұрынғы біHYPERLINK "http://letu.ru/" \t "_blank"летінін жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оның неге қатысты екенін зерттеп, салыстыра отырып, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясының бірі - сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
шыңдалған ойлау кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Сын тұрғысынан ойлау қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты оятуҮйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтиже береді:

 
Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс – тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді  де   оңтайлы  жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.  Шығыс даналығы  “Мәселе нені үйретуде емес қалай үйретуде” демей ме?  Сондықтан  мақсат пен мазмұн  мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған  қазіргі жағдайда  бұл стартегиялардың маңызы зор.
Соның ішінде толғануды тиімді  етуге  лайықталған “Венн  кестесі”, “Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы баяндау”, “Семантикалық карта” сияқты  стратегиялар   әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала  қолданылады. Мәселен:  “Венн кестесі” арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы  сөз ойлап табу  оқушы үшін үлкен  ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін, қызығушылығын дамытады.Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады. Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.
INSEPT тәсілі оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Оқушылар біHYPERLINK "http://letu.ru/" \t "_blank"летіндерін  анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі. Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
Автор оқырманды қалай қызықтырады?
Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру, бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.
   Жалпы сын тұрғысынан ойлау, оқыту мақсатына жетудің нақты жолдарын көрсетеді.

 Қорыта келгенде оқушының сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі. Оқушы талдаудың барысында өзіне берілген мәліметті жүйелеп, жинақтап жеткізуге үйренеді, тірек сызбалар арқылы ойын тұжырымдап айтуға, әрі шығармашылық ізденісіне жол ашады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:
Қазбекова Н.Т. “Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану”. // 12 жылдықбілім, 2006-№1.
Рахымбаева А., Тойымбаева Ж. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту”.Ғаламтор желісі“Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру”.Ғаламтор желісі«Ертіс дидары» газеті, №11 (103). 2010 жыл, 24 қараша«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» 2014 жыл №2
«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» 2011жыл №3