ЖОБА Та?ырыбы: Технология саба?ында о?ушыларды ?лтты? ??ндылы?тар?а т?рбиелеуде сын т?р?ысынан ойлау ?дістерін ?олдану


ЖОБА
Тақырыбы: Технология сабағында оқушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуде сын тұрғысынан ойлау
әдістерін қолдану
Дайындаған: Ахметова А. Б.
Мазмұны
І. Мақсаты, міндеті, өзектілігі, болжамы
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Негізгі бөлім
ІV. Қортынды
Технология сабағында оқушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуде сын тұрғысынан ойлау
әдістерін қолдану
Мақсаты:
Халқымыздың ұмытылып бара жатқан қолөнерін жандандыруда сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдану
Міндеттері:
1. Сабақ барысында өз бетінше шығармашылық жұмыс жүргізу;
2. Тұрмыстық бұйымдардың қажеттілігін түсіне отырып ,бұйым жасаудың түрлі технологиясын үйрену;
3. Оқушыға өзі таңдап алған жоба тақырыбында тұрмыста қолданылатын бұйым түрін әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы өңдеп, түрлендіруге бағыт беру;
4. Заттар дизайнын, үлгісін, материал таңдауы, атқарылатын
жұмыс техникасын жоспарлауды үйрету.
Күнделікті тұрмысқа қажетті, сұраныс тудыратын қазіргі заман
талабына сай бұйым жасату.
Өзектілігі: Қазақтың дәстүрлі ұлттық қолөнерін жандандыруда жаңа технологиялардың әдістерін қолдану арқылы оқушыларды ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Туындайтын мәселелер:
1. Білу
2. Түсіну
3. Талдау
4. Жинақтау
5. Бағалау
Болжамы: Технология сабағында СТО технологиясын пайдалансақ заманауй даму үрдісінде жаңартылған білім тұлғаны нәтижеге жеткізеді, яғни оқушылар жаңа үлгіде ұлттық бұйымдарды ұсына алады.
Кіріспе
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясыСын тұрғысынан ойлау— бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізу арқылы қолдану.
Сын тұрғысынан ойлау – бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы.
Сын тұрғысынан ойлау-оқушының  дұрыс ойлануына жасалатын ой моделі және ой әрекетінің қызметі.
Сын тұрғысынан ойлау— шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.
Сын тұрғысынан ойлауды дамтыу құралы деп айтуға келмейтін зияткерліктің түрлері:
Есте сақтау;
Қарапайым және қиын ойларды түсінуін;
Шығармашылықта: спортшының, суретшінің, музыканттың интуитивтік ойлауы;
Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:
Бірінші-бұл өз бетімен ойлау;
Екінші-бұл ойын қорыту;
Үшінші-бұл проблемалық және сол ойын бағалай білуі;
Төртінші-бұл ойын дәлелдеуі;
Бесінші-сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады (өмірмен байланысты).
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы анықтағандай 6 компоненттен тұрады.
Сыни ойлаушы:
Өз ойын қалыптастыра біледі;
Әртүрлі ойлармен санасып, өз ойын дәлелдеуге тырысады;
Тақырып бойынша мәселені шеше біледі;
Дәлелді пікірталас құра алады;
Бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды;
Кезкелген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген факторлардың әсерінен болатынына түсінеді және бағалай біледі.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері:
Осы технологияның мақсаты-оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық өмірде де(толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;
СТО технолгиясының негізі— сабақтың үшбағыттық құрылымында:
Ой шақыру;
Ойлау ;Кері байланыс;
Ой шақыру тапсырмалары:
Өтілетін (оқытылатын) материал бойынша оқушылардың білімдерін жаңарту, не болмаса естеріне түсіру;
Өтілетін материалға деген оқушылардың қызығушылығын ояту;
Өтілетін тақырыпты оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік беру;
Ойды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалар—
Өтілетін тақырыпты белсенді меңгеруіне жағдай жасау;
Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра білуге жағадай жасау;
Кері байланыстың тапсырмалары-
Өтілген тақырып бойынша өз ойын қорытуға көмек беру;
Келесі тақырыпты өзбетімен анықтауға көмек беру;
СТО дамытудың түрі мен құралдары:
Тақырып бойынша жинақ;
Мәтіндер талдауы;
Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру;
Ұжымдық пікірталас;
Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі;
Дебаттар;
Пікірталастар;
Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау;
СТО-жазба жұмыстары (оқушылардың жазған «Эссе», «5 жолды өлең» жинап отыру.СТО технологиясындағы мұғалім ролі:
Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттау;
Түрлі пікірлермен бетпе-бет келеді;
Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасайды;
Оқушыларға өзбеттерімен шешім шығаруға мүмкіндік береді;
Қалыптасқан танымдық ішкі жағдаяттарды дайындайды;
СТО технологиясының негізгі тәсілдері
Сұрақтарды дұрыс құру дағдысын дамытуға арналған тәселдер.
Сұрақтар кестесі? ?
·         Неліктен, үш түсінік бер…..?
·         Неліктен, түсіндір ……?
·         Неліктен, сіз солай ойлайсыз…..?
·         Неліктен, сіз солай ойлайсыз……?
·         Қандай айырмашылығы бар…..?
·         Не боларын, болжап көр….?
·         Әйтпесе, не …….? Кім …..?
Не…?
Қашан…?
Мүмкін…?
Болар…?
Алар ме еді….?
Қалай аталады….?
Болды ма….?
Сіз келісер ме, едіңіз….?
Дұрыс па….?
Шығармашылық сұрақтар (жорамал)- «Қалай ойлайсыздар, … кейін (егер) … қалай болады?
Шығармашылық сұрақтарда «егер» деген қыстырма сөз қолданылады. Ол алдын ала болжайтын, жорамалдайтын шарттылық элемент .Донна Огл кестесі«Білем-Білгім келеді-Білдім» (БББ)
Б-біз нені білемізБ-нені білгіміз келедіБ-нені білдік және тағы білмеген не қалды
СТО-ның негізгі ұстанымдарын технология сабағында пайдалана отырып оқушыларға ұлттық бұйымдарды жаңа үлгіде жасатуда пайдаланамыз.
Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі ши тоқу өнері, бұл аса шеберлікті , шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.
Ши дегеніміз не?
Біздің қазақ тілінде ши сөзінің бірнеше мағынасы бар.
Біріншісі: өсетін өсімдікті десек;
Екіншісі: шиден тоқылатын бұйымды ши дейді.
Яғни, ши дегеніміз өнім жасаудың бір түрі.
Үшінші: сіріңкенің шиі
Ши техникасы екі бағытта дамып келеді:1.шиді жүнмен орау;2. Шиді өрнектеп бояу;
3. Шиді түрлі-түсті жіппен орау;
4. Шиден панно, картиналар, тұрмыстық бұйымдар жасау.
Жасалу жолдары:а ) композициялық орналасуы, эскиздеу;ә )түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;б ) қағазға технологиялық картасын жасау.
Негізгі бөлім
Осы заманның талабына сай ұлттық өнерді қайта жаңғырту мақсатымен оқушыларды халықтың ежелден келе жатқан қол өнерінің бірі ши тоқытуға үйретуге болады.
Ши тоқу (орау)— бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін кеңінен пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршай қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне (мәселен, киіз басу жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың асты ылғал тартып, бүлінбеуі үшін солардың астына төсеуге, сонымен бірге құрт жаю, тары сүзу т. б. ) кеңінен пайдаланылады.
Қазақ халқының қолөнері саласында ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши болып үш топқа бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Атап айтқанда, қабығынан тазартылған аң ши ді көбінесе құрт, ірімшік т. б. жаю үшін қолданылатын болса, ұзына бойы әр түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарының бірі болып табылады. Ал өн бойы тұтас емес әр жерінен аралатып оралған шиді орама ши немесе ораулы ши деп ат айды.Бұл да ши сияқты сәндік жиһаздарының бірі
Қазақтың ұлттық қолөнерінің ерекше бір түрі — шым ши тоқу. Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылыстың маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданыл жүрген қазіргі барлық ою түрлері композициялық жағынан: жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою, екі жақты ұзындық ою болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын «шаршы ою» деп те атайды. Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді.
Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне салған түрлері «жүзіктеу» деп аталады. Алты шаршылан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін алақан ши жалғасады. Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп-қонғанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып қалмау үшін алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін иінді айналдыра тұтулы — ши ұстау деп атайды. Ши тарту, оны артып орау, жүн орап тоқу — ауыл азаматтарының бәріне ортақ жұмыстар. Жалпы ши тоқу өнерімен кең түрде әйелдер айналысқан, осы өнерді білетін шеберлер шидең өздеріне керекті күнделікті тұрмысқа пайдаланатын заттарды тоқып алған. Ал шиді тарту, оны көлікке тиеп, түсіру ауыр жұмыстарын ер азаматтар атқарған. Тоқылатын шилі мал баспаған жерден ши өсіп жетілген кезінде тартып (суырып) алады. Шиді таңертең немесе жаңбырдан кейін тартады, мұндай кезде шидің түбі жібіп суырылғыш болады. Тартып әкелген шидің бәрі түгелдей тоқуға жарамайды, сондықтан олардың жарамдысын іріктеп алады, қабығын аршиды, содан кейін көлеңке жерге қойып келтіреді.
Ши ораудың екі түрі бар.Біріншісі — тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау;Екіншісі — жаңа өрнек сүретінін үлгісімен тоқу.Шиді бірінші түрмен тоқу үшін оларды бір-бірлеп тоқылған даяр шидің өрнегінің үстіне салып, дәл келтіріп, әр түсті оралған шидің буындарын, санап отырып орайды. Осылай ораған шилерді араласып кетпеу үшін өрнегіне сәйкес келтіріп, өз алдына бөлектел шуда жіппен тізіп отыру керек.
Шиді жаңа өрнек суретімен тоқудың айтарлықтай өзгешелігі болады; алдымен шиді орайтын үлгі жасалуы тиіс. Орайтын жіптердің түсі осы үлгідегі өрнектер суретте сәйкес болуы керек. Шидің бір шеті жұқа. екінші жағы қалың болып кетпеуі үшін, орайтын шидің түп жағымен шашақ жағын үнемі кезектестіріл, алмастырыл салып отыру керек. Ши тоқитын жіпті екі қабаттал ширатыл, бірнеше домалақ етіп дайындайды, бұл домалақтарды салмақты ету үшін темірге немесе тасқа орайды. Ши тоқу үшін атасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тік қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Станоктарды киіз үй ішіне немесе жабық бастырма астына орнатады. Атаның үстіне қойылған, арқалықтың биіктігі 120—130 ем, түрегеліп тұрып тоқуға ыңғайлы болғаны абзал.Сырық (станок) дайын болған соң, тас салмаға оралған жіптерді арасын 10—15 ем етіп жалпы саны ши талының ұзындығына байланысты арқалыққа көлденең асады. Содан соң бірінші шиді жіп үстіне салып салмалы әрлі-берлі айқастыру арқылы шалып бастырады. Осылай көлденең сырықтың үстіне салынған ши бастан-аяқ тоқылғаннан кейін екіншісі салынады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталаныл отырады.Тоқылатын шидің екі шеті берік болу үшін шидің бастал атын жағы мен аяқталатын жақ шетіне үш-төрт шиді қабаттан, әуелі өз алдына бір рет, ширатылған жүн жіппен айқастыра үшбұрыштардың тізбегі сияқты етіп байланыстырады. Бұл жерді шидің «алақаны» деп атайды. Шиді баулау үшін қарақұсқа бекітілетін бауды «шибау» дейді. Тоқылып болған шидің бас аяғын тегістеп қырқады, кейбір шеберлер осы қырқылған шидің екі жақ шетін әдемі матамен көмкеріп тігеді.
Венн диаграммасы стратегиясы:
Біріншісі: Далада өсетін өсімдікті шидесек;
Екіншісі: Шиден оралатын бұйымды ши дейді.
Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар.



Геометриялық фигуралар стратегиясы:Соның ішіндегі төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз, қиықша, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл, майда, жұлдызша өрнектері ел ішінде кеңінен тараған.


Сабақтың тақырыбы: «Ши тоқу технологиясы»
Сабақтың мақсаты:
а) Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру,ұлттық дәстүрге тәрбиелеу;
ә) Ғасырлар бойы дамып келе жатқан ши тоқуды үйрену;
б) Оқушылардың тақырып төңірегінде ой қозғай білуге шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Құрал-жабдық: ши тоқитын қондырғы,ши,жіп.Жүн,суреттер.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін 1-2 минут сергіту жаттығулары. Балалар мен сендерге бірнеше сөз оқимын,соны тыңдап алыңдар.
Сәукеле,қамзол,шапан,шолпы,тақия,білезік,тон,бөрік,шашбау.
Осы сөздерді неше топқа бөлуге болады?
Бірінші сөзді ата......
Өткен сабақта ши тоқу өнері туралы әңгімелегенбіз. Халқымыздың өрнекті өнерінің бірі шиді жүнмен орап,оны өрнектеп тоқу ісі.Қолөнердің барлық түрлері сияқты ши тоқу, оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқан өнер мұрасы.
Ертеде ши тарту,оны аршу,орау,жүн орап тоқу науқан сияқты,ауыл адамдарының бәріне ортақ жұмыс болған.Ши тартуға ауылдың қыз-келіншектері мен жігіттері жиналып,орталарына соятын қойын,қымызын дайындап,домбыраларын алып, ұйымдасқан түрде кірісетін.Қазақтың «Ши тарту биі», «Ши шымылдық» дейтін ұлттық ойындары содан қалған.
Сұрақ. Шиді қай кезде тартуға болады?
Тоқылатын ши мал аяғы баспаған жерден,әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді күз айында таңертең,кешке немесе жаңбырдан кейін шық кетпей тарту керек.
Сұрақ. Ши бұйымдарын жалпы көрінісіне қарай? Қандай шилерге бөледі?
Үш түрге бөледі: ақ ши,ораулы ши,шым ши.
а) Ақ ши оралмай құр өзі тоқылады.Қолданылуы: ақ ши киіз басуға,өреге,құрт жаюға,мал сойғанда еттің астына төсеуге арналады.
ә) Ораулы ши тоқу кезінде оралған ши мен ақ шиді топтап 20-30 шиді алма кезек өн бойына тұтас емес аралатып ттқыған шиді орама ши дейді.Орама ши киіз үйді айнала тұтуға,киіз ескі сыртынан ұстауға керек.
б) Өн бойына түгел оралған өрнекті шиді шым ши деп атайды.
Шым ши киіз үй керегесіне,ыдыс аяқ жаққа тұтуға,үлкен үйдің ішін бөлмелеуге,қоршауға,ас су тұратын жерді бөлуге арналады.
Ши ораудың 2 әдісі бас:
1) тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау;
2) жаңа өрнек үлгісімен орау.
Біз өткен сабақта шиді тазалап,жаңа өрнек үлгісімен оруды бастаған болатынбыз, сол жұмысымызды жалғастырып, 2 топпен сарамандық жұмыс істейік.
Сұрақ. Ши тоқитын қондырғының құрылысын түсіндір.
1-топ жүн орайды. 2-топ шиді тоқуды жалғастырады.Сабақ барысында халық күйі «Көкейкесті» баяу ойналып тұрады.Жұмыс барысында 2 топ өнер туралы мақал-мәтел айтудан жарыса отырып,өнегелі сөздің мағынасын түсіндіреді.
Мысалы.
Кейбіреулер көрмекке бар,
Өрнекке жоқ.
Олжаның үлкені үйренгенің.
Үйренгенің өзіңе құт, істегенің еліңе құт.
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің сөзі ортақ .Еңбек – өнер өрісі ,
Өнер- өмір жемісі.
Шиді орағанда оның түп жағы мен
Шашақ жағын үнемі кезектестіре салып отыру керек, әйтпесе шидің бір жағы жұқа ,
майысқақ болып екінші шеті қалындап кетеді. Қорыты келгенде,колөнердің басқа түрлеріне қарағанда ши тоқу әлдеқайда арзанға түседі. Әрі төзімді келеді. Халық шаруашылығында шиді орап токумен қатар шиді, қамысты , сыптығыр бұталарды байланыстырып тұрғын үй, мал қора салу, қар
тоқтататын қалқандар тоқу, төсеніш жасаудың маңызы зор болған . сондай -ақ бұта,шыбық, ши, қамысты өзімен өзін өткерлеп тоқу әдісі, әсіресе жеңіл арбаларға , балық ұстайтын ау және зат салатын түрлі ыдыстар тоқу да кобірек қолданылған. Сол өнерді жетілдіріп , бүгінгі күн талабына сай керегімізге жарата білу үшін бүгінгі ши тоқуды үйренуге арналған сабағымыздың көмегі көп .
Экономикалық есеп
№ Атауы Саны Құны
1 ши 105 420
2 Түрлі-түсті жүндер 10х150 1500
3 жіп 2 300
4 Жұмсалған уақыт 56 сағат х122 6832
Барлығы: 9052т.



Жарнама
Бұл қазақтың қолөнері,
Безендірсең терезені,
Кел тоқиық шиді!
Безендірер үйді.


Қортынды
Қорытындылай келе, бұл көрсетілген педагогикалық жобалау іс-әрекеттің жиынтығы орындалған жоба жұмыстарының нәтижелерінің бағалануы негізінде әрбір жеке тұлғаның жеке дара даму деңгейін анықтап беретін, ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттілігінің көрсеткіші ғана емес олардың жан-жақты дамуы мен болашақта дұрыс таңдау жасай алу жолдарында ерекше орын алады деп есептейміз.Ең маңыздысы, осы жоба әдісі арқылы ұлттық дәстүрлер мен ұмыт болған қолөнерімізді қайта жандандырып, барын жаңартып, көнесін ескінің көзі деп сақтауға үйретіп, оларды күнделікті тұрмыста, отбасында, ұрпақ тәрбиесінде қолдана білуіміз керек. Бұл жеке тұлғаның уақыт талабына сай адам болып тәрбиеленуі мен білім алуына негіз болады деп ойлаймыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Бешенков А.К. Технология. Технологияныоқытуметодикасы. 5-9 сынып: методикалық кешен.2. Лернер П.С. «Технология» бойынша жобалау// Мектеп және өндіріс.-1996. 3. Матяш Н.В Технологиялық білім саласындағы жобалық оқыту әдістемесі.// Педагогика. -№4. 4. Республикалықәдістемелік журнал. -Алматы қаласы, Педагогика-№2