«Сын т?р?ысынан ойлау» технологиясыны? ?дістерін пайдалануды? тиімділігі.


Тақырыбы: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдістерін пайдаланудың тиімділігі. Мақсаты: сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану  арқылы оқушыларға сапалы білім игертіп, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру.
БарысыТренинг (3 минут)
Шар арқылы тілек айту.
Слайд арқылы тақырыпқа түсініктеме беру.
XX ғасырдың басындағы ұлттық ойшылдарымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер» - деген екен.Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізінде оқытудың жаңа технологиясын педагог - ғалымдар мен республика мұғалімдері жан - жақты ізденіп, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа көп нұсқалық қағидасын бекітті. Оның өзіне оңтайлысын таңдай білуді ұсынды. Кез - келген технология мұғалімнен терең теориялық білім мен үлкен педагогикалық шеберлік, жан - жақты ізденіс пен баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді.«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының 60 - тан астам стратегиялары бар:Соның ішінде:1. Топтастыру2. Венн диаграммасы3. Ішіне - сыртына4. Дөңгелек үстел5. Бес жолды өлен6. Ой шақыру7. Ой қозғау8. Семантикалық карта тағы басқада әдістерді сабақтарымда пайдаланамын.
Мысалы: “Кубизм” әдісімен етістік, етістік түрлерін
« Зертте»· « Ойыңмен байланыстыр»· « Қолдан»· «Қарсы шық»· « Салыстыр» 
ВЕНН диаграммасы
ОмонимдерӨзіне тән белгілері1)айтылуы бірдей, мағыналары бөлек сөздер2)әр сөз табынан болады, соған орай атқаратын қызметтері де бөлек болады. СинонимдерӨзіне тән белгілері1)айтылуы бөлек, мағыналары жақын сөздер2)бір сөз табына қатысты болып, бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Ортақ қасиеттері1)тіліміздегі сөздердің қолданылу аясының кең екенін көрсетеді2)сөз байлығын көрсетеді3)көркем әдебиетте, жұмбақ, жаңылтпаш, өлең жолдарында көркемдік әдіс ретінде жұмсалады.
Топтастыру әдісі
Шығармалардағы кейіпкерлер бейнесі
Шығарманың аты Тараулар Басты оқиғалар Кейіпкердің іс-әрекеті

Ақпарат-карточкалармен жұмыс
(Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойып жазу қажет)
А) Қ.Аманжолов ......................... дүниеге келген.
ә) Қ.Аманжоловтың ақын,азамат болып қалыптасуына ............. әсер етті.
б) 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы ......................... деген атпен жарық көрді.
в) Ақын өлеңдерінің тақырыбы .........................................
г) ............................ Қасым мәңгілікке көз жұмды.
д) Ақынның ........................ поэмасы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған
Білімнің - сөзіне математикалық тәсілмен мінездеме бер. Берілгені:Шешуі:а) Тілдің қатысына қарай: ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай: б) Ерін мен езудің қатысына қарай: а)Үн мен салдырдың қатысына қарай: ә) Айтылу, жасалу тәсіліне қарай: б) Жасалу жолы , дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай: Фонетикалық талдау сызбасы
Ақылды
жуан, жіңішке,аралас буынды сөз
буын : ашық/а.б./
тұйық/т.б./
бітеу/б.б./

тасымал
екпін
буын үндестігі
дыбыс үндестігі: ілгерінді ықпал
кейінді ықпал
тоғыспалы ықпал
Хронологиялық кесте
№ жылдар оқиғалар өлеңдері
1. 1846 Жамбыл дүниеге келді. 2. 1916 Жамбыл көтеріліске қатысады. “Зілді бұйрық”, “Патша әмірі таралды”.
3. 1917 Қазан төнкерісінің куәгері болды “Менің әкеме”, “Шабданға”, “Шалтабайға”, “Қалиге”
4. 1919 Жетісу ақындарының слетына қатысты 5. 1934 1 Республикалық слетіне қатысты 6. 1936 Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігі өткізілді “Мәскеу”
7. 1938 Ромен Роллан мен М. Шолохов 75 жылдығымен құттықтады 8. 1945 Қайтыс болды Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыруда «Венн диаграммасын», «Семантикалық картаны», «түртіп алу әдісін», пікірсайысты, салыстырмалы ойлауды, «екі түрлі түсініктеме күнделік» жұмыстарын қолданған жағдайда, оқушылар не нәрсенің болса да жақсы, жаман жағын салыстыру, ненің сапалы, сапасыз екенін саралап, өзіне, өмірге деген көзқарас қалыптастыра бастайды.Тақырып бойынша сын тұрғысында ойлауды сұрақ қою тәсілдері арқылы дамытамын. Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтар арқылы ізденеді, идеяларды жинақтайды, қорытады, талдайды. Менің мақсатым - оқушыларды ойлау салысының ең төменгі деңгейінен жоғарғы, терең ойлау деңгейіне дейін көтермелеп жеткізу. Бұл оқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді.Соның нәтижесінде оқушылар кез келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес оны шыңдалып, белгілі жетістіктерге жетеді:1. Еркін ойлауға мүмкіндік береді.2. Ақыл - ойын дамытады.3. Шығармашылық белсенділігін арттырады.4. Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді.5. Тіл байлығын жетілдіреді.6. Жан - жақты ізденушілігін арттырады.7. Барлық жұмысты өздері атқаруға ынта қояды, белсенділігі жоғары болады.8. Алға қойған мақсатты орындауға тырысады, пікір айтады.Көрнекілік әдістерінің тәсілдері пайдалантып көрнекіліктің түріне қарай өзгеріп отырады. Көрнекілік әдістері арқылы оқушыларға жаңа ұғым берумен қатар.Олардың бұрын алған білімін де кенейтеді және ол оқушылардың эмоциялық көңіл - күйіне әсер етеді. Соның әсерінен заттар мен құбылыстардың қасиеттерін салыстыра білуге, айырмашылығы мен ұқсастарын көре білуге дағдыланады.Сондықтан мұғалім көрнекіліктері көрсеткенде сөзбен байланыстырып, толықтырып отыруы керек. Себебі кез келген көрнекі құрал жеке нәрсені көрсетуге арналады. Табиғат суреттері арқылы адам баласының өмір шындығына тікелей қатынасы ашылады. Қазіргі таңдағы келесі проблемалардың бірі болып табылатын ұлттық мәдениет үрдістерін өркениетті өмірмен байланыстырып тәлім - тәрбиеге пайдаландым.Көрнекіліктің оқушыға берері.1. Оқитын тақырыпты терең түсінуге, негізгі түйінін ажырата білуге үйретеді.2. Тақырыпты жеңіл, тез түсінуге ықпал етеді.3. Қайталау кезінде алған білімді жүйелеуге көмектеседі.4. Пәнге деген қызығушылығын арттырады.Көрнекі оқыту - ақыл - ойын, логикалық ойлауды дамыту.Сабаққа тиімді қолданылған көрнекілік түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатымен таңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары айналадағы көрген нәрсеге қызыққыш келеді.Тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайды.Ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады. Сөздік қорларын көбейтуге, өз ойын жүйелеп байланыстырып баяндай білуге, тіл байлығын арттыруға көп септігін тигізеді. Байқампаздығы артады.«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай қазіргі қоғамымызға білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақты тәрбиелеп дайындауда әр ұстаз өз шеберлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге тиіс.«Әр бала бір жұлдыз,Жарқырауына жәрдем бер» - деген нақылды ұстанып, әр баланың қалаған ісін таңдауға, өз ойларын ашық айтуға, өзін еркін сезінуге, жалпы ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беруіміз керек.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері: инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы білім сапасын арттыру жолдары.
Бейнефильмді көрсету. (5 минут)
Флипчартағы сабақтар үлгісін көрсету.
Оқушылардың жұмысын көрсету.

Мұғалімдермен жұмыс
Әдебиет сабағынан компьютермен жұмыс түрлерін көрсету.
Ә.Тәжібаевтың «Толағай »атты әдеби ертегіні жұптасып оқу, аудио арқылы бір-біріне сұрақ қойып, жоспар құру.

Төмендегідей тақырыптарды қорғау:
Әдеби ертегінің тақырыбы мен идеясы.
Ә.Тәжібаевқа хронологиялық кесте.
«Толағай» ертегісін бөлімдерге бөліп, әр бөліміне ат қойып мазмұндау,мақалмен аяқтау.
«Толағай» ертегісінің композициялық құрылымына талдау
Ертегінің басталуы
Ертегінің дамуы
Ертегінің байланысуы
Ертегінің шиеленісуі
Ертегінің шарықтау шегі
Шешімі
Өз пікірің
РАФТ
Бұл әдісті «кейіпкерге хат»  деп алса да болады. Формасын түрлендіруге  мүмкіндік бар: хат,  хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама.
Ой толғаныс. Ыстық орындық
Ерлер есімі халық есінде.
Критериалды бағалауБерілген тақырыптар бойынша ой бөлісу:Сабақта АКТ-ның қандай түрлерін пайдаланасыздар?
Оқушының білмге деген қызығушылығын қалай арттырасыз?
АКТ-ның оқушыға және мұғалімге тигізер пайдасы қандай?
Дәстүрлі сабақ беру мен АКТ арқылы сабақ беруді салыстырыңыздар.АКТ –ны дамытып қолдануға қалай қарайсыз?
Тест тапсырманы орындату.
Сергіту сәтіІІІ бөлім. Қорытынды бөлім.«Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі» (Ш. Таубаев)
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай қазіргі қоғамымызға білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақты тәрбиелеп дайындауда әр ұстаз өз шеберлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге тиіс.«Әр бала бір жұлдыз,Жарқырауына жәрдем бер» - деген нақылды ұстанып, әр баланың қалаған ісін таңдауға, өз ойларын ашық айтуға, өзін еркін сезінуге, жалпы ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беруіміз керек.