Сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету модулі
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі.
Заманауи сабақтарда ең алдымен оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын, ынтасын арттыруға бағытталған болу керек. Біз осы уақытқа дейін дайын материалдарды, білімді ұсынып келдік. Сондықтан да, мұғалім оқушыларға дайын білімді ұсыну керек емес, сабақ үдерісінде оқушылардың өздері білімді ізденуге, білуге, талдауға, баға беруге бағыт беру болып табылады. Осындай оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін топтық жұмыста көреміз. Топтық жұмысты ұйымдастыру ең алдымен мақсатпен міндеттерді анықтауға үйретеді. Мақсат пен міндеттерді реттеуде оқушылар жауапкершілікке, тәртіпке үйренеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдала отырып дамыта оқытуда жаңа қарым – қатынас қалыптастырып, оқушылардың берілген тапсырмаларды өздігінен талдауына, салыстыруына, өз беттерінше әрекет етулеріне, яғни ой еркіндігіне назар аударады.
Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Сабақ құрылымын үш сатыға бөліп (қызығушылықты ояту, мағынаны тани білу, ой толғаныс) қарастырдым. Топқа бөлуде (сурет кескіндерін құрау, сөйлемнің жалғасын табу) тапсырмаларды орындау барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың бастапқы қызығушылықтары оянды. Сұрақ-жауап алу кезінде оқушылырдың сыни тұрғыдан ойланып өздерінің ойларын толық ашуға мүмкіндік беретіндігін үйрендім. Сонымен қатар тек қана оқулықпен шектеліп қалмай, өмірмен ұштастыра білуіне қажет екендігін ұқтым. Сұраққа оқушылар сыни тұрғадан ойланып жауап айтатын болды.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының оқыушылардың құзіреттілігін дамыту мүмкіндігінің жоғары екендігін байқауға болады. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беру мен оқытуды дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл ұғым оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы шығуға немесе баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуды, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқа да сынилыққа баулуды білдіреді.
Мұнайлы ауданы, №9 орта мектептің «Информатика» пәнінің мұғалімі Бектилеуова Г.М.