АКТ-ны ?олдану м??алімдерге тиімді ме


Коучингсабақ жоспары
Тақырыбы: АКТ-ны қолдану мұғалімдерге тиімді ме?
Мақсаты:
АКТ-ныңсыныптамұғалімауыстыруқұралыретіндеемес, оқуүдерісіндекөмеккөрсетугеарналғантиімдіпедагогикалыққұралретіндеқолданудыбіле алады.
АКТ-ны қолдану барысында мұғалімнің пікірін біле отырып, сабақта тиімді қолдануды түсінді.
АКТ мүмкіндіктерінің қажеттіліктерін бағалайды.
Оқу нәтижесі:
Мұғалімдер АКТ танысып, тиімді әдістерін білім беру үрдісінде қолдана біледі.
Оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтынын түсінеді. Оқытуда АКТ-ның тиімді қолданудың жолдарын дамытады.
Негізгі идеялар:
АКТ-ның дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді.Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады.
АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және оларды қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып отыр.
Материалдар мен құрал-жабдықтар: Презентациялар
Компьютер
Проектор
Интернет желісі
Телефон
Плакатар
Түрлі түсті маркер,фламастерлер, стикерлер
Өткізу барысы:
Этап Тапсырма Уақыт Коучтың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
Психология-лық ахуал «Есім және қимыл» тренингі
3 мин Қатысушылар шеңберде тұрады. Топтан бір қатысушы ортаға шығады. Өз есімін айтып, қандай да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал қалғандары қошемет көрсетіп, қол шапалақтайды, жасаған қимылды тауып шығарып салады. Ортаға 3-4 ойыншы шығу қажет.
Рахмет сіздерге, өзіміз үшін біздіңқолымыздан бәрі келеді деп қол шапалақтап қоямыз.  Әріптестер шеңбер жасап, көтеріңкі көңілмен тренингті орындайды.
Топқа бөлу
«Суреттерді таңда» 2 мин Мұғалімдерге үстел үстінде жасырын тұрған суреттер ұсынылады. Мұғалімдер жасырынған суреттерді таңдап, телефон, монитор, проектор суреттеріне байланысты үш топқа бөлінеді.
Ой қозғау «Идеялар қоржыны»

5 мин Бұл жеке және топтық жұмыста әркім өз іс- тәжірибесі мен бөліседі. Өзіңіздің мұғалімдік іс-тәжірибеңізде АКТ қолданып көрдіңіз бе? Қалай қолданып көрдіңіздер? Сабақтарыңызда АКТ-ны қолданбасаңыз неліктен? Әр топтан бір мұғалім идея қоржынына өз жұмыстарын әкеліп салады.
Теориялық материал. Слайд презентация арқылыжаңа материалды беру.
«Постер қорғау» 12 мин АКТ-ны енгізген кезде ПБ, ПедБ, ТБ өзара тығыз байланыста болу керек. Ал бұл оқыту және оқу үрдістерін жақсартуға жағдай жасайды. АКТ-бойынша слайд арқылы теориялық мәліметтер беріліп, ресурстар таратылады.
1.АКТ пайдалану арқылы өткізілген сабақтардың артықшылығы.
2.Сабақ үрдісінде АКТ тиімді қолдануға қандай кедергілер бар?
3.Қазіргі балалармен АКТ-мен жұмыс жасау керек пе? Теориялық мәліметтермен танысады. Ресурстарды қолданып, әр топ  берілген тапсырмабойынша постер қорғайды.
Тәжірибелік жұмыс «Bilim Media»сайтын қолданайық. 15 мин Білім беру бөлімі Bilim Media Group компаниясының төмендегідей қызметтерін пайдалану бойынша мектептердің логин және парольдерін ұсынады. Сайттардағы бейнесабақтар, интерактивті тапсырмалар, анимациялық фильмдер, виртуалды зертханалар мен танымдық бейнефильмдер пән мұғалімдеріне сабақ үрдісіне дайындауға және өткізуге көмектеседі.
Сайттар жазылған парақшалар таратылады.
Bilimland.kz, iTest.kz, imektep.kz, kitap.kz сайттарымен таныстырады. Мұғалімдер қосымша берілген логин және парольдерін алып, сайт түрлерімен танысады. Интернет желісін және телефонды пайдалану арқылы берілген парақшалардағы сайттармен жұмыс жасау.
Кері байланыс
3 мин Бүгінгі коучингтен алған әсерлеріңізді қалдырсаңыздар.
Сіздер бүінгі коучингтен не алдыңыздар?
Акт-ны қолдануды әлі де жалғастырамын.
–Өзіңіздің өзгерген пікіріңізді жазыңыз.
Мұғалімдер бүгінгі коучингтен алған әсерлерін стикерге жазып, қалдырады.
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей Ордасы ауданы,
Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ-балабақшасы,
Физика және информатика пәнінің мұғалімі
Байғуатова Шынар Мауленқзы